М. К. Жайлауова, доцент, п.ғ. к. А.Әбуова, оқытушы З.Қ. Сексенбаева, доцент



Дата26.08.2017
өлшемі51,99 Kb.
#27848
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
М.К.Жайлауова, доцент, п.ғ.к.

А.Әбуова, оқытушы

З.Қ.Сексенбаева, доцент

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

Аннотация

В статье рассматриваются проблемы использования новых педагогических технологий начальной школе.


Мектеп тәжірибесінде оқытудың ақпараттық технологиясы деп арнайы техникалық ақпараттық құралдары (ЭЕМ, аудио-, кино-, видео-) пайдлаланатын барлық технологияларды айтады.

Білім беру саласында компьютерлер кеңінен қолданыла бастаған кезде «оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы» деген термин пайда болды. Кез келген педагогикалық технология- бұл ақпараттық технология, өйткені оқытудың технологиялық процесінің негізін ақпарат және оның қозғалысы құрайды. Компьютерлік технологиялар бағдарламалық оқыту идеясын дамытады, қазіргі компьютерлер мен телекоммуникациялардың тамаша мүмкіндіктерімен байланысты мүлде жаңа, зерттелмеген технологиялық варианттарын ашады. Компьютерлік оқыту технологиялары- ақпаратты оқушыға дайындау және беру процестері. Оны жүзеге асыру құралы- компьютер. Бастауыш сынып оқушылары компьютер көмегімен төмендегі тест тапсырмаларын орындайды. Мысалы:

Ана тілінен 1-сыныпқа арналған тест тапсырмасы


  1. Сөз неден құралады?

а) әріптен

ә) буыннан

б) дыбыстан


  1. Қай сөйлем дұрыс жазылған?

а) Қыста ағаш гүлдейді?

ә) Балалар ойын ойнады.

б) Сенің атың кім


  1. Жуан дауысты дыбыстардың әріптерін тап.

а) а, ү, о, ұ

ә) ы, ұ, а, у

б) а, о, ы, ұ


  1. «Не істеді?», «Не қылды?», «Қайтті?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.

а) қуанды, гүлдер, балалар;

ә) шақты, кесті, қақты;

б) салды, берді, келеді.


  1. Жаңылтпашты тап

а) Ата- бәйтерек

Бала-жапырақ

ә) Дән-дәулет,

Дәулет- дән

б) Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы жылы



  1. Дыбыс санына қарай сөздердің дұрысын тап

а) сағат, пана, шана;

ә) кеме, салу, тура;

б) ал, тоқ, жалғау
Ана тілінен 2-сыныпқа арналған тест тапсырмасы


  1. Туған өлкеге деген мақтаныш сезім қай өлеңде берілген?

а) Отан туралы

ә) Туған өлкем

б) Астана


  1. Т.Молдағалиевтің «Боз қырау» өлеңіндегі «күн мұңайып тұр» тіркесінің мағынасы

а) Ауа-райы бұзылып тұр

ә) Күн бұлыңғыр

б) Күз түсті


  1. Өзге елде сұлтан болғанша

Өз еліңде ұлтан бол.

а) Мақал


ә) Жұмбақ

б) Жаңылтпаш



  1. Отан, Отан

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,-

өлең шумағындағы сезім.

а) Қорқыныш

ә) Күйініш

б) Шаттық



  1. Еңбектің техникамен байланысы туралы қай мәтінде айтылған?

а) Ақылды көмекші

ә) Бәрібір өкінбеймін

б) Марқа қозыны неге қырықты?


  1. Төле бидің шешендік сөздері қай шығармаларда берілген?

а) Жігіттің жақсысы

ә) Не қымбат?

б) Ананың арқасы
Ана тілінен 4-сыныпқа арналған тест тапсырмасы


  1. Жырды айтушы адамды қалай атайтынын белгіле

а) ақын

ә) термеші

б) жыршы

в) шежіреші



  1. «Үрмет» сөзіне мағыналас сөзді белгіле

а) қала аты

ә) даналық

б) ғалым

в) атақ, даңқ



  1. «Көзінің жанды шырағы» деген тіркесті қалай түсінгеніңді белгіле

а) қуанды

ә) ренжіді

б) көңілсіз

в) жылады



  1. Мағжан Жұмабаев қай жылдары өмір сүргенін тап

а) 1893-1938

ә) 1835-1865

б) 1905-1997

в) 1897-1901



  1. Алғаш қазақ балаларына арнап әліппені кім жазғанын белгіле

а) Ыбырай Алтынсарин

ә) Ахмет Байтұрсынов

б) Абай Құнанбаев

в) Мағжан Жұмабаев



  1. Ыбырай Алтынсарин балаларды неге шақырған?

а) білімге

ә) ойынға

б) арманға

в) еңбек етуге


Қазіргі мектепте ойын әрекеті төмендегі жағдайларда қолданылады:

  • ұғымды, тақырыпты немесе оқу пәнінің тарауын игеру үшін өз бетінше технология ретінде;

  • неғұрлым жалпы технологияның элементі ретінде;

  • сабақ немесе оның бөлігі ретінде;

  • сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде.

Ойын технологияларын пайдалану балаларды бір-бірі туралы білгенін кеңейтіп, тіл табысар ортасын кеңейтеді, әр оқушыда топта өзінің орнын таба алардай мүмкіндікке қол жеткізеді.

Еске асыру кезеңдері. Ойынды өткізудің технологиясы бірнеше кезеңдерден тұрады:



  • Дайындық кезеңі (тәрбиелік мақсаттардың анықталуы, шешетін мәселенің жай-күйі, ойынның жалпы ережесі мен жүргізілу жоспарының құрылуы, сценарийлердің жасалуы, қатынасушылар, ойын туралы, ережесі, шарты туралы келісушілік, алдын-ала кеңес алу);

  • Өткізілу кезеңі немесе ойын үрдісі барысында: топтардың таныстырылуы, пікір таластар, сараптау мен нәтижелерді жинақтауы;

  • Нәтижелерді талдау, саралау кезеңі (талдау, рефлексия, баға, өзіндік баға, шешімдер, қорыту, нұсқаулар).

«Доп ойнау» ойыны. Қамтамасыз ету: доптың диаметрі 20 см-ге жуық. Ойынның барысы: ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады да қолдарын допты қағып алатындай етіп созады. Ойын бастаушы қарсысында тұрған ойыншыға өзінің есімін дауыстап, нақтылап айтады. Допты қағып алушы да өзінің есімін атап, келесі ойыншыға лақтырады да, қолын түсіреді. Доп әрбір ойыншының қолына тимейінше, ойын осылайша жалғаса береді. Балалар допты кімге лақтырғанын, тастағанын дауыстап айтады, ал қалған ойыншылар қайталайды. Осы жағдай бірнеше рет қайталанады. Ойын соңынан ойыншылардың әр қайсысының қанша есімді ойына сақтағандары тексеріледі. 20 адамдық бір топтан 10-12 есімді сақтаса, бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл ойын 15 минутқа дейін созылуы тиіс.

«Сұхбат алу» ойыны. Қамтамасыз ету: әр балада бір-бір қалам, қарындаш, ақ парақ болуы шарт. Ойынның барысы: ойыншылар 2 шеңбер болып бөлінеді. Олар бір-бірінен сұхбат алады. Сұхбат 2 минуттан артық болмайды, бірақ та ойыншының кейбіреулерінің шектеулі уақыттан асып кетуі де мүмкін. Барлығына бірдей сұрақтар тізімі беріледі. Үлгі сұрақтар:



  1. Аты-жөнің?

  2. Жасың қаншада, туған жылың, айы, күні?

  3. Қайда тұрасың, ата-анаң бар ма?

  4. Мектепте қай пән ұнайды?

  5. Сабақтан тыс уақытта жақсы көретін ісің?

Сұхбат аяқталған соң, кімнен қандай ақпарат алғандары жайында баяндауға 1 минут уақыт беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Тест тапсырмалары (Бастауыш сыныпқа арналған көмекші құрал).- Алматы, 2006-209 б.

  2. Тәрбие технологиялары. Технологии воспитания.- Алматы, 2007- 264 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет