75
Кт: 1210 Алынуға тиісті
борыштар шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп
берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес
қызметкен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда
бухгалтерлік есепте: Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы
ақша қаражаты»
Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер
шоты түрінде жазу жазылады.
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-
ордер жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген
борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв
құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына: Дт:
7210 Жалпы әкімшілік шығындар шоты 100000 тг Кт: 1290
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 100000 тг
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен
80000 (сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен
шығарылғанда: Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер
шоты 80000 тг
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар 80000 тг
Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно
етіледі. Кәсіпорындар мен ұымдар бұл жағдайда қызыл сиямен
жазу арқылы алынып тасталады.
Дт: 7210 Жалпы және әкімшілік шығындар шоты 20000 тг
Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 20000 тг
Достарыңызбен бөлісу: