Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындалуы. Сабақтың ойдағыдай өтуі,
мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық 12 түрлі дайындық
іс-әрекеттері арқылы орындалады.
Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама және пәндік сабақтар
деп екі үлкен топқа бөлінеді. 1. Пәндік сабақтардың негізгі бөліміне оқу
бағдарламасында берілген бір спорт түрінің негізгі жаттығулары
кіргізіледі. Мысалы, шаңғы спорты, гимнастика, спорт ойыны волейбол
ж.т.с.с. 2. Құрама сабақтарда, бір сабақтың негізгі бөліміне әртүрлі спорт
түрлерінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Пәндік және кұрама сабақтар
орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау,
құрастырылған сабақтар деп бөлінеді.
Денсаулықтары және дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты
мектеп оқушылары үш топқа бөлінеді: негізгі, дайындық және арнайы.
Арнайы дәрігерлік топтардың негізгі жұмыс міндеттері: денсаулықты
нығайту, тыныс алу органдарының жұмыстарын жақсарту, ағзаны
шынықтыру, дене қуаты жұмыс қабілеттілігін, дене тәрбиесі жаттығулары
арқылы ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін жоғарылату, ағзаның ауырудан
әлсіреген дене қимылы белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен
қатар теориялық білім беру және қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеру
жұмыстары жүргізіледі
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
-
Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
-
Сабақтарды дене тәрбиесі бағыты бойынша топтау.
-
Сабақтарды мазмұны мен міндеттеріне байланысты топтау.
-
Дене тәрбиесі сабағының құрылымы мен мазмұны.
-
Дене тәрбиесі сабағының бөлімдері, сипаттама.
-
Дене тәрбиесіндегі үй тапсырмасы, оның маңыздылығы.
-
Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы.
-
Денсаулығы нашар балалардың дене тәрбиесі.
-
Денсаулығы нашар балалармен сабақтар жүргізу ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: