М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014



бет42/56
Дата04.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#109030
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Персонализм - (лат. persona — тұлга) — Лейбниц монадологиясынан басталып, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында философияда таралған идеалистік ағым. Персонализмнің ерекше белгісі — «тұлғаны» бастапқы реалдылық және ең жоғары рухани құндылық деп тануы, және де «тұлға» болмыстың рухани басты элементі ретінде ұғынылады. Дүниенің ғылыми-материалистік тұрғыдағы түсінігіне персонализм табиғат рухтар «тұлғалардың» жиынтығы деп есептейтін концепцияны (плюрализм) қарсы қояды. «Жоғарғы тұлға» құдіретті құдай (теизм). АҚШ-та персонализм негізін қалаушы Б. Боун (1847-1910) болды. Персонализмге АҚШ-та, сондай-ақ, М. Калкинс (1863-1930) пен А. Кнудсон (1873-1964) қосылды. Американ философиясындағы оның басты өкілдері мыналар: Калифорния мектебінің лидерi Р. Флюеллинг (1871-1960) пен Бостон мектебінің лидері Э. Брайтмен (1884-1953). Бұлардың бәрі де персонализмді протестанттық теологиямен байланыстырады. Англияда персонализмнің неғұрлым белгілі өкілі X. Керр (1857-1931), Германияда - психолог В. Штерн (1871-1938) болды. Алайда олардың ілімінде американ персоналистеріне тән теологиямен тікелей байланыс болған жоқ. Негізгі әлеуметтік міндет персонализмге сәйкес, дуниені өзгерту емес, «жеке адамды» өзгерту, яғни оның «рухани жағынан өзін-өзі жетілдіруіне» жәрдемдесу. Француз персоналистері ерекше бағыт ұстанады, олардың негізін қалаушылар - Э. Мунье (1905-50) және К. Лакруа (1900 ж. т.). «Esprit» журналының төңірегіне (1932 ж. негізі қаланған) біріккен интеллигенцияның бұл тобы француз қарсыласу қозғалысына қатысқан, ал қазір бейбітшілік пен буржуазиялық демократияны қорғау жолында күрескер солшыл католиктік топтардың өкілдері болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет