70
ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл
борыштардың есебі "Қысқа мерзімді дебиторлық борыш"
бөлімінің шоттарында есептеледі. Есеп беретін уақыттан кейінгі
бір жыл ішінде алынатын дебиторлық борыштар ағымдағы
активтер қатарында есептеледі.
Олардың қатарына жататындар:
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын
ала төленген) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті
борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы
түрлі операциялар негізінде
туындаған дебиторлық борыштар;
-
ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының)
дебиторлық борышы;
- басқадай дебиторлық борыштар.
Алынуға тиісті шотnар бойынша борыштар (дебиторлық
борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен
байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын
болсақ "дебиторлық борыш" дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын
қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған
алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сыйпаттайтын көрсеткіштердің
қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни
дебитолық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу
уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның
дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда
ғана анықталады.
Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың
құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың
құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір
жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар
"Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар" болып есептеледі.
Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты
мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты
пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай
дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жүргізілетін
тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талда-
малық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағазда-
71
рын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер
қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық
операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулар-
дың жиынтығын анықтау үшін керек.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында ұйымның
бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын
барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары
қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас
бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтас-
тырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспон-
денциясын жүргізуге міндетті.
Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың
дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу
жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонден-
цияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы
басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен
дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық
борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып
табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе
жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан
сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен
қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық
және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың
сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
"Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы".
"Күдікті қарыздар бойынша резервтер".
"Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы".
"Басқадай дебиторлық борыш".
"Алдағы кезең шығындары".
"Берілген аванстар".
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар
мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алажақ
сомалары дебиторлық борыш болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: