22.Жаңбыр. Мақсаты: судың құрамасы бойынша балалардың білімдерін жетілдіру; байқағыштық, білуге құмарлығын жетілдіру; балалардың жағымды эмоцияларын шақыру. Тыңдаңдар, бұзау Сұрақ апасыннан не сұрады:
- Апа, ана жайылымда, менің сүйкімді түймедағым.Ол басын еңкейтіп көздерін жұмды. Түймедақ қатты су ішкісі келеді, ал жаңбыр болса жоқ. Сен айттын ғой су сиқырлы деп, сонда ол неге түймедаққа бармайды?
- Қымбаттым, ал сен оған көмектес.
- Оны қалай істеу керек?
- Су сепкішті ал да суар.
-Алақай! Озім қалайша ойламаппын ?
Ересек адам мен бала су толған үстел- ваннаның қасында тұрады. Олардың қолдарында су толған су сепкіш. Ересек адам балаға су сепкіштен су ағызу арқылы жаңбыр жасауды ұсынады. Егер де бала су сепкішті көтеріп еңкейтуге қиналатын болса онда ересек адам оған көмектеседі.