М. Мақатаев әлемі (Әдеби сазды кеш) Кітапхана меңгерушісі: А. Утебаева



Дата31.12.2019
өлшемі20,43 Kb.
#55338
"Бірлік" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мектебі
Тақырыбы:


М.Мақатаев

әлемі

(ӘДЕБИ САЗДЫ КЕШ)

Кітапхана меңгерушісі: А.Утебаева.


2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: "Мұқағали Мақатаев әлемі"

Мақсаты: ғасырлар тоғысында "ғасыр ақыны " атанған Мұқағали Мақатаевтың талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Оқушының сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға баулып, рухани танымын кеңейту.

Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгнршілікке тәрбиелеу.
Кештің жоспары:

1. "Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім" (өмірдерек)

2. "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" (ақынның әр тақырыптағы өлеңдері)

3. "Аққулар ұйықтағанда" (поэмадан үзінді)

4. Мұқағалидың өмірінен танымдық сұрақтар.

4. Қорытынды : "Есіңе мені алғайсың", "Қарасаз" , "Майгүліме", "Сәби болғым келеді".


Көрнекіліктері: ақын портреті, ақын өлеңдерінен үзінділер, ақын туралы ақын - жазушылар естеліктері, "Мұқағали мәңгілік ғұмыр" кітап көрмесі.
Кештің барысы:

1-жүргізуші: Қымбатты қонақтар,ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгін сіздер мен біздер қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайлы, оның өрелі өлеңдері жайлы ой өрбітпек мақсатта бас қосып отырмыз.

2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған "Мұқағали Мақатаев әлемі" атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі - ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ.

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай!

"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған"

деп Абай айтқандай Мұқағали Мақатаев өмірден ер те кетсе де біз үшін мәңгі тірі өшпес бейне. Жүрегімізде жатталып, көңілімізде сақталып қалмақ.



1-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидың азан шақырып қойған толық аты -Мұхаметқали. "Пайғамбардың " атын түгел айту балаға ауыр болады деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали деп атап кеткен.

Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Ол өзінің еңбек жолын ауылдық кеңестің хатшысы қызметінен бастап, одан ірі әдебиет пәнінің мұғалімі, республикалық газеттің тілшісі, қазақ радиосының дикторы. "Жұлдыз" журналының әдеби қызметкері, Жазушылар одағы поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңесшісі міндеттерін атқарды. Көптеген жинақтарын оқырман қауымға ұсынды. Бүгінде ақынның өлеңдері поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды.

Ақынның "Аманат" жыр жинағы 2007 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.

"Есіңе мені алғайсың", "Күрең күз", "Сәби болғым келеді", "Мен деп ойла", "Жарығым -ай", "Бала ғашық", тағы басқа әндері.

Жазушы баспасының ұжымы қайтақұру және демократия талаптарын ескере отырып республикалық "Тұлпар" сыйлығының мәртебесін бекітті. Аталмыш сыйлық екі жылда бір рет көркем проза, поэзия және әдеби сын саласындағы үздік шығармаларға беріледі.Тұңғыш белгіленіп отырған "Тұлпар" сыйлығы 1991 жылы қазақ елінің үлкен ақыны марқұм Мұқағали Мақатаевтың "Жырлайды жүрек" атты өлеңдер мен дастандар кітабына берілген болатын.

Құрметті көрермен қауым, енді назарларыңызға Мұқағали Мақатаевтың

әндеріне кезек берейік.

2-жүргізуші:

Ән: "Сәби болғым келеді" орындайтын Әшірбаев Нүркен. 9 "Ә" сынып оқушысы.

Сәрсенбай Мерей. "Кетерме екем " 3 сынып

Өтеп Сымбат. "Мен бір жаққа асығамын." 10 сынып

Бердіқұлова Айдана "Анашым" 4 сынып

2-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастарымен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын-ала сезді ме?

Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың,-

деп толғанады, Л.Абдықалықова осы өлеңге ән жазады.



Ән: "Есіңе мені алғайсың" Жамал Құралайдың орындауында. Ән: "Арулар" Жұмабаева Үміт.

Әлім Бексұлтан. "Бауыржан Момышұлына"

1-жүргізуші: Туған жерге,туған елге,халқына,Отанына деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын:

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ақызбайын,- дейді ақын.
Ән: "Үш бақытым "Қарасаз" Базарбай Ұлжаннның орындауында

Ән: "Күрең күз" Әшірбаев Нүркеннің орындауында.

Бектуған Рәзия. "Фаризаға"

Жамал Құралай "Саржайлау"

Абдіқадыр Меруерт "Поэзия"
2-жүргізуші: Ақынның шығармаларының үлкен бір саласы- оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі- "Аққулар ұйықтағанда" Бұл поэма

1973 жылы "Жалын" жинағында жарияланды. ЕНдігі кезекті поэмадан

үзіндіге назар аударыңыздар.

1. Өтеп Сымбат.

2. Дауылбаева Айнұр.
1-жүргізуші: " Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы.

Әлі талай келер ұрпақ толғайды.

Туған күні тойланған шын ақынның

Өлген күні болған емес, болмайды" деп Жарасқан Әбдіраш жырлағандай, Мұқағали Мақатаев - ғасырдан ғасырға жырлары жаңарып жетіп отыратын, тот баспайтын шын асыл.

Ендігі кезекте Мұқағали Мақатевтың

"Арыз жазып кетейін" өлңі Өтеп Сымбаттың орындауында.

"Досым саған сенем" Әліпбай Айзаттың орындауында

"Мен деп ойла" Әшірбаева Нұршат.

"Әкеме" Омар Жанелдің орындауында

"Нені көрдім" Алиев Айбектің орындауында

"Өмір сүрейік алмасып" Жұмабай Үміттің орындауында.
2-жүргізуші: Ақынның бейнесі жылдар өткен сайын биіктеп тұлғалана түседі. Тау биіктегенімен, теңіз тереңдегенімен, дала кеңдігімен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен, сүйікті өлеңдерімен көрікті. Мұқағали поэзиясы - таусылмайтын қайнар бұлақ.
Мұқағали Мақатаевтың өмірінен танымдық сұрақтар.
1. Мұқағали Мақатаев қай жерде, қай жылы дүниеге келді? (М.Мақатаев

1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген)
2 . Мұқағалидың азан шақырып қойған аты? (Мұқаметқали)

3. Мұқағалидың неше баласы бар? (баласы алтау,қазір төртеу.Ұлдары-Жұлдыз, Айбар, қыздары-Алмагүл, Шолпан)

4. Ақынның жарының аты кім? (Лашын)

5. Ақын "Фариза қыз" өлеңін кімге арнап жазған? (Фариза Оңғарсынова)

6. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңде жазған? (Менің анкетам)

7. Ақынның анасының аты кім? (Нағиман)

8. Ақын орыс ақындарынан кімді өзіне жақын тартты? (Сергей Есенин)

9. Мұқағали ағамыздың өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім?



(Нұрғиса Тілендиев. "Саржайлау", "Дариға,домбырамды берші маған" т.б.)

10. Мұқағалидың әкесінің аты кім? (Сүлеймен)


1-жүргізуші: Құрметті тыңдарман қауым! Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке,өз ұлтын сүйе білуге баулысақ сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманды бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген Мұқағали Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес!

Осымен "Мұқағали Мақатаев әлемі" атты әдеби сазды кешіміз



аяқталды. Қош сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет