М. О.Әуезов атындағы оңтүстік



бет1/8
Дата12.03.2022
өлшемі58,05 Kb.
#135350
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
352798 (1)


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


М.О.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан университеті


Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару кафедрасы
Апсеметов А.Т.
6В07110 «Автоматтандыру және басқару» БББ студенттері үшін


Роботтар мен роботехникалық жүйелерді басқару


пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға
Әдістемелік нұсқаулар


Шымкент, 2022 ж.
ӘОЖ 681.576

Құрастырушы т.ғ.к., доцент А.Т.Апсеметов


«Роботтар мен роботехникалық жүйелерді басқару» пәні бойынша студенттің өзіндік жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар. – Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚУ, 2022, – 15 бет.

Әдістемелік нұсқаулар оқу жоспары мен “Роботтар мен роботехникалық жүйелерді басқару” пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және студенттің өзіндік жұмыстарын орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.


Әдістемелік нұсқаулар 6В07110 «Автоматтандыру және басқару» БББ студенттері үшін арналған


Пікір беруші: Макажанов Б.Т. - т.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ АТБ кафедра доценті


АТжБ кафедра мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылған


(« ____» ______ 2022 ж. № ___ хаттама)
АТжЭ жоғары мектебінің оқытудың инновациялық технологиясы және әдістемелік қамтамасыз ету комитеті
(« ____» ______ 2022 ж. № ___ хаттама)
Баспаға М.Ауезов атындағы ОҚУ-нің Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған
«____» ______ 2022 ж. № ___ хаттама
© М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚУ), 2022 ж.
Жауапты Апсеметов А.Т.


Кіріспе

«Роботтар мен роботехникалық жүйелерді басқару» пәнді оқыту мақсаты роботтарды, робот техникасы құралдарын, осындай құралдарды қамтитын техникалық жүйелер мен кешендерді автоматты, автоматтандырылған және қолмен басқару жүйелерінің теориялық негіздерін меңгеру, сондай-ақ виртуалды роботты басқару бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, тестілеу және пайдалану дағдыларына иелену.


Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студенттің нақты білімін және тәжірибелік іскерлігін жетілдіруге арналған ұдайы ізденушілігі.
СӨЖ үшін берілетін тапсырмалар Дәріс тақырыбынан ауытқымау керек. Тапсырманың орындалуын тексеру оқытушының аудиториядан тыс уақытында іске асуы керек және СӨЖ-ді тапсыру ауызша, презентация немесе компьютерлік программа түрінде өткізіледі. Егер СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін компьютерлік класс немесе зертхана керек болса, онда студенттер үшін арнайы уақыт бөлінуі керек.
Жалпы мақсаттары. Тапсырмаларды орындау, автоматика құрылғылары мен элементтерінің теориялық негіздері мен жұмыс істеу принциптерін меңгеріп, баптау параметрлерін есептеу, бастапқы мәліметтерді лабораториялық жұмыстарға дайындау, оларды өткізу нәтижелерді таңдау, орындалған жұмыс нәтижелерін рәсімдеу бойынша теориялық білімнің бекітілуі және тәжірибелік біліктіліктің қалыптасуы.
Студенттердің жұмыстарын ұйымдастырудың жалпы мақсаты оларды өздігінен білім алуға, танымдық іс-әрекетін дамыта білуге, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, ғылыми ізденіске үйрету. Тек өз еңбегімен алған білім ғана едәуір терең және берік болып қалыптасады, есте ұзақ сақталады және білім алуға құштарлығын арттырады.
Өзіндік жұмыстарды орындау үшін оқулықтарды, қосымша әдебиеттерді, анықтамалық құралдарды, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, олардан алынған қажетті материалды конспектілей білу, теориялық білімді тәжірибеге өздігінен қолдана білу, яғни тапсырмаларды, жаттығуларды орындай білу, баяндамалар дайындау т.б. жұмыстарға баулу керек.
Өзіндік жұмыстардың көлемі оқу бағдарламасындағы білімдер жүйесі бойынша анықталады. Дәрістерді толығымен қамту мүмкіндігі аз, бірақ меңгеруге жеңіл оқу материалдары, теориялық материалды пысықтауға арналған тапсырмалар, баяндамалар дайындау, қажетті материалдар табу, оларды таңдай білу т.с.с. бірқатар жұмыстар өзіндік жұмыстардың негіздерін құрайды.
СӨЖ пәннің белгілі бір бөлімдері немесе бірнеше тақырыптар, бөлімдер мен модульдерді қамтитын проблемалары бойынша жүргізіледі.
СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-ің негізгі міндеті дәрістерге және зертханалық-тәжірибелік сабақтарға дайындалу болып табылады. Әрбір мәселеге дайындалу барысында негізгі ережелері мен жауап тезистерін, тұжырымдарды қысқаша, сызба түрінде тіркеп, формулалар мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңыз. Дайындалуға аяқталғаннан кейін өзін-өзі тексеру сұрақтар арқылы өз білімдеріңізді тексеріңіз. Өзіндік жұмыс кезінде қиындықтар тудырған сұрақтарды жазып алыңыз және оларды оқытушыға қойыңыз.
СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалуы тиіс. Дәрістерде өзіндік жұмыс бойынша алынған білімді тереңдету және кеңейту керек.
Аудиториялық сабақтарға шығарылатын мәселелердің көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамти алмайды. Сондықтан өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша студенттің одан әрі жұмысы қажет, бұл СӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖ-ге олардың көмегімен тақырып мазмұны толық ашылатын қосымша сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар және т. б. шығарылады.
СӨЖ мазмұны және формаларды әзірлеу
"Роботтар мен роботехникалық жүйелерді басқару" курсының ерекшеліктері СӨЖ формаларының кең жинағын негіздейді. Бұл төмендегідей формалар:
- оқытушы берген лекциялар конспектілер оқып-үйрену;
- белгілі бір тақырып бойынша шолу – 1÷2 бетке тақырыпқа сай қысқа түрінде әдебиеттік шолуды қосымша әдебиеттерді, Интернетті қолдана отырып жазыңыз;
- курстың терминдері бойынша глоссарий құру – қысқа түсініктерді, терминдерді тақырып бойынша кроссвордпен ауыстыруға болады.
- таңдап алған тақырып бойынша презентацияны дайындау - презентацияда қарастырылатын студенттердің өз түсініктерімен түсінбейтін тұстарын таңдау;
- кейбір ұғымды тұжырымдау, қысқаша эссе жазу.
- оқулық нақты жағдай – студенттерден сұрақтарға не болмаса өзіндік көзқарасын керек ететін жағдайлар;
- жеке жоба – өз еріктерімен білімі жоғары студенттер орындаулары қажет. Тақырыптарында зерттеу саласы көп орын алуы қажет;
- материалдарды ауызша жеткізу (presentation). Өзіндік жұмысқа сәйкес студент берілген тақырыпқа сай өз ойын жеткізеді. Рresentation уақыты – 5÷10 минут. Келесі критерийдің көмегімен бағаланады – тыңдаушыларға қызық болуына және қосымша әдебиеттердің қолдану деңгейіне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет