М. А. Молдашева


ЖОЛ ҚОРЫНА КІРЕТІН САЛЫҚТАР



Pdf көрінісі
бет73/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105
Байланысты:
Молдашева

9.5. ЖОЛ ҚОРЫНА КІРЕТІН САЛЫҚТАР 
Жол  қоры  туралы  Қазақстан  Республикасының  заңнамалары 
мен  ережелеріне  сейкес,  жол  қорын  қалыптастыру  көздері 
болатындар: 


 
108 
- автомибиль жолдарын пайдаланушылардың қаржылары; 
- ҚР-ның  территориясына  кіру,  шығу,  және  транзитті  жүріп 
өту; 
- ұсақ  сақтаудада  өткізілетін  бензин  мен  дизель  отынан  сату 
үшін алым; 
- ақылы  мемлекеттік  автомобиль  жолдары  бойынша  журіп 
өту үшін жол ақысы. 
Жол  қорына  автомобиль  пайдаланушылардың  ай  сайынғы 
қаржы төлеушілері болып заңды тұлғалар саналады. 
Төлемдерді есептеудің мөлшері болатындар: 
1. биржалық  қызмет  жасайтын  заңды  тұлғалардан  оларға 
көрсетілген қызметтері үшін ақшасының көлемі; 
2. сақтандыру қызметін көрсететін заңды тұлғалардан төлем-
дер  мен  сақтандыру  резервтерін  қоса  арасындағы  айырмасының 
сомасы; 
3. банк  қызметін  көрсететін  заңды  тұлғалардан  былтырғы 
жылдағы жиынтық табыстың көлемі
4. дайындау, сауда, жеткізу - қызметімен айналысатындардан 
төлеуден  бір  ай  алдындағы  көтерме,транзитті,  қойма,  ұсақ  тағы 
басқа айналым; 
5. өндірістік  қызмет  жасайтын  заңды  тұлғалардан  өткізу 
бойынша  нақты  бағалармен  өткізілген  өнім,    орындалған 
жұмыстар, көрсетілген қызметтердің нақты көлемі
Автомобиль  жолдарын  пайдаланушылардың  ішінде  төлем 
төлеуден төмендегі заңды тұлғалар босатылады: 
-  Қазақстан  Республикасының  мүгедектер  ерікті  қоғамы, 
Қазақстан  соқырларының  қоғамы,  Қазақстан  кереңдерінің 
қоғамы, ақыл-ой және дене дамуының кемістігі бар балалар мен 
жасөспірімдердің  әлеуметтік  үйренуі  мен  еңбек  реабилитациясы 
орталығы  және  Ауғанстан  соғысы  ардагерлерінің  Қазақстан 
республикалық  ұйымы,  Қызыл  Жарты  Ай  мен  Қызыл  крест 
қоғамының  Ұлттық  комитеті,  балалар  қайырымдылық  қорлары, 
сондай  -  бұл  қоғамдардың  меншігіндегі  және  олардың 
қаржылары есебінен құрылған өндірістік ұйымдар; 
-  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
-  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  тізімімен  белгіленген 
халықаралық ұйымдар, т.б.; 
Қазақстан  Республикасының  территориясына  кіру,  шығу 
және  транзитті  жүріп  өту  үшін  ақылы  төлеуді  халықаралық 


 
109 
тасымалдау жасайтын заңды және жеке тұлғалар жүргізіледі, ақы 
төлеуді  есептеу  тәртібі  мен  мөлшері  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметімен белгіленеді. 
Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүріп өту 
үшін  төлемақының  мөлшерлемелері,  тәртібі  мен  шарттары 
Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді. 
Көлік құралдарының иелерінен салықты көлік құралдары бар 
кәсіпорындар мен азаматтар жыл  сайын  төлейді. Салықты төлеу 
туралы  квитанция    немесе  төлем  тапсырмасын  көрсетпей,  көлік 
құралдарының  тіркеу,  қайта  тіркеу  мен  технткалық  байқау 
өткізілмейді.  Бұл  салық  №3170  "Көлік  құралдарыа  салық" 
пассивті шотында бейнеленеді. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет