М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014



бет41/56
Дата04.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#109030
түріСеминар
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Позитивизм - нағыз шын, «жағымды» (позитивті) білімді жеке, арнайы ғылымдардың және оларды біріктірудің нәтижесінде ғана алуға болады және философия шындықты өз бетінше зерттеуге ұмтылатын ерекше ғылым ретінде өмір сүруге құқы жоқ деген принципке негізделен философиялық бағыт. Оның негізін қалаушы - француз философы О.Конт (1798-1857 жж.). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б. ұғымдарға, абстрактілік ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, ceбeбi, тек тәжірбие немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына, математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзінің дамуында төрт кезеңнен өтті: 1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп пайымдайды. Бұл кезеңнің өкілдері - О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль. 2) махизм - Э.Мах және эмпириокритицизм - Р.Авенариус. 3) неопозитивизм - К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун, Б.Рассел, Л.Витгенштейн, Р.Карнап. 4) постпозитивизм - П. Фейерабенд.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет