М. Х. Дулати атындағы Тарму-нің доценті, ҚР-ның құрметті спорт қайраткері



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата26.05.2020
өлшемі364,4 Kb.
#71255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Mamyrkulov Shasospirim

Кіріспе 

 

Қазіргі  кезде  білім  беру  мекемелерінің  алдында  тұрған  міндеттердің 

бірі  –  жас  ұрпақтың  салауатты  өмір  сүруге  көзқарасын  қалыптастыру, 

олардың  денсаулығын  сақтауға,  қоршаған  ортасын  таза  ұстауға  және 

жоғары,  сапалы  білім  алып,  сол  білімді  келешектегі  өмірінде  пайдалана 

білуге тәрбиелеу. 

Өмір  салты  мен  денсаулық  арасындағы  өзара  байланыс  салауатты 

өмір  салты  ұғымын  құрастырады.  Салауатты  өмір  салтын  насихаттауда, 

салауатты  өмір  сүру  мәдениетін  қалыптастыру  мәселелерін  жетілдіретін, 

осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты 

оқыту,  тәрбиелеу  формалары  мен  жаңа  әдістерді  ұстанатын  білім  де 

қажет.  Мектеп  оқушыларының  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру 

туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға 

берік  тірек  болады.  Мектеп  оқушыларының  салауатты  өмір  сүру 

мәдениетін қалыптастыру бұл: 

 - 


Біріншіден,  жеке  тұлғаның  өзін  қоршаған  жансыз  және  жанды 

табиғи  ортамен  жан  –  жақты  үйлесім  тауып,  өз  ғұмырын  Отаны,  елі, 

отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру; 

 - 


Екіншіден,  салауатты  өмір  салты  –  ол  денсаулықтың  үйлесімді 

дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты 

нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу. 

Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты 

мақсаты: 

тұлғаның 

психологиялық, 

дене-қимыл 

әрекеттерінің 

мүмкіндіктері  мен  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  гигиеналық  ұғымдарды, 

салауатты  өмір  салтының  уәждамаларын,  жеке  бас  тазалығын  жете 

түсіндіру; 

Олардың  мінез-құлқында  белгілі  гигиеналық  тұрақтылықты 

қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени 

– 

гигиеналық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 



Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  үшін  қандай  жағдайларға 

назар аудару керек? 

Өмір салты дегеніміз не? 

Бұл  жеке  адамның  тіршілік  етуге  бағытталған  мүмкіндіктерін 

қалыптастыру.  біздіңше,  адамның  әлеуметтік-психологиялық  және 

биологиялық  жақтан  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға  мына 

жағдайлар негіз бола алады: 

белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі 



немесе спортпен шұғылдану; 

физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; 



жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; 

қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету; 






дұрыс жыныстық тәрбие алу; 

зиянды әдеттерден аулақ болу. 



Салауатты  өмір  салтының  бүгінгі  маңызды  мәселелерінің  бірі  – 

жасөспірімдер  арасындағы  ішімдікке  салыну  десек,  қазіргі  зерттеулерге 

қарағанда,  оған  салынудың  әлеуметтік-патологиялық  дамуы  мына 

себептерге байланысты екені белгілі болып отыр: 

әлеуметтік – экономикалық жағдай; 



отбасындағы психологиялық орта; 

жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б. 



Сондықтан  балаларды  жасынан  салауатты  өмір  салтына 

қалыптастыруға  күш  салып,  зиянды  әдеттерден  сақтандыруымыз  керек. 

Денсаулық  тәрбиесі  –  ортақ  мәселе.  Халық  санының  өсуі,  оның  сапасы, 

деннің  саулығы  мемлекет  әл-ауқатының  дамуына  мұрындық  болады. 

Сондықтан  да  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев 

«Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының 

стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның 

бірі  –  жер  үстіндегі  байлық  деп  отырғанымыз  –  адам,  оның  білімі  мен 

іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді. 

Дене  тәрбиесі  сабағында  жаңа  инновациялық  технологиялардың 

тиімділігі. 

Білім  –  қоғамды  тұрақтандыратын,  рухани  мұраны  сақтайтын, 

ұрпақты  ұрпаққа  сабақтастыратын  құрал.  Қолда  бар  мүмкіндікті 

пайдаланып  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  тиімді  қолдану,  жаңа 

технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды 

халықтың  дәстүр  үрдісінде  адамгершілікке,  салауатты  өмір  сүруге  баулу 

дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. 

Олай  болса,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  ой  елегінен  өтетін  әдіс-тәсілдерін, 

жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, 

оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. 

Өзімнің  «Акробатикалық  жаттығулар»  атты  сабағымда  алдымен 

оқушыларға  өткен  тақырыптарға  байланысты  сұрақтар  бере  отырып, 

бүгінгі  жаңа  сабақтың  қандай  тақырыпта  өткелі  тұрғанын  ашып  алдым. 

Сабақ  барысында  оқушыларға  жеңілдетілген  логикалық  сұрақтар  беріп, 

кейін  күрделі  сұрақтарды  тапсырма  ретінде  бердім.  Сұрақтарға 

байланысты  жауабын  тапқан  оқушы,  сол  жерде  практикалық  түрде 

орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы 

мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, 

білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге 

өз тұғырнамасы болуы қажет. 

Олар мыналар: 

Әр оқушының  білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну; 



Оқушының  бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау; 




Оқушыларға  қиындықтарды  жеңуге,  кемшіліктерден  арылуға 

көмектесу; 

Дене  шынықтыру  пәнінің  басқа  пәндерге  қарағанда  көптеген 

ерекшеліктері  бар.  Мұнда  негізінен  оқушының  қабілеті,  бейімділігі  баса 

назарда  болуы  керек.  Дегенмен  де  оқушыларды  бейімдеу,  қабілетін 

дамыту, 

спортқа 


деген 

қызығушылығын 

арттыру 

жақсы 


ұйымдастырылған  сабаққа  байланысты.  Сондықтан  оқушылардың  пәнге 

қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты 

спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың 

әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. 

 

Сондықтан  да  мұғалім  сабақты  тартымды  етіп  теория  мен 



практиканы  ұштастыруында  жаңа  инновациялық  технологиялардың 

тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы 

қарым-қатынас,  сабақты  жақсы  оқитын,  спортқа  бейім  оқушылармен 

белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы 

жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. 

Барлық  оқушылар  өз  қабілетін  ең  төменгі  жеңіл  тапсырмаларды 

орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан 

кейін  ғана,  келесі  күрделі  деңгейдегі  жаттығуларды  орындауға  көшіп 

отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз 

қабілетіне,  қызметіне  сәйкес  жоғары  деңгейге  көтерілуіне  толық  жағдай 

жасалады. 

 

Осылай  ойын  элементтерін,  әдістерін  деңгейлеп  орындату  арқылы 



оқушылардың  тапсырмаларды  орындауда  жинаған  ұпайларын  «даму 

мониторингі»  кестесіне  белгілей  отырып,  оқушы  біліміне  талдау  жасап 

отыру  қажет.  Өтілетін  тақырыптарға  байланысты  қызықты  сергіту 

ойындарын  ойнатудың  да  сабақ  барысының  сапасын  арттыруға  ықпалы 

көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», 

сонымен  қатар  қозғалмалы  ойындар  және  ұлттық  ойындарды  сабақта 

түрлендіріп өткізуге машықтандыру. 

Дене  шынықтыру  пәнінде  жаңа  инновациялық  технологияларды 

қолданудың  орны  орасаң  болары  хақ.  Оқушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығын  арттырып,  білім  сапасын  көтеруге  сыныптан  тыс 

спорттық  шаралардың  да  маңызы  зор.  Соның  ішінде  қазақтың  ұлттық 

ойындары  мен  қозғалмалы  ойындарын,  әр  түрлі  жарыстарын, 

тоғызқұмалақ,  арқан  тартыс,  аударыспақ  сынды  ойын  түрлерін  өткізіп 

отыру  керек.  Осындай  жұмыстарды  жүргізу  нәтижесінде  оқушылардың 

белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың 

танымдық  қабілеттерін  артырып,  салауатты  өмір  сүру,  адам  денсаулығы 

осы  спортқа  байланысты  екендігін  түсінеді.  Нәтижесінде  оқушылардың 

білім  сапасы  артып,  оқу  тоқсандарында  жоғары  сапаға  қол  жеткізуге 

болады. 




Жаңаша  әдістерді  сабақтарда  үнемі қолданысқа  енгізуде  теория  мен 

практиканың  ұштасуына  мән  бергенде  ғана  жұмыстың  мазмұндылығы 

көріне  алады.Осы  бағыттарда  сын  тұрғысынан  ойлау  және  деңгейлеп 

оқыту  технологияларының  тиімді  әдістерін  дене  шынықтыру  пәнінде 

қолдануды  ұсынамын.  Алдымен  «Дене  шынықтыру  пәні  не  береді?»  –

деген  сұраққа:»  Қимыл  қозғалысты  береді.  Машықтандыру.  Дене 

мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту 

жаттығуларын  меңгертеді.  Мемлекеттік  стандарттық  бағдарламаны 

жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді. 

Дене  тәрбиесі  сабағында  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын 

тиімді пайдалану. 

Осы  технологияның  шығармашылық  бөлігін  басшылыққа  ала 

отырып,  ой  толғау  жасауға  болады.  (мыс:  дене  шынықтыру  сабағында 

сабақты  ойын  түрінде  ұйымдастыру  керек)  осы  арқылы,  оқушылардың 

бейімділігін арттыруға болады.  

Күтілетін  нәтиже  -  дене  тәрбиесі  пәніне  деген  қызығушылықтары 

артады. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық 

талғамы  артады.  Дене  шынықтыру  сабағында  5-6  сыныптарға  сергіту 

сәтін алуға болады. Өз тәжірибемде 5-сыныптарға өткізген «Эстафеталық 

жарыстар»  атты  сабағымда,  алдымен  оқушыларға  ой  толғау  жасау 

мақсатында қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталуды, ұлттық ойындар 

туралы  өз  түсініктерін  сұрай  отырып,  сабақ  барысы  кезінде  орындатуды 

жоспарладым.  Міне,  осы  арқылы  оқушылар  сабақтың  жарыс  түрінде 

топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді. 

Сабақты  қызықты  өткізу  үшін  мультимедиалық  проектор  арқылы 

қазақтың  ұлттық  ойындарының  тарихын  таныстырып  өтіп,  жасырылған 

сұрақтарды  табуға  машықтандыру,  әр  топқа  белгіленген  ұпай  сандарына 

қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп 

алып,  бұл  бөлімінде  оқушылар  белгіленген  жерге  дейін  эстафеталық 

таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып 

берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келулері керек. 

Оқушылардың  бұл  бөлімде  сабаққа  деген  қызығушылығының  артуымен 

бірге,  машықтанады,  логикалық  ойлау  қабілеттері  артады,  қимыл-

қозғалыс әрекеті дамиды. 

Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда 

Бұдан  қандай  нәтижелерге қол  жеткізуге  болады?  Сабақ  барысында: 

Алдымен  оқушының  «Не?»  деген  сұрағына:  Сабақта  шынайылық,  оқыту 

бар екенін көрсету. 

Оқушының  «Қашан?»  деген  сұрағына:  Сабақтан  кейін  болатын 

жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет. 

Оқушының  «Қайда?»  деген  сұрағына:  Оқушының  және  ұстаз 

арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет. 




 

Қорыта  айтқанда,  мен  алдымен  жеке  тұлғаның  әлеуметтік, 

құзіреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол 

жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты. 

Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол 

білім  беру,  тәрбиелеу,  сауықтыру  секілді  дене  тәрбиесінің  міндеттерін 

орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене 

тәрбиесінің  қосымша  амалдары,  бұлар  дене  жаттығуларымен  бірге 

қолданылады. 

Қимыл  -  әрекетті  тиімді  жолмен  орындау  жаттығудың  тәсілі, 

техникасы - деп аталады. Тиімділік дегеніміз жаттығудың ағзаға ұтымды 

әсер  етуі  (мысалы,  күшін  өсіру,  бұлшық  ет  топтарын  жаттықтыру)  және 

әрекеттің нәтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп үзаққа секіру жаттығуының 

техникасын дұрыс, тиімді орындау кезінде барынша алысқа секіру). 

Қай  жаттығудың  орындалу  техникасын    алсақ  та  олар  бір   -  біріне 

кеңістік,  уақыт,  кеңістікті  -  уақыт  және  қозғалыс  тәрізді  сипаттамаларда 

болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене  мен дене мүшелерінің 

тұрысы,  қалпы,  қозғалыс  траекториясы.  Уақыт  сипаттамасы  -  уақыт 

ұзақтығы,  қарқын  және    қимыл  ырғағы  деп  бөлінеді.  Кеңістікті-уақыт 

сипаттамасы  -  жылдамдық  және  үдеу. Қозғалыс сипаттамасы. Адамның 

қозғалу  үрдісі  кезінде  ішкі  және  сыртқы  күштердің  біріге  жұмыс  істеуі 

қозғалыс сипаттамасын көрсетеді. 

Дене  тәрбиесі  және  спорт  тәжрибесінде  өте  көп  мөлшерде  дене 

тәрбиесі  жаттығулары  қолданылады.  Дене  жаттығуларының  қасиетін 

танып,  оларды  тиімді,  дұрыс  пайдалану  үшін  оларды  топтарға  бөле 

қолдана білу қажет. Олар алты топқа бөлінеді:  

1.  Дене  тәрбиесі  жаттығуларын  тарихи  қалыптасып  қалған  белгі 

бойынша  топтау.  Бұл  белгі  бойынша  барлық  жаттығулар    төрт  топқа 

бөлінеді:  а)  гимнастикалық  жаттығулар  (жалпы  дене  дамыту 

жаттығулары,  гимнастикалық  снарядтағы  жаттығуларт.б.);  ә)  ойын 

жаттығулар  (ойын  кезінде  орындалатын  қозғалмалы  және  спорттық 

ойындар  элементтері);  б)  туристік  жаттығулар  (туризмнің  әр  түрінде 

кездесетін жүру, атқа міну, велесипед, шаңғы тебу, қайықта ескек есу т.б 

жаттығулар); 

в) 

спорттық 



жаттығулар-спорттың 

әр 


түрінде 

қолдаланылатын негізгі жаттығулар (100метрге жүгіру, ұзындыққа секіру 

т.  б.).  2.  Дене  қуатын  қасиеттерін  дамыту  бағыты  бойынша  топтау.  3. 

Жаттығуларды  білім  беру  мақсатына  қарай  топтау:  негізгі,  дайындық, 

жақындататын  жаттығулар.  4.  Дененің  бұлшық  еттерін  дамытатын 

жаттығулар. 4. Қозғалыс құрылысына байланысты топталған жаттығулар: 

а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ә) ациклді жаттығулар 

(снарядтағы  гимнастика,  жеке  сайыс  т.б.)  б)  аралас  жаттығулар  (циклді, 

ациклді  жаттығулары  бар  спорт  ойындары).  6.  Жаттығуларды  күш 

қарқынына  қарай  топтау:  а)  өте  жоғары  қарқынмен  орындалатын 




жаттығулар  (20  секунд  аралығында  орындалады);  ә)  жоғарғы  қарқынмен 

орындалатын  жаттығулар    (20секундтан  5  минөтке  дейін);  б)  қатты 

қарқынмен  орындалатын  жаттығулар  (5  минөттен  30  минөтке  дейін);  в) 

қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 минөттен көбірек). 

Табиғаттың  табиғи  сауықтыру  күштері  мен  гигиеналық  факторлар 

дене тәрбиесінің қосымша амалдары 

Өзін-өзі бағалауға тапсырма: 

Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары. 



Дене тәрбиесі жаттығулары. 

Жаттығулардың техникасы, орындау кезеңдері. 



Қозғалыс техникасының сипаттамасы. 

Жаттығуларды топтау. 



Табиғаттың табиғи күші  -  дене тәрбиесінің қосымша амалы. 

Гигиеналық себептер \факторлар\ - дене тәрбиесінің қосымша амалы. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет