10. Құмдағы жасырынбақ Мақсаты: тактилді сезімталдықты дамыту, көру, шығармашылық ойлау, еркіндік. Жабдықтар: Құмжәшік, суреттер, ертегі кейіпкерлері, миниатюрлы мүсіншелер. Ойын барысы: Бірінші нұсқа
Педагог. Ойыншықтар сенімен құмды жасырынбақ ойнағысы келеді. Өзіңе ұнаған ойыншықты таңдап ал. Сен көзіңді жұмасың, олар құмға жасырынады, содан соң мен : «Қөз ашылады, ойын басталады» деп айтамын, сен оларды құманнан табуың қажет. Сен құмды үрлеуіңе, саусақтарыңмен қазуға, таяқшалар, қылқаламдарды пайдалануыңа болады.
Ойынды әр түрлі етуде, ересек адам балаға ойыншық — «минаны» көрсетеді, оны толығымен қазып алуға болмайды. Қазу барысында оның бөлігі құм үстінде көрінгенде, бала қазуын тоқтатып және оны басқа жерден жалғастыру қажет.Егер бала ережені ұмытқан болса , ойын айппұлын жасайтын болады, сондықтан ол ойыншықтарды мұқияты қазуы тиіс.
Екінші нұсқа Ойын үшін әр түрлі ертегілерден суреттер және ертегі кейіпкерлерінің суреттері болуы қажет, оларды өздігінен дайындауға болады, балалар кітапшаларынан әдемі суреттерді жапсырмамен орау қажет. Балалармен ойын ойнау үшін нақты бейнелермен түрлі-түсті суреттер пайдаланылады ( бастапқы кезеңде — қабылдау үшін бір заттың суреті бейнеленген қарапайым суреттер). Іздену белсенділігін дамыту үшін бейнені біртіндеп қиындату қажет.Осылай, ересек мектепке дейінгі балалар үшін бейнелеу ақ пен қара, бейнелі болуы мүмкін.
Алдын ала ересек адам баламен жақсы көретін ертегілер және ертегі кейіпкерлері туралы, әр түрлі кейіпкерлерге жағымды және жағымсыз қатысы себебі туралы сөйлеседі.
Педагог. Құмда ертегі және ертегі кейіпкерлері жасырынғанды ұнатады. Олармен құмда жасырынбақ ойнайық. Көзіңді жұмып және сиқырлы сөздерді : «Бір, екі, үш ертегі кел» айт. (Ересек адам құмға балаға жақсы таныс ертегінің суретін көмеді. Балалар үшін суреттің шетін сәл көрсетіп қояды.) Қылқаламды алып және құмнан осы ертегіні ізде. Ертегіні шошытып алмау үшін оны ақырын, мұқият қазатын бол. Сен құмнан суреттің жартысын тазалап алдың: сен қалай ойлайсың, бұл қай ертегі?
Бала бірте-бірте суретті ашады, бір кезеңде ол ертегіні немесе ертегі кейіпкерін айта алады. Егер ол сурет элементтері арқылы ертегіні жорамалдай алмай және атын айта алмаса, оқыту кезеңін енгізуге болады. Бала құмға суретті көмеді, ал ересек адам қазып алып және дауыстап көргенін талдайды.