М. А. Медетбекова 022 ж № бұйрығына қосымша


ІІ.3. Жарысқа қатысушы МҰҒАЛІМ ПОРТФОЛИОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет5/5
Дата08.03.2022
өлшемі31,21 Kb.
#134632
түріКонкурс
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жаңа Қазақстан

ІІ.3. Жарысқа қатысушы МҰҒАЛІМ ПОРТФОЛИОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:



  1. «ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ» ЖОБАСЫНА қатысуға арналған
    ӨТІНІМ

Мені «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ» байқауына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

1

Жарыс атауы

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ»

2

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)




3

Жұмыс орны




4

Туған күні, айы, жылы




5

Лауазымы




6

Педагогикалық өтілі




7

Педагогикалық санаты




8

Білімі (қандай оқу орнын, факультеті, қай жылы бітірді




9

Индексі көрсетілген үйінің мекенжайы




10

ЖСН




11

Байланыс телефоны (үй, ұялы), электронды поштасы















Қосымша: конкурсқа қатысу құжаттары _____ парақ. ( Марапаттарының (грамоталары, мақтау қағаздары, алғыс хаттар, сертификаттар) сканерленген көшірмелері))
Өтінімнің толтырылған күні_______________________________
Қатысушының жеке қолы______________________
Білім беру ұйымы басшысының қолы, мөрі_______________

  1. «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ» тақырыбында жазған эссе немесе сабақ үлгісі bilimshini.kz ақпараттық сайтының «ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ» бөлімінде жарияланғанын растайтын QR-ы бар Сертификат скайнерленген нұсқасы;

  2. Эссеге қойылатын талап: форматы doc, кегель 14, шрифт Times New Roman, 2-беттен аспайтын ұсынылған тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма).



  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығына сәйкес жасалған 1 сабақ үлгісінің bilimshini.kz ақпараттық сайтында жарияланғанын растайтын QR-талған Сертификаты (скайнерленген нұсқада);

Сұраныстар мен материалдар jaqsy.mugalim@mail.ru электронды почтасында қабылданады.
Жинақтауға жауапты Динара Құралбекова – байланыс телефоны: 8708 317 6516
Мұғалім материалын жариялап, сертификат алатын электронды журнал сілтемесі - http://bilimshini.kz/ сайты. Осы сайтқа кіріп, ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ деген бөліміне өтіп, пәнін таңдап, сол жерден материалын жариялауға болады.
Материалын жариялаған соң, автоматты түрде СЕРТИФИКАТ беріледі сайттан QR кодпен. (Бірден жүктеп алуға болады).


III. Конкурс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау


III.1 Конкурстың қорытындысы бағалау критерийлерімен және конкурстық комиссияның хаттамасымен анықталады.
III.2 Жиынтық хаттаманың шешімі бойынша конкурс жеңімпаздары (Гран-при) және жүлдегерлері (1,2 және 3 орын) анықталады.
III.3 Қазылар алқасының мүшелері номинациялар мен жүлделі орындарды беру/бермеу құқығын өзіне қалдырады.

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ» Жобасы аясында өтетін республикалық кәсіби шеберлік конкурсты /II кезеңін/ ұйымдастыру және өткізу туралы
ЕРЕЖЕСІ

Осы Ереже мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы барлық педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының (бұдан әрі – ТжКБ), ( бұдан әрі – конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, оны ұйымдастыру, өткізу, қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындайды.





  1. Жалпы ережелер

1.1 Осы ереже нормативтік –құқықтық актілер негізінде әзірленді:


-«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-1 заңы;
- Қазақстант Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі.
1.2 Конкурстың ұйымдастырушысы Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы болып табылады.
1.3 Әдістемелік, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының «Адами әлеуетті дамытуды үйлестіру» бөлімі жүзеге асырады.
1.4 Конкурсты өткізу бойынша ағымдағы және ұйымдастыру жұмысын ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі Ұйымдастыру комитеті) жүзеге асырады.



  1. Конкурстың мақсаты




  • педагогикалық мамандықтар және жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру. Конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және танымал ету.


  1. Конкурстың міндеттері




  • педагогтерді кәсіби-педагогикалық құзіреттіліктерді жетілдіруге ынталандыру;

  • педагогтердің кәсіби шеберлігін ашу және оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын, әдістерін және құралдарын көрсету;

  • педагогикалық процесс үшін құнды болып табылатын үздік педагогтер мен олардың тәжірибесін анықтау.


  1. Конкурс қатысушылары

4.1 Конкурсқа ТжКББ ұйымдарының педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беру пәндерінің педагогтері қатысады.


4.2 Конкурсқа, лауазымында кемінде 3 жыл педагогикалық өтілі бар, мамандығы бойынша әр пәннен 1 педагогтен қатыса алады.
4.3 Конкурсқа қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби біліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді пайдалануды, жоғары педагогикалық әдеп мәдениетін және кәсіби-педагогикалық шеберліктерін меңгергендігін көрсетуі тиіс.



  1. Конкурстың өткізілу мерзімдері

5.1 Конкурс онлайн форматта өткізіледі.


5.2 Конкурстың қалалық кезеңі 2022 жылдың 15-22 ақпан аралығында өткізіледі.
5.3 Республикалық және халықаралық кезеңдері мамыр, қыркүйек айларында өткізіледі.



  1. Конкурстың мазмұны

6.1 Конкурс тапсырмаларының мазмұны конкурста берілетін практикалық тапсырмаларды орындауды көздейді.


6.2 Конкурс өз бейіні/мамандығы бойынша маманның кәсіби құзіреттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
6.3 Конкурстық тапсырманың форматы.
1 кезеңнен өткен педагогтер мамандықтары бойынша «Әдістемелік жоба» жұмыстарын ұсынады. Форматы: Оқытудың формаларын, құралдарын,әдістерін заманауи педагогикалық технологиялардың элементтерін ашатын белгілі бір тақырып бойынша әдістемелік әзірлемелер.
Байқаудың мәні педагогикалық процесс үшін құнды болып табылатын кез-келген пән бойынша әдістемелік әзірлемелер болып табылады. Материалдың тақырыбы білім беру сипатына ие болуы керек, ғылыми фактілерге, этикалық нормаларға қайшы келмеуі керек.
Конкурстық материалдар авторлық, яғни тікелей конкурсқа қатысушы әзірлеген болуы тиіс.
Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:
мәтін Word редакторы форматында орындалады; парақ өлшемі –А4, барлық өрістер (төменгі, жоғары, сол, оң) – 1,5 см, Times New Roman қарпі, шрифт өлшемі - 14 кегль, жолдар арасындағы қашықтық-бір интервал;


Жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар:



  1. дамудың педагогикалық құндылығы, білім беру процесінде кеңінен қолдану мүмкіндігі;

  2. ұсынылған материалдың өзектілігі, білім берудегі заманауи үрдістерге сәйкестігі;

  3. тақырыптың жаңашылдығы, өзектілігі, ғылымилығы;

  4. практикалық маңыздылығы;

  5. плагиатқа қарсы анықтамасы немесе осы тақырып бойынша жалпылама сертификаттың, авторлығын растайтын құжаттың болуы тиіс.

Байқалатын аспектілер: ұсынылған педагогикалық тәжірибенің оқу-тәрбие процесі үшін маңыздылығы; оқу процесіне білім беру технологияларын әзірлеу және енгізу процесіндегі инновациялық және эксперименттік қызмет; педагогтердің әдістемелік әлеуеті мен кәсіби құзіреттілігінің айқындылығы.
Ең жоғары ұпай-50 ұпай.
«Әдістемелік жоба» сырттай бағаланады.
Мерзімі 2022 жылдың наурыз айының 10-15 аралығы.


7. Конкурс материалдарын ұсыну мерзімдері мен тәртібі
7.1 Ережеге сай материалдар сырттай бағаланады.
7.2 Материалдардың мазмұнының айқындылығы және бұрын басқа сайттарда жарияланбауы қажет.
7.3 Байқау Ережесіне сәйкес келмейтін материалда қарастырылмайды.
7.4 Жарысты қорытындылау. Материалдар қабылданып біткен күн 2022 жылғы наурыз айының 15 –нен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жарияланады.


8.Ұйымдастыру комитетінің, конкурстың қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру


8.1 Республикалық конкурсты өткізу үшін ұйымдастыру және техникалық комитеттері құрылады, ол осы Ережеге сәйкес әрекет етеді.
8.2 Ұйымдастыру және техникалық комитеттері мен қазылар алқасының құрамын Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы анықтайды.
8.3 Ұйымдастыру Комитетінің атқарымдары:
-қатысушылардың тізімін, жұмыс тәртібін,Конкурсты өткізудің нысанын. Орны мен уақытын қалыптастыру;
-техникалық комитет пен қазылар алқасының жұмыс тәртібін қалыптастыру.
8.4 Техникалық Комитетінің атқарымдары:
- конкурстық тапсырмаларды бағалау критерийлерін әзірлеу және бекіту;
-конкурстық ведомостарды дайындау;
-конкурсқа техникалық қолдау көрсету.
8.5 Конкурс қазылар алқасының атқарымдары:
-бағалау ведомостері негізінде конкурсқа қатысушылар рейтингісі бойынша кейіннен оны хаттамада рәсімдей отырып айқындау;


-конкурс кезеңдерінің нәтижелерін есептеу және жиынтық хаттамасын қалыптастыру компьютерлік бағдарламамен автоматты түрде жүзеге асырылады.


9. Конкурс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау


9.1 Конкурстың қорытындысы бағалау критерийлерімен және конкурстық комиссияның хаттамасымен анықталады.
9.2 Жиынтық хаттаманың шешімі бойынша конкурс жеңімпаздары (Гран-при) және жүлдегерлері (1,2 және 3 орын) анықталады.
9.3 Қазылар алқасының мүшелері номинациялар мен жүлделі орындарды беру/бермеу құқығын өзіне қалдырады.
9.4 «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ» атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.


10. Ақпараттық қолдау және қоғаммен байланыс


10.1 Әрбір кезең нәтижелері Конкурс аяқталғаннан кейін жариялануы тиіс. Конкурс қорытындылары Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы сайтында орналастырылады.
10.2 Тақырыпқа сәйкес емес, жарнамалық материалдар Конкурсқа қабылданбайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет