Коммуникация – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау процесі.
Интеракция – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция – адамдардың бірін- бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi;
Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады;
Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады;
Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi;
Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады;
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СТИЛЬДЕРІ
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша біледі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста іске асады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақтышындық.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Қарым-қатынас – адамдардың бір-ірімен әсерлесу және бір-біріне әсер ету процестерінің жиынтығы болып табылады. Ол адамдардың ақпарат алмасуы ғана емес, сонымен қатар олардың арасындағы эмоционалды байланыстың болуына ықпал етеді. Осы адамдар арасындағы байланыс мазмұны және байқалуы бойынша көп қырлы болып келеді.
Көптеген авторлар қарым-қатынасты субъективтік байланыс ретінде ғана қарастырады. Әр қатысушы осы процестегі өзінің орны мен рөлін ғана түсінбей,басқаның да осыған сәйкес жүріс-тұрыс формасымен кездеседі.
«...Қарым-қатынас акті, - деп жазады М.С.Каган, - бір адам басқа адаммен байланысқа түскенде, ол басқаны өзіне ұқсатады және теңейді, активті кері байланысты күтеді, яғни сол кезде орынды.»
А.А.Леонтьев өзінің бір еңбегінде былай жазды: «Қарым-қатынасты интериндивидуалды емес, әлеуметтік феномен деп түсіну керек; оның субьектісі ретінде индивидті емес, әлеуметтік топ немесе тұтас қоғамды алу керек.»
Қарым-қатынас жақында ғана ғылыми әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және психолингвистикалық анализдің пәніне айналды. Қарым-қатынасты зерттеу барысында әр ғылым бұл процесті әр жақтан қарастырады.
Қарым-қатынас ұжымдық еңбекте ғана маңызды орын алмайды. Адамның болып қалыптасу процесінің өзі, оның қғамдық адамға айналуы қарым-қатынассыз мүмкін емес. Дамыған тұлғаға қарым-қатынас қажеттілікке айналады.
Карл Маркс пен Фридрих Энгельс көрсеткендей басынан қарым-қатынастың дамуы алғашқы адамның сана-сезімінің дамуымен және еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты. «Алғашында еңбек, содан кейін сөйлеудің қалыптасуы – ең негізгі екі стимулдар, соның әсерінен маймылдың миы ақырындап адам миына айналды...»
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Бодалев А.А. Личность и общение. – М.:Педагогика, 1983
Гозман Л.Я. Психология эмоциональных отношений. – М.:МГУ, 1987.
Донцов А.И. Психология коллектива. –М.:МГУ, 1984
Методы исследования межличностного восприятия /под ред. Г.М.Андреевой. – М.:МГУ, 1984
Обозов Н.Н. Межличностные отношения. –Л.:ЛГУ, 1979.
Петровская Л.А. Компетентность в общении. –М.:МГУ, 1989.
Елеусізова С. Қарым−қатынас психологиясы. Алматы: Рауан, 1995,
ЖарықбаевҚ.Психология негіздері. Алматы: „Эверо“, 2005
Достарыңызбен бөлісу: |