М. Ломоносов атындағы орта мектеп



Дата20.06.2018
өлшемі4,3 Mb.
#43619
Абраимова Нургул Сеитжапаровна

Бастауыш сынып мұғалімі

"М.Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ

Шығыс Қазақстан облысы,Ұлан ауданы,Мамай батыр ауылы

abraimova66@mail.ru

телефон: 87753444057




Абраимова Еркежан Мураткановна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

"М.Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ

Шығыс Қазақстан облысы,Ұлан ауданы,Мамай батыр ауылы

erkezhan.abraimova@mail.ru

телефон: 87011828692

Тақырыбы: " Белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдасырудың тиімділігі"

Мақсаты:

Белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдастыра отырып пайдалану оқушы ойын толық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.



Міндеттері:

  • Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

  • Ақпаратпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

  • Оқушылардың теориялық білімі мен практикалық білімін ұштастырып өмірде қолдана алуларына дағдыландыру.

Күтілетін нәтижесі: Оқыту мен оқу үдерісінде оқушылардың білім сапасы артады.

Белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдасырудың тиімділігі
" Заман адамды билей ме? Әлде адам заманды билей ме?" деген сұраққа Абай «Адам заманды билейді, заман адамды илейді» деп жауап берген көрінеді. Дана Абайдың сөзіне зер сала ой қорытып көрсек, шынында да заман ағымына ілесіп, өркениетке жететін болсақ қана адам заманды билейді. Ал өркениетке ілесе алмасақ адамды заман илейді Олай дейтініміз заман үнемі дамып қозғалыста болады. Бұл - диалектика заңы. Ал қозғалыс бар жерде өзгеріс бар. Ескінің орны жаңамен алмасып отырудың өзі табиғи заңдылық.

Білім беру жүйесі әр кезеңде өзгеріп, дамып отыруы керек. Сонда ғана қоғам қалыпты дамып, саналы ұрпағын өмірге икемді етіп дайындайтын болады. Осы арадағы мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Міне, сондықтан да Қазақстан Республикасы Кембридж бағдарламасы бойынша сындарлы оқытуды білім беру жүйесіне енгізуді басты мақсат етті. "Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең таралған." (Hattie, 2009). Аталған бағдарлама негізінде өмірдің барлық жағдайына тез үйренісетін,өз бетімен сыни тұрғыдан ойлана алатын, ақпаратпен сауатты түрде жұмыс істей білетін, әр түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынасқа түсе алатын, өзінің адамгершілік-рухани, интеллектуалды, мәдениеттілік деңгейін өз бетімен жетілдіре алатын,қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған. Ол педагогикалық қуатты құралдар -7 модуль арқылы беріледі. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Бағдарламаның негізінде жатқан оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері қарастырылған. Бұл тәсілдердің ішінде оқушы үшін ең тиімдісі "Диалогтік оқыту" мен "Қалай оқу керектігін үйрету " Олай деу себебім,ол біздің мектепті зерттеу барысында анықталған басымдық. Біз қазіргі таңда "Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыда ойлауға үйрету" тақырыбында жұмыс жүргізудеміз. Ал сыни тұрғыда ойлану модулінде түрлі стратегиялар мен белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі қарастырылады. Сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы пікір айтуға мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері арқылы әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.Бұл арада «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» деген Қытай халқының нақыл сөзі ойға оралады.

Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан ойлау стратегияларынның «Топтастыру», «Болжау», "Венн диаграммасы", "Т кестесі", "Ақылдың алты қалпағы", "Постер құру",“ Ыстық орындық” ,“Автор орындығы” тәсілдерін тиімді пайдаланамыз. "Сәйкестендіру", "Ретін анықта", "Семантикалық карта" "Иә/жоқ"сияқты тест жұмыстары оқушының ойын жинақтауға әсер етеді. "Ой қозғау" барысында бейнефильмдер, "Миға шабуыл" түрткі сұрақтар қою арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын ашу, оқыту нәтижесін және сабақ барысында не біліп шығу керектігін айқын ажыратуға дағдылана бастады. Бұл стратегияларды әдебиеттік оқу, дүниетану,қазақ тілі мен математика,ағылшын тілі сабақтарында қолдану оқушылардың белсенділіктерін арттырып, алған білімдерін еске түсіру және сын тұрғысынан ойлау дағдыларының дамуына ықпал етеді. "Қос шеңбер","Терминдер кестесі", "Атаулар туралы 3 сұрақ", «Серпілген сауал» ,"Судан шыққан хат","Конверттегі сұрақ","Бірге ойлаймыз" "6 неге", "Бағытталған оқу", стратегияларын қолдану барысында оқушылар топтық жұмыстар арқылы сыни тұрғыда ойлауға төселеді. Ал осы топтық жұмыспен бірге жұптық және жеке жұмыстар оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерге жатады. Бұл тәсіл оқушылардың бірлесе отырып жауап іздеуіне, түсінуіне, шешім қабылдауына үлкен әсер етуші күш. Ал оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану-оқытуда оқушылардың сандық сауаттылығын арттыру, компьютер, интернет жүйелерін қолдану т.б. мүмкіндіктерін арттырады. "Микрафон ұсыну" арқылы шығармашылық жұмыстарын қорғауы қосымша мәліметтер жинақтауға қызығушылықтарын арттырады. Мысалы "Ермек Серкебаев", "Мұхтар Шаханов" т.б. ақын-жазушылар туралы жинақтаған мәліметтері әдебиеттік оқу пәні бойынша болса, "Менің ауылым","Бүркіт","Қоян", "Жеңіс күні", "Дельфин", "Қазақстанның пайдалы қазбалары", "Марқакөл қорығын" т.б. тақырыптарға жасаған презентациялары дүниетану пәндерінде, сөзжұмбақ құрастыру, "Оқушы тапсырмасын" оқушының құрастыруы математика мен қазақ тілі пәндерінде жүзеге асты. Бұл оқушылардың сыни пікір-көзқарасын жүйелі дамуына, сандық технологияларда құзырлылық танытуына әсер етті. Сабақ барысында электрондық оқулықтарды пайдалану да өз нәтижесін береді. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулінде талантты және дарынды оқушыларды анықтау,дамыту мақсатында ашық сұрақтар қойылып, ойларына ой салуға көңіл бөлінді. Тапсырма жүйелерін түрлендіре, ізденуге бағыттай беруге мүмкіндік берді. Нәтижесінде "Үй қояндары", "Улы өсімдіктер", "Тазы ит-қазақ халқының құндылықтары " тақырыптарында жоба қорғап және интеллектуалды ойындарға қатысу арқылы жүлделі орындарға ие болды.

Оқушының жас ерекшелігіне сәйкес оқыту олардың тек қана жас ерекшеліктерін ғана ескеріп қоймай, таныс қабілеттері, зейіні, қабылдау ерекшеліктерін ескеруді көздейді. Бұл сынып оқушыларының сабаққа қызыға қатысуын, тапсырмаларды түсіне отырып орындауларын қамтамасыз етті. Оқытуды басқару мен көшбасшылық шағын топтарда жұмыс жасау арқылы оқушыларды көшбасшылыққа ұмтылуларына бағыттап отырады. Нәтижесінде сынып оқушыларының әрқайсысы шағын топтарында көшбасшылыққа үйрене бастады. Бұл дегеніміз оқушының өз тобындағы балалар алдындағы жауапкершілігінің артуын түсінулеріне, сезінуіне жақсы әсер етті. Ал оқыту үшін бағалау мен оқу үшін бағалау модулі оқушының білім алуға деген ынтасының артуына көп мүмкіндік берді.Саналы түрде оқуға жетеледі. Баланы "нашар баға алдың" деп қорқытқаннан гөрі оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін (топпен жұмыс,жұппен жұмыс, жеке жұмыс) тиімді, оңтайлы пайдалану арқылы бағалауды жүзеге асыру тиімді. Сабақ үрдісінде қалыптастырушы бағалау оқушының өз мүмкіндігін анықтауға, әділ бағалауға үйретеді. Бұл арада ең тиімді тәсіл "Тир" арқылы бағалау болды. Себебі оқушы ойнай отырып өз жұмысын бағалайды. Ал "Бағдаршам", "Бас бармақ" арқылы топ аралық бағалау мен жұптарын бағалауда сәтті қолданылады. Топ басшысының бағалау парақтары арқылы бағалауы тиімді болды. Кері байланыс оқушылардың ойын жинақтап, іс-әрекетіне бағалауға мүмкіндік беріп отыр. "Аяқталмаған сұрақтар", "Блоб ағашы", "Кемпірқосақ" , "Эссе" "Табыс баспалдағы" стратегиялары арқылы оқушы ойын жинақтап, өзінің білімінің қай деңгейде екнін анықтауға, жұмыс барысында кімдерден көмек алғанын не кімдерге көмек бергенін анықтаулары, диалогтік қарым-қатынасқа түсулерінің нәтижесін бағалаулары болып табылып отыр. Бұл өте тиімді деген пікірдемін. Сонымен қатар белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдасырудың тиімділігін анықтау барысында бастауыш сыныптар әдістемелік айлығын өткізудеміз. Әдістемелік айлықтар арқылы сабақты зерттеу барысында А,В, С деңгейлі оқушыларды бақылап, белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдасыра қолданудың тиімді екеніне көз жеткіздік.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің оқу – тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеруі, ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырамыз деген мақсатымыздың да шешімі болмақ.



Пайдаланған әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы


2 Суворова Н. «Интерактивное обучение: Новые подходы» М, 2005.

3 .Әлімов А “Интербелсенді әдістерді ЖОО да қолдану мәселелері”



4.Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәліме Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. 

ҚОСЫМША №1



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет