М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014



бет21/56
Дата04.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#109030
түріСеминар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Ғылымның даму заңдылықтары - қолдан жасалу сипатына қарамастан, ғылымның жүйе ретінде бipқатар объективтік дау заңдылықтары бар. Олардың аса маңыздылары: 1) узіліссіз дискреттік сипат (оның сапалы ceкірістеpi, когнитивтік мазмұнының кұрылымының және әлеуметтік мәдени қызметтерінің революциялық өзгеістеpi бар дамуында эволюциялық кезеңдердің алмасып отыруы, бұл біртұтас ғылымның өзінің де, оның жекелеген салалары мен теорияларына да қатысты); 2) ғылыми мағлұматтың, ғалымдар саны мен ғылымға жұмсалатын материалдық шығындардың экспоненциалдық өcyi; 3) білімдік және институттік көзқарас бойынша ғылым кұрылымын күрделендіру; 4) ғылымның мәдениет жүйесінде, әcipece материалдық қызмет және т.б. саласында салыстырмалы салмағының артуы.

Дедуктивизм - (лат. deductio - беліп шығару) - ойлау процесіндегі жалпыдан жекеге өтудің, жекені жалпыдан бөліп шығарудың амалы, логика мен ғылым методологиясындағы логика ережелерін қолдану арқылы алғышарттар есебінде берілген пікірлерден тұжырымға өтуді білдіретін ой қорыту үрдісі. Дедукция атауы логикалық ой қорытудың жалпылама формалды теориясын да, нақтылы ой тұжырымдау процесін де белгілеу үшін қолданылады. Таным теориясында дедукция ғылыми теорияларды дедуктивтік теориялар санатына жатқызып, әдістің өзін аксиоматикалық - дедуктивтік әдіс деп те атайды. Философия тарихында эмпиризм өкілдері (Декарт, Лейбниц, т.б.) дедуктивтік әдісті ғылыми танымның ақиқатқа бастайтын бірден-бір сара жолы деп қабылдады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет