І. 1.Осы Ереже қалалық «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ» жобасын (Бұдан әрі – «ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ» конкурсы) өткізу және оған қатысу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
І.2. «ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ» конкурсын Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының «Адами әлеуетті дамытуды үйлестіру» бөлімі ұйымдастырады.
І.3. «ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ» конкурсын хабарландыру, барлық педагогтерді ақпараттандыру, ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру, жүзеге асыру және келіп түскен жұмыстарды сараптау, жеңімпазды анықтау үшін Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының директоры бұйрығы негізінде ұйымдастыру комитеті мен сараптау комиссиясы құрылады. Ұйымдастыру комитеті мен сараптау комиссиясы құрамына Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының «Адами әлеуетті дамытуды үйлестіру» бөлімінің басшысы, ғылыми дәрежелі мамандар, баспасөз хатшысы, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері енеді.