М. А. Галимжанова п.ғ. к., Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, «Өрлеу»



Pdf көрінісі
бет16/85
Дата19.03.2022
өлшемі2,35 Mb.
#136074
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Байланысты:
Даулетова-Н. (16)

Екі типті сұрақтарда 
сарапшылық бағалауды қажет етпейді, «иә» 
немесе «жоқ», «өзгереді» немесе «өзгермейді», «келісемін» немесе 
«келіспеймін», «дұрыс» немесе «бұрыс» деп жауап берілетін сұрақ түрі. 
PISA тест тапсырмаларының құрылымы мәтінді толық түсінуге бағыттала 
отырып, 
үш оқырмандық біліктілікті
 
және соған қатысты іс-әрекеттерді 
орындауды талап етеді. Біріншісі, қажетті ақпаратты 
табу,
оны жалпы мәтіннің 
мәнмәтінінен шығарып 
алу 
(ақпаратты, іріктеу және жинаумен байланысты 
дағдылар), екіншісі, 
біріктіру және түсіндіру
(мәтінді түсіну үшін оқығанын 
өңдеу, оқырманның ойы мен автор идеясын бір арнаға тоғыстыру), үшіншісі, 
түсіну және бағалау
(білімге, идеяға, мәтіннің мазмұнына сүйену, түсінгенін 


11 
тұжырымдау және мәтін ақпаратының мазмұны мен түріне жеке көзқарасын 
білдіру, берілген ақпарат негізінде болжамдар жасау).
Оқырмандық шеберлік деңгейіне қарай PISA тест тапсырмалары ең 
қарапайым тапсырмадан тым күрделі тапсырмаға ауысып отырады. Әрбір тест 
тапсырмасы 15 жасар білім алушының өмірінде кездесетін шынайы оқырмандық 
мәселе жағдайын құрайды (2-сурет). 
 
2-сурет. Мәтінді толық түсінуге бағытталған үш оқырмандық біліктілік 
Барлық келтірілген оқырман біліктілігі өзара байланысты және бірін 
орындау екіншісінің табысты орындалуына ықпалын тигізеді. Бірінші амалды 
(
табу және алу
) орындай отырып, білім алушы мәтін ақпаратының жекелеген 
бөліктеріне, үзінділеріне тоқталады. Екінші амалды (
біріктіру мен түсіндіру

орындау барысында білім алушы осы бөліктерді бір арнаға жүйелейді, 
тоғыстырады. Ал үшінші амалда (
түсіну және бағалау
) білім алушы мәтіндегі 
ақпаратты мәтіннен тыс ақпаратпен байланыстыру арқылы ұғынғанын, оның 
мәнін түсіну шеберлігін көрсете алуы тиіс (3-сурет). 
3-сурет. Оқырмандық біліктілік. 


12 
Зерттеуге қатысушылардың когнитивтік дағдылары деңгейлік шкала 
бойынша бағаланады. Құзыреттер деңгейінің өлшемшарттары оқу сауаттылығы 
PISA-да негізгі болғанда ғана қайта қарастырылады. Бұл зерттеудің 
құрамындағы өзгерістерді, бағалау үшін әзірленген жаңа тапсырмаларға 
қойылатын талаптарды көрсетуге мүмкіндік береді.
Ең оңай деңгейден (1б) білім алушылардан ең жоғары құзыреттерді талап 
ететін ең күрделі (5 және 6) деңгей лердің тапсырмаларымен оқу сауаттылығы-
ның жеті деңгейіне бөлінеді (4-сурет). 
4-сурет. Оқу сауаттылығының жетістік деңгейлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет