1. 37. 1822-1824 жылдардағы әкімшілік-территориялық және сот реформалары Қазақстанда
Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібіргенерал-губернаторыМ.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.
Басқарудың округтық жүйесі енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтар құрылды. Округтар болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Әр округта 15—20 болыс, әр болыста 10—12 ауыл, ал әр ауылда 50—70 үй болатын болды. Сыртқы округтағылар Сібір қырғыздары (қазақтары) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты. Әкімшілік бірліктерін құру кезінде патша үкіметі өзіне қолайлы жағдайды босқа жіберіп алмай, көшпелілердің рулық бөліністерін де ұмытқан жоқ, олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бір округтың аумағынан екінші округқа ауысуына ондағы өкімет билігінің келісімі бойынша рұқсат етілді. Округтарды сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды. Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді. Бұл жарғылар, негізінен алғанда, алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды, Қазақстанбірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқаң рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті. Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Елден жиналатын алым-салық шенеуніктік аппарат пен әскери күштерді ұстауға қажетті қаржы көзіне айналды. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын «тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түсті. Олар бірте-бірте орыс шенеуніктеріне теңестірілді. Ендігі жерде олар сыйақы мен шен алу үшін қызмет етуге көшті. Оларды қызметке тағайындау да, қызметінен алып тастау да Ресейдің аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңіл күйіне тікелей байланысты болды. Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың дауысын, орыс шенеуніктерінің ықыласын сатып алу сияқты жиіркенішті масқара құбылыстардың етек алуына алып барып соқтырды. Неміс зерттеушілерінің бірі Ф.фон Шварц былай деп жазды:
Округ басшылары неғұрлым тиімді де пайдалы болыс лауазымын. параны кім көп берсе, соған сатудан тіпті де тартынбайды
”
Сайлаудың мұндай сиқы бір руды екінші руға қарсы қойып, өзара өшіктірді. Әркім өз руының құрамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қара сүйек өкілдерінің де қатысуына рұқсат етілген кезде сұлтандар мен рубасыларының бір-біріне қарама-қарсылығы күшейе түсті. Округтық приказдар империяның қазақ даласындағы және Орта Азия иеліктеріндегі әскери-отаршылдық әрекеттерін одан әрі өршітудің әзірлік алаңдарбіна айналды. Сұлтандардың бір бөлігі, әсіресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезінде ескерусіз қалған бөлігі, патша үкіметінің реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтардың бірқатары қарулы көтеріліске ұласты. Дегенмен де, XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалардың отаршылдық сипаты мен мәні күшті болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда-саттықты, денсаулық сақтау ісін және халыққа білім беруді едәуір дамытуға оң ықпалын тигізді.
2. 1867-1868 жылдардағы патша самодержавиесінің реформалары Қазақстанда
Ресей империясы үкіметі1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілікреформа жүргізді. Оның негізгі мақсатысұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды. 1867—1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы - Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы - Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркістан генерал-губернаторлығы - Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір үлкен бөлігі, сондай-ақ қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді.
Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс — уездерден, әр уезд - болыстардан, әр болыс — ауылдардан тұрды.
Семей ішкі округы Семей облысының Павлодар және Семей уездерінің құрамына, ал Ішкі Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды.
3. 19 – 20 ғ басындағы Қазақстандағы патшалықтың қоныс аудару саясаты.
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.
Мұның бірқатар себептері болды:
Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруаларбүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады.
Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсатетті.
Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмірсалтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді.
Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын.
Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпенжартымды қамтамасыз ете алған жоқ.
Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.
4. XVIII – ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
Казакстаннын коптетен аудандарында агаштан, тастардан, шикі кштан жэне
шымнан тургызылатын туракты тургын уйлер тарады. Кандай материалдан
салынганына карай оларды «агаш уй», «жер уй», «кірпіш уй» деп атады. Уйдін аумагы егесінін материалдык жагдайына жоне от басы курамына байланысты болды, бірак тутас алганда ол уйлер кошпелі турмые жагдайьша барьниа бейімленліріліт салынлы.
Киіз уй - Орталык жене Орта Азия халыктарынын негізгі баспанасы. Ол
- кешпенділердін тез жырыл, шапшан тігуге, ягни кешіп-конуга ынайлы уйі.
Кешпенділердін киіз уйі - тарихымыздары ен бірінші сеулеттік курылыс.
Киіз уйдін іші кыста жылы, жазда салкын. Сондыктан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз уй жер сілкінісінде де ынгайлы, ейткені ол онайлыкпен бузылмайды. Казакстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдын орнына киіз уйлер апарып жур
Казактын улитык киімінде этникалык, экономикалык
жане климаттык жагдайларына
байланысты
ежелі
достурлері бейнеленді. Ким мауытыдан, жун жоне жібек матадан, киізден жоне ан терісінен тігілді.
Казактарда
куланнын, ак
бекеннін,
жолбарыстын,
жанаттын,
булгыннын, сусарды, ак тышканнын терілері ерекше
кымбат багаланды.
Теріден жасалатын киімдер
Сырт кимдер: Аба; Бота ішік, Жаргак, Тайжакы, Такыр
шалбар;
Ton.
Бас киімдер: Берік, Кулакшын, Малакай, Такия;
Тымак.
Аяк кимдер: Кебіс; Мэсі; Мікшима; Саптама етік;
Шарык (Шо-кай); Шонкайма.
XVII F. аягында бір белігі Орта Азия калаларынан сатылы альнган, бір белігін казактардын оздері жасаган мытыктар пайдаланыла бастады. Мылтыктардын білтемен атылатын жон кумістен эшекей сальнган - білтелі мылык, эшекейсіз кара мылык, кыска унрылы - самкал деген бірнеше турі болды. Огы жеті жуз метрдей жерге жететін кыска удрылы мылтык «козы кеш» деп аталды. Ок-доріні казактардын езі эзірледі, бір болігін керші елдерден сать алды. Кайын сыргауілдарынан жасалатын сойылдар мен шокпарлар пайдаланылды, бірак, согыс кезінде олар сирек колданылды.
Казактардын таманы негізінен ет жене сут енімдерінен куралды. Сут тагамы ер турлі болды. Бие сутінен - кымы, туйе сутінен
- шубат дайындалды. Сиырын, ешкі мен койдын суті негізінен алганда айран уйытуга, май пісуте, эр турлі курт, ірімшіктер жасауга пайдаланылды.
Казактардын суйсініп-ішетін сусындарынын бірі - айран болды. Айранга су араластырылган сусынды «шалап» деді.
Кубіде пісіп, суттен май алды. Ол майдын узак сакталуы ушін
оны суык сумен шайып, туздап, карынга салды. Казактардын
тагам турлерінде курт-ірімшіктер манызды орын алды. Атыган айран жиынтыгынан сыгымдалып, кунге кептрілип жасалатын куртты кысты кундері ыстык сорпага ерітіп ішті. Суттен сары ірімшік, ак ірімшік жене баска тагамдар жасалды,
5. XVIII – ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның рухани мәдениеті
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б.
6. 1905-1907 жылдардағы Ресей революциясы кезіндегі Қазақстан.
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. 1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.
Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.
7. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
Ұлт - азаттық көтерілістің басталуының себебі жоғарыда аталып өткендей қазақ жерін отарлау, қазақ жерін қоныс аударған орыс шаруаларына күшпен тартып әперу саясаты еді. Көшпелі тұрмыс жағдайында қазақтардың өмір сүруін қамтамасыз ететін жердің заңмен Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы, мал шарушылығының құлдырауы, егіншіліктің азаюы т.с.с. Бұл дағдарыстың айқын көрінісі Қазақстан және Орталық Азия халықтарының 1916 жылғы жалпы бұқаралық сипат алған ұлт - азаттық қозғалыс болды. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған қозғалыс барысында жалпыұлттық ұрандар көтерілді. Оның негізгі қозғаушы күші - қазақ ауылының еңбекші шаруалары, оған ішінара жұмысшы тобы өкілдері, байлар да, билерде, молдалар да, болыс басшылары да, зиялы қауымның әр түрлі топтары да белсене араласты. Көтеріліс ең алдымен отаршыл жүйеге қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді. Ал оның әлеуметтік мәні - өз билеушілеріне қарсы күрес екінші кезекке ысырылды. Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты - Жетісу облысында Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, С. Қанаев, Қ. Шорманов, Қ. Құдайбергенов, Т. Бокин, Б. Әшекеев; Торғай облысында Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдин; Ақмола облысында Ә. Майкөтов; Бөкей даласында С. Меңдешев; Ақтөбе облысында Б. Алманов; Сырдария облысында Т. Рысқұлов; Орал облысында Ә. Әйтиевтер басқарды. 1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзетітөңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғайболды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді
8. Ресейдегі 1917 жылғы ақпан революциясы және оның Қазақстанға әсері
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы - Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты.
9. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі және оның Қазақстанға әсері.
Қазан төңкерісі (орыс. Октябрьская революция) — 1917 жылдың 25 қазан (7 қараша) күні Санкт-Петербургта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс Владимир Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен Ресей уақытша үкіметіне қарсы жүзеге асырылды. Бұрынғы империядан Уақытша үкіметке ауыр мұра қалды: таптық, әлеуметтік, экономикалық, ұлттық, діни қайшылықтар. Империалистік соғыс ұзаққа созылып кетті. Уақытша үкімет ұлт мәселесін, аграрлық мәселені түбегейлі шешіп бере алмады. Елге ашаршылық қаупі төнді. Еңбекшілердің Уақытша үкімет саясатына наразылығы күшейді. Сырдария, Жетісу облыстарының тұтас аудандарын аштық жайлады.
Жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңестерінің ықпалы барған сайын арта түсті. 1917 жылғы мамырда Семей облысындағы Даубай кенішінде, Риддерде жұмысшылар ереуілі болып өтті. Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің бастамасымен Петропавл, Семей, Орал, Перовскінің кәсіпорындарында, кен зауытында, мұнай өнеркәсібінде 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді.
Уақытша үкіметтен жер де, астық та алмаған шаруалар аграрлық мəселені өздерінше шеше бастады. Болыстар мен ауылнайлардың жері мен малын күшпен тартып алды. Верный уезінің болыстарында болыстарды орнынан түсіріп, байлардың көп малын айдап кетті. Қарқаралы, Павлодар уездерінде Бөкей Ордасында қазақ шаруаларының бой көрсетулері болды.
1917 жылғы 29 тамызда Перовск Кеңесі бүкіл өкімет билігін Кеңестерге беру қажеттігі туралы қарар қабылдады. Семейде бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілгендігі туралы қарар қабылданды. Черняев, Әулиеата Кеңестері де оындай көзқарас ұстанды. 1917 жылдың күзіне қарай революциялық өрлеу қуатты серпін алды.
Темір, Қостанай, Петропавл уездерінде, Бөкей даласында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай бой көрсетулері көбейді. Перовскіде солдатқа алынғандар əйелдерінің манифестациясы өтті. Павлодар, Петропавл, Верный, Əулиеатада еңбекші əйелдердің бой көрсетулері болды.
1917 жылғы 22 қарашада Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV сьезд ашылды. Съезді ашқан Мұстафа Шоқай: “Орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтарды өзін-өзі қорғаудың және ұлы ұлттық төңкерісті құтқарудың жайын ойлауға мәжбүр етуде” – деп мәлімдеді. Съезде Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев сайланды. Кейін оны М.Шоқай алмастырды. Жаңа мемлекеттік құрылым Түркістан автономиясы деп аталды. Ислам – мемлекеттік дін деп танылды.
1917 жылғы қарашада Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болды. Ташкентте Жәми мешітінде мыңдаған адам қатысқан митинг өтті. Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі орталыққа: "Қоқанда кертартпа тап өкілдері Түркістан өлкесінің автономиясын жариялады" – деп хабарлады. 1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. Қызыл жұмысшылар отрядтары, армян партиясының милиция отрядтары, Ташкент гарнизонының бөлімі Қоқанға аттандырылды. 5 ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды.
1. Аумақтық-ұлттық автономия құру.
2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауын беру.
3. Автономиялы Алаш облыстарының аумағын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау.
4. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан өкілдер болуы тиіс.
5. Алашорда Уақытша Халық Кеңесін 25 мүшеден құрып, оның 10 мүшесін орыс жəне басқа халық өкілдерінен сайлау.
6. Алашорданың уақытша орталығы етіп Семей қаласын таңдау.
Алашорда Кеңесінің төрағасы болып Ə.Бөкейханов сайланды.
1917 жылы “Қазақ” газетінде “Алаш” партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы жарияланды. Бұл құжатта партияның мемлекеттік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту, аграрлық мәселелер көрсетілді. “Алаш” партиясы сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
1917 жылғы қараша мен 1918 жылғы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында – 57,5%, Семей уезінде – 85,6%, Торғай, Орал губернияларында – 75% жинады.
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысу жолдарын қарастырмады. Əр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. “Алаш” партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге оппозиция болды.
10. Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.[1]Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері Азамат соғысының ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армияқатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
11. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің қалыптасуы.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамыздақұрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытайменшектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинаданкейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған. Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысыжәне Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғыменсалыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылғадейін 2,5 есе өскен.
12. Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
Өнеркәсіптің национализациялауымен пайда болған басқару жүйесі бірден шамадан тыс орталықтанғандық белгілерге ие болып, бюрократизмге жол ашты. Маманданған жұмысшылар жеткіліксіз болды. Басқару аппаратының жеке буындары арасындағы үйлесімсіздік, шикізаттың тапшылығы, транспорттың берекесінің кетуі, көп жағдайда саяси және әскери органдардың өндірістік істерге кәсіби емес араласуымен ұштасып жатты. Төтенше шаралар қолдану, билікті шамадан тыс пайдалану әдеттегі іске айналды.
13. ҰЭП кезіндегі Қазақстанның экономикалық дамуы.
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысысалдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңаэкономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.. Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.
Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.
Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.
Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.
Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.
Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.
14. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.Жаңа экономикалық саясат нəтижесінде кооперативтік қозғалыс дами түсті. Мал саны 40,5 млн-ға жетті. Ф.И.Голощекин “ауылды кеңестендіру” ұранымен “жаңа революция” жүргізудің идеялық-cаяси негізін жасады. Наразылық білдірген Т.Рысқұлов БК(б)П Орталық Комитетінің қарамағына шақырылды, ал С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев “ұлтшыл” деп айыпталды. Шабындық жəне егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. И.В.Сталиннің нұсқауымен астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етілді. Ф.Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді, 31 мыңдай шаруа жазаланды, 277 шаруа атылды.
Ұжымдастыру бай-кулактарды тəркілеуден басталды. 1928 жылғы тамызда “Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тəркілеу жəне жер аудару туралы” декрет жарияланды. Бай-феодалдар өздерінің мүліктік жəне қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деп саналды. Ең ірі 657 байлар мен жартылай феодалдар жер аударылды. Олардан 145 мың мал тартып алынып, ауылшаруашылық құралдары 877 ұжымшарға, 24 491 шаруашылыққа бөлініп берілді.
1927 жылы желтоқсанда өткен Компартияның ХV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік, кооперативтендірудің жоғары формаларына кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. ҚазақАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді
Ұжымдастыру идеясы мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен әкімшілдік-күштеу əдістерімен жеделдете жүргізілді. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мəдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.
15. Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, ауқымы. Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол – елді жаңғыртудың міндетті шарты 1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді.Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды.Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін дамыған қатынас жолдарын, атап айтқанда, темір жол желісін салу кажеттігі туды. Алматыдан Семейге дейін созылуға тиіс болган Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды.• 1927 жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынып, 1931 жылы ол Ақмолаға дейін созылды. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат
тасымалдау үшін АқмолаҚарағанды, Илецк-Орал, РубцовскРиддер, ал 1940 жылы Қарағанды-Жезқазғанжолдары салынды. 1928-1940 жылдары республиканың темір жол желісі 50 пайызғаөсіп, 1658 км-ге жетті. Сібір мен Орта Азияны
Индустрияландырудың жетістіктері• 1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл – шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикағаайналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді.Қарағанды көмірбассейні Донбасспен Кузбастан кейінгі КСРОның үшінші көмір ошағына айналды.
16. Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды роль атқарды. 1941-1942 жылдары жаудың қоластында қалған аудандардан 1.2 млн. бас ірі-қара мал айдап әкелініп республикамыздың жер-жеріне орналастырылды, 1943 жылдан бастап осы малдар жаудан босатылған аудандарға кері қайтарыла бастаған. 1943-1944 жылдары 500 мың бас малды әкелген жерлеріне қайта жеткізіп берген.
Соғыстың алғашқы айларында Қазақстанға өндірістік маңызы бар мекемелер көшірілу ұйымдастырылды. Қазақстан территориясына қысқа мерзім ішінде 142 мекеме еліміздің батыс аймағынан 532.506 адам көшіріліп әкелінді
.17. Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы қоғамдық-саяси жағдай. 1938-1941 жылдары іске асырылған шаралар:1. Қарсақпай мыс балқыту зауытын қайта құру мен кеңейту.
2. Жезқазған мыс балқыту зауытын салу.
3. Алтайда түсті металлургияны дамыту.
4. Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлап бұрғылау ісін жеделдету.
Үшінші бесжылдық жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тəжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күніне, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді. 1940 жылдың соңында мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі пайда болды. Әйелдердің жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды. П.Ангелинаның тракторды меңгеруге шақырған бастамасымен ондаған мың қыздар мен əйелдер тракторшы мамандығын меңгерді. Соғыс қарсаңында инженер мен техниктердің саны артты, құрылыстарды салу жеделдеді. Құрылыста лагерьлік экономикаға жақын шаруалардың тегін күші пайдаланылды.
1940 жылы ұзындығы 806 шақырымдық Ақмола-Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде екпінді құрылыс ретінде салынды. Қарағандыдан Магнитогорскіге көмір тасу 500 шақырымға қысқарды.
Атырау-Қандыағаш, Қандыағаш-Орск, Шығыс Қазақстан мен Семей облысындағы 806 км. “Шығыс орамы” , Алматы-Сарыөзек, Жамбыл-Алакөл темір жолдары салынды. Барлығы 2681 шақырым теміржол, оның 1358 шақырымы пайдалануға берілді.
Соғыстың алдындағы жылдарда түсті металлургия жоғары қарқынмен дамыды. Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногор, Зырянов полиметалл зауыттары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеніштері салынды. Салынып жатқан құрылыстар қатарына Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Текелі полиметалл, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары жатты. Лениногор комбинаты, Қарсақпай, Ертіс мыс балқыту зауыттары қайта құрылды. Шымкент қорғасын зауытының қорғасыны одақтағы ең таңдаулы деп танылды. Химия өнеркәсібі және радиоландыру жоғары қарқынмен дамыды. 1940 жылы 2580 ірі кəсіпорын жұмыс істеді. 1940 жылы Қазақстан Одақ бойынша қорғасынның 87%-ын, мыстың 21%-ын өндірді.
Халықтық құрылыс әдісімен каналдар мен суландыру жүйелері салынды. Батыс Қазақстанда Жайық-Көшім каналы пайдалануға берілді. Бетпақдаланы игеру жедел қарқынмен жүргізілді. Тұрғын үй құрылысына бөлінетін күрделі қаржы артты. Ауруханалар, дүкендер, асханалар көптеп салына бастады.
18. XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
Ересектер арасында сауатсыздықты жою
Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.
1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын
өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
19. Ұлы Отан соғысының тарихында Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды қазақ жерінен шыққан батырлардың есімдері алтын әріппен жазылды.
20.1942 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы жанынан аспирантура ұйымдасты-рылды. Соғыс жылдарында онда 237 адам оқып, 63 адам докторлық және кандидаттық диссертация қорғады. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының ғылыми –техникалық қызметкерлерінің саны 1940 жылғы 152 адамның орнына 1945 жылдың аяғында 864 адамға жетті.
1941 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы жанынан астрономиялық обсерва-тория ұйымдастырылды. 1942 жылы Тіл, әдебиет және тарих институты, Химия-металлургия инсти-туты, 19431945 ж.ж. – Топырақтану мен ботаникға, зоологимя мен өлкелік патология институттары құрылды. Кейіннен Химия-металлургия институты Химия-институты мен Металлургия және кен байыту институтына, Тіл, әдебиет және тарих институты Тіл және әдебиет институты мен Тарих, археология және этнография институтына бөлінді.
1945 жылдың аяғына қарай КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының 16 институты және 7 секторы болды, ғылыми проблематика кеңейді. Зерттеу жұмысына бөлінген қаржы 11 есе көбейді. Ал 1945 жылдың аяғына қарай Қазақстанға барлығы 754 ғылыми мекемелер, лабораториялар мен стансалар болды.
21. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық дамуы (1946-1953 ж.ж.
1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946–1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылғын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамуына, жаңа темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді.
Еңбекшілер қауымының қажырлы қайрат көрсетуінің нәтижесінде 1946–1951 жылдары республикада болат прокатын, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Бесжылдық жылдарында қара металлургия қарышты қадаммен дамыды. Теміртаудағы металлургия зауытында үй прокат станы мен екі мартен пеші, Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында кәсіпорынның үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Екібастұз алабында көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Маңғыстауда мұнай кәсіпшіліктері қатарға қосылумен болды.
22. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси дамуы (1946-1953 жж.
Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.
Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғамда тоталитарлық, авторитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның басына табынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада коммунизмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады. Коммунизмнің теориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде бағаланды. Республикада осылай қияли утопиялық көзқарас пайда болды. Коммунистік партия қияли коммунистік идеологияның мүддесін халықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қойды. Адам мүддесімен ешкім санаспады.
23. 1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.
24. Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
25. 1953-1964 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы. Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.
Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.
26. Тың жерлерді игеру. Әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, демографиялық зардаптары. Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
27. 1960 жылдардың екінші жартысы – 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық-
саяси дамуы. Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.
28. 1960 жылдардың екінші жартысы – 80 жылдардың бірінші жартысы Қазақстандағы өнеркәсіп пен
ауыл шаруашылығының дамуы. Өнеркәсіптің даму қарқыны. Техникалық прогрестің негізінде республика үшін өнеркөсіптің жаңа салалары дами бастады. Республика титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар шығара бастады. Өскемен конденсатор және Кентау трансформатор зауыты, Семей кабель зауыты тәрізді электротехникалық машина жасаудың ірі кәсіпорындары қатарға қосылды. Павлодар машина жасау зауыты трактор зауыты болып қайта құрылды. Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналды. Маңғыстаудағы мұнай және газ кең орындарын игеру женінде ірі шаралар жүзеге асырылды. 1965 жылы Өзен кен орны өзінің бірінші мұнайын берді. Ауыл шаруашылығын өркендетуге арналған іс-шаралар. КОКП ОК-нің 1965 жылғы наурыз Пленумында ел басшылары тиімді аграрлық саясат талдамасын түзуге кезекті әрекетін жасады. Оның шешімдері колхоздар мен совхоздардың экономикасын көтеруге бағытталған шаралар жүйесін қарастырды. Бірнеше жылға тұрақты жоспарлар белгіленіп, ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы екі есе өсіріліп, жоспардан тыс өнімдер үшін үстем ақы телеу еңгізілді. Колхоздардан табыс салығын алудың шарттары өзгертіліп, шаруашылыктардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
1965 жылдан кейін ауыл-селолардың мұқтаждықтарына бөлінген қаржы көлемі ұлғайды. Алайда Пленум қабылдаған шаралар ауыл шаруашылығындағы экономикалық қатынастарды түбірімен өзгерте алмады және айтулы жетістіктерге жеткізбеді. Ауыл шаруашылығына бөлінген күрделі қаржыны көбейту совхоздардың материалдық-техникалық базасын нығайтқанымен, терең экономикалық ерістеуге жеткізбей, халықтың тұрмыс дәрежесінің жақсаруын қамтамасыз ете алмады.
29. 40-жылдардың екінші жартысы-80-жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениетінің
дамуы. ХХ ғасыр. Абайданбасталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағытолқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
30. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-1991 ж.ж.) Жекешелендірудің қисынын түсіну үшін сол кезеңде қалыптасқан жалпы жағдайды суреттеп көрейік. Қазақстан экономикасы жалпы одақтық экономиканың басқа одақтас республикаларды шикізатпен қамтамасыз ету міндетін атқаратын жеке бір элементі болып табылатын. Мысалы, Қазақстаннан өндірілген мұнайдың 70 пайызы, темір рудасының 55 пайызы, көмірдің 28 пайызы, қара металдың 46 пайызы, синтетикалық каучуктың 86 пайызы және негізгі химия өнімдерінің 54 пайызы шетке шығарылды. Сөйте тұра, республика сырттан әкелінетін, жан басына шаққандағы халық тұтынатын тауарларды өндіру жөнінде бұрынғы КСРО-ның 15 республикасы ішінде 12-ші орынды иеленді.
31. Қайта құру» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
32. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбинтағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
33.. Қазақстан тәуелсіздік жолында. КСРО-ның ыдырауы. КСРО-ның ыдырауы орталық одақтық өкiмет және одақтас республикалардың жоғарғы кеңестері, президенттері орындарына жаңа сайланған өкiмет өкiлдерінiң арасындағы өткiр қарсы тұрумен бейнелендi. Республикалық жоғарғы кеңестер 1989—1990 жылдары барлығы бірдей мемлекеттiк егемендiк туралы декларацияларын қабылдап, кейбiреулері - тәуелсiздiк декларациясын жариялады.
КСРО-ның 15 республикасының 9-ында 1991 жылдың 17 наурызында азаматтардың үштен екiсi жаңартылған одақтың сақталуын шешу мақсатында Бүкiлодақтық референдум жүргiзiлдi. Бірақ орталық өкiметке ахуалды тұрақтандырудың сәтi түспедi.
Сәтi түспеген мемлекеттiк төңкерістің нәтижесінде Балтық жағалауы республикаларының тәуелсiздiгiнiң ресми мойындауы болды. Украина тәуелсiздiгi жарияланған Бүкiл Украиналық референдумнан кейiн КСРО-ны сақтау мүмкiн емес болды. Беларусь, Украина және Ресей Федерациясы 1991 жылдың 8 желтоқсан күні қол қойған Тәуелсiз мемлекеттердiң достастығын құру туралы келiсiмде мәлiмдеген.
34. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы
1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь, РКФСР, Украина республикаларының басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күшін жойғанын жариялады. Сонымен қатар Тəуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) құрылғандығын мәлімдеді. 1991 жылғы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстанн басшылары бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді қолдайтындықтарын білдірді.
1991 жылдың желтоқсанына дейін КСРО-ның құрамында болған республикалардың бəрі мемлекеттік тəуелсіздігін жариялады. Қазақстанда тəуелсіздік алуға қарсы күштер белең алды. Орыс автономиясын құру немесе солтүстік облыстарды Ресейге қосу идеялары көрініс берді. Тəуелсіздік туралы заңды қабылдауды референдумға салу талаптары алға тартылды.
1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп өзгертілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда 98,78% дауыспен Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 10 желтоқсанда Н.Ə.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады. 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Əзірбайжан, Армения басшылары бас қосты.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды. КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты.
Бұл кездесуде ядролық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь) ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті.
35. Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық даму.Қазақстан тауар айналымының жалпы көлемінің қалыптасуындағы айқындаушы рөл бұрынғы КСРО-ның басқа республикаларымен өзара қатынасына тиесілі болды, яғни, Қазақстанға жалпы сырттан әкелінетін материалдық ресурстардың көлемі 84 пайызды, ал одан жалпы сыртқа шығарылатын өнім көлемі 91 пайызды құрады. Мысалы, сырттан әкелінетін өнімдердің ең көп үлесі (34 пайыз) металл өңдеу мен машина жасау салаларына тиді.
36. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. 1985 жылдан кейінгі Қазақстан эволюциясының басты қорытындысының бірі - саяси плюрализм арқылы көппартиялық жүйеге өту болатын. Біртіндеп саясиландырылған қозғалыстардың жаппай өрістеуі Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуына жол ашты. Негізі азаматтық және саяси қозғалыс барысында өз еркін білдіруге деген құқықты пайдалануға талпыныс 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен бастау алған еді. Ал көппартиялық үрдісін қалыптастыру болса, ол діни және саяси радикализм мен экстремизмге тосқауыл қоюға, барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың, олардың қоғамдағы билік құрылымдарымен тиянақты және тұрақты пікірталас аясын кеңейту мүмкіндігін туғызды. Сонымен бірге көппартиялық үрдіс кез келген партия мен топтар тарапынан саяси билікті монополиялауға тосқауыл қоюға жағдай жасады. Сөйтіп еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамдық бірлестіктердің, ең алдымен партиялар мен қозғалыстардың қызметі арқылы басталған өзгерістер неғұрлым тиімді түрде жүзеге асырыла бастады.
37. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтардақабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы, 2007 жылы, 2011 жылы, 2019 жылы және 2022 жылы түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 7 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат- 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.[1][2]
38. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатыбелсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ол 2010 жылы басқарған), Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесінің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының және НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" бағдарламасының мүшесі болып табылады. Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағын құрды, ол Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа, содан кейін 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа айналды.
39. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасының Конституциясы— Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтардақабылданған болатын.