Оқу сауаттылығын бағалау бойынша PISA халықаралық зерттеуіне білім алушыларды дайындайтын тест тапсырмаларының үлгілері 1 №1-МӘТІН. ҚАН ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ 2 Қан тапсырудың маңызы өте зор. Адам қанын
толық алмастыра алатын зат жоқ. Сондықтан қан
тапсыру ауыстырғысыз және адам өмірін құтқаруда
маңызды роль атқарады.
Францияда қан құю жыл сайын 500 мың аурулардың
азабын жеңілдетеді.
Қан алу үшін стерильді бір қолданарлық құрал саймандар қолданылады
(шприц, түтіктер, контейнерлер).
Қан тапсырып, сендер ешқандай қауіпке ұшырамайсыңдар.
Қан тапсыру – тегін көмек көрсетудің ең белгілі түрі. Небәрі 45 минуттан
1 сағатқа дейін ғана уақыт алады.
Донордан 450 мл және талдау мен тексеру үшін тағы бірнеше тамшы қана
алады.
-
Ер адам жылына 5 рет, әйел адам 3 рет қан тапсыруына болады.
-
18-ден 65 жасқа дейінгі адамдар донер бола алады.
-
Әрбір келесі қан өткізу алдындағы міндетті үзіліс 8 аптаны құрайды.
«Қан тапсыру туралы хабарландыру» мәтіні ғаламтордағы француз
сайтынан алынған.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда келтірілген «Қан тапсыру туралы хабарландыру» мәтінін пайдаланыңыздар.