2 бөлім. Растрлық графика
Дәріс №8. Adobe Photoshop программасының құрылымы
Программа интерфейсі
Файлдарды жүктеу мен импорттау
Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандары
Программа интерфейсі. Программаның негізгі басқару элементтері Меню қатары мен Саймандар панелінде жинақталған. Бұдан басқа Adobe компаниясының программаларында ерекше сұхбат терезелері – саймандар палитрасы қолданылады.
Файлдарды жүктеу мен импорттау. Photoshop графикалық редакторы түзу үшін емес суреттерді өңдеу үшін арналғандықтан, онымен жұмысты жүктеуден (файл - ашу) командасымен немесе дайын бейнелерді импорттаудан бастайды.
Импорттау деп – сканерден, цифрлық фотокамерадан немесе басқа да енгізу құрылғыларынан алынған бейнені енгізуді айтады. Импорттау файл – импорттау командасы арқылы орындалады. Графикалық редактордың сыртқы құрылғылармен байланысы TWAIN стандарты арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |