М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014



бет14/56
Дата04.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#109030
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Апостериорлық білім - (лат. a posteriori – келесіден) – тәжірибенің нәтижесінде алынатын білімді анықтайтын термин.

Антиномия - (грекше - заңның өзіне-өзі қайшы келуі) - 1) зат туралы eкeyi де кайшылықты пiкipлepдiң бірлігі, бұл пікірлердің логикалық негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылмайтын қайшылық.

Ақиқат - танушы субъектінің объектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және тәуелсіз көрсетуі; сезімдік, эмпирикалық тәжірбиенің, ұғымдардың, идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және диалектикалық дамушы дүниенің тұтас бейнесінің объективті мазмұны. Тағы бip анықтамасы, ақиқат - өмip шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, практика, сайып келгенде оның өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамасы заттарға және олардың тілмен тұжырымдалу тәсілдеріне емес, нақты ойға қатысты. Философияда ақиқатты түсінудің дәйекті материалистік негіздемесін тұжырымдап, оны зерттеудің жаңа диалектикалық аспектілері кызмет етеді (Объективті ақиқат, Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат, Ақиқаттың нақтылығы, Ақиқат өлшемі, Теория мен практика).

Аксиомалық әдіс - (грек, axioma - мақұлданған кағида) - белгілі теорияда дәлелденбейтін тұрғыда алынатын және одан (немесе оның, жиынтығынан) теорияның барлық басқа сөйлемдері ондағы тұжырымдау ережелері бойынша (салыстыр: постулат) қорытып шығарылатын қайсыбір ғылыми теорияның бастапқы тұжырымы (сөйлемі).

Анализ (талдау) - нысанасын бөлшектеуден тұратын ғылыми танымның маңызды әдістерінің бірі. Ол қашанда мазмұн деңгейінде әлдебір тұтастық ретінде белгілі бip кұрамдас бөлшектерге, элементтерге, аспектілерге, қосымша жүйелерге беріледі.

(грек, analysis - бөлу, synthesis - қосу) жалпы мағынасында ойдағы немесе фактілік процестердегі бутіннің құрылымдық бөліктерге, ал бөліктердің бүтінге айналуы. Анализ және синтез ойлаудың логикалық әдісі ретінде оның барлық деңгейлері мен ойлау операцияларында (абстрактілеу, жалпылау) қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет