5 сынып математика Жай бөлшектерге амалдар қолдану (қайталау сабағы)
Математика пәнінің мұғалімі: Өмірзақ А.Қ.
Математика- ақыл,ойды ретке келтіретін ғылым.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру. Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау. Жай бөлшектерге байланысты тарихи құжаттармен таныстыру. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.
Қайталау сұрақтары:
1. Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді, алымы нені көрсетеді?
2. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреді?
3. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосады?
4. Аралас сандарды азайту амалы қалай орындалады?
5. Бөлшектер қалай көбейтіледі?
6. Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеміз?
7. Аралас сандар қалай көбейтіледі?
8. Өзара кері сандар деп қандай сандарды атайды?
9. Санның бөлігін қалай табады?
10. Бөлшекті бөлшекке бөлу қалай орындалады?
11. Аралас сандарды бөлу амалы қалай орындалады ?
12. Натурал сандарды бөлшекке бөлу қалай орындалады?