16.Тышқан үшін ін Мақсаты:Ойлау, моторикасын дамыту. Жабдықтар: Құмжәшік, кішкентай қалыптар , күрекше. Ойын барысы: Бала ересекпен қолымен немесе күрекшемен шағын шұңқырлар қазады. Содан соң педагог ойыншықпен құрылысты ойынға айналдырады. Мысалы, педагог ойыншық тышқанды қолына алып оның шиқылын ұқсатады. Содан соң оның "тышқаны" әр інге кіріп және оған тамаша үйшік жасағаны үшін оны мадақтайды. Үйшіктерді басқа да ойыншықтар үшін - қояндар, түлкілер, қонжықтар және басқалар жасауға болады.
17.Мен пісіремін, пісіремін Мақсаты:ойлау, қозғалысты дамыту. Жабдықтар: Құмжәшік, қалыптар жиынтығы. Ойын барысы: Бала құмнан әр түрлі өнімдер (тоқаштар, самсалар, тортиктер) "пісіреді". Ол үшін бала әр түрлі қалыптарды пайдалана алады, оған құм сеуіп, қолмен немесе күрекшемен нығыздайды. Дымқыл құмды бір алақанннан басқа алақанға салып,самсаларды қолмен де "пісіруге" болады. Содан соң бала самсамен анасын, әкесін, қуыршақтарды "тамақтандырады".