Мақсаты: заңдылықты орнату, сенсорлық эталон туралы білімді бекіту. Жабдықтар: Құмжәшік. Ойын барысы: Бала құмда әр түрлі тәсілде шеңбер суретін салады және оны әр түрлі заттармен: тастар, тұқымдармен,түймелермен, тиындармен, моншақтармен безендіреді. Бала өз «құмды шеңберіне» ат қоюына болады. Сонымен бірге осындай амалды ол өз алақаны таңбасымен жасай алады, мұнда әр саусақ туралы аңыз шығаруына болады: «Бұрын ол кім болды, ол қазір кім,болашақта ол кім болады».