Қарапайым натюрморт суретін неден бастаған жөн? Сондықтан натюрморт тақырыбын қалай таңдаған дұрыс,оған қандай заттарды таңдаған жөн , оларды қалай орналастырып ,қалай жарықтандырамыз және тағы сол сияқты сұрақтарды қамтиды.
Біз қарапайым ғана оқу жаттығуымен шектелсек те натюрморт тақырып мәселерін бағаламауға болмайды. Бізді қоршаған ортаның бәрі де адам еңбегінің өнімі, бәрі де оның қызметімен байланысты. Адамға ешбір қатысы жоқ зат, бұйым табу мүмкін емес. Кез келген натюрморт әлдебір заттардың жиынтығы емес, онда заттарға деген адамның көзқарасы, қарым-қатынасы көрініс табады. Мысалға, Н.М. Ромадиннің «Ақ түн»
(Белая ночь) деген картинасын алайық. Бұл да өз алдына натюрморт сияқты. Әлдебір адам осы бір ғажап түнде ұйықтай алмай ,ақыр соңында тұңғиық алысқа тартып отырған сияқты. Немесе Ю.И. Пименовтің «Күту» (Ожидание) деген картинасын алалық. Мұнда бар болғаны тұтқасы бөлек жатқан телефон аппараты ғана бейнеленген. Ал аядағы терезеден құрылыстың суреті елес береді. Адам өмірінің толассыз тіршілігі өз көрермендеріне осылайша ұсынылыпты. Бұл мысалдар тәжірибелі суретшілер шығармашылығынан алынды. Дегенмен де шығармашылық шешім беру ерте деген ой қалыптаспасын.
Натюрморт қойылымын жүзеге асыруда заттарды жалаң механикалық топтастыруға болмайды. Әрине, етік пен тіс щеткесін, тәрелке мен сыпырғышты, т.с.с заттардан үндестік те, үйлесім де таппасымыз анық.
Тақырып пен натюрморт заттарын таңдау өзара тығыз байланысты. Заттарды таңдауда берілу сипаты, заттар бояуының жарық, жарық күші (жарық немесе қараңғы зат), беткейінің материалы мен фактурасы есепке алынады. Басқаларға қарағанда біреуін ірірек те алуға болады. Мұндайда қалған ұсақ заттарды негізгі заттың айналасына орналастыру жеңіл тиеді. Натюрморт қойылымын таңдауда әдемі және мазмұнды топтың болғаны жақсы. Бірнеше нұсқасын қатар дайындап, заттарға әр түрлі көзқарас тұрғысынан қараған жөн. Сонымен қатар жарықтандыру жағдайын да шешкен дұрыс. Сондықтан түсетін көлеңкенің, натюрмортты тұтас алғанда да, жекелеген заттардың мәнерлігін сақтауда да кедергі келтірмегені жөн. Мысалға ас үй үстелі үстіндегі натюрмортты алайық. Шыбықтан тоқылған ыдыс, саз балшықтан күйдіріліп жасалған құмыра мен тұз немесе құмшекер салынған дорба үстел үстіне орналастырылады. Мұндағы натюрморт екі бірдей пердемен толықтырылған. Бірі ая ретінде қабырғаға ілінген, екіншісі үстелдің сол жағына қарай ығыстырылған дастархан. Жарықтың түсу бағытына тоқсалсақ, шыбық ыдыстан түскен жарық көлеңкесі саздан жасалған құ Біздің бұған дейін тоқталғанымыздың бәрі тақырып таңдау, заттарды іріктеу, оларды орналастыру мен жарықтандыру туралы болатын. Мұның бәріде натюрморттың композициясы мен қойылымына қатысты. Енді натюрморт суретінің композициясын параққа түсіру жұмыстарына көшейік. Бұл тапсырманы шешу үшін бірнеше нобайды қағаз бетіне түсіреміз. Алдымен сурет үшін қағаз форматын таңдаймыз, қағазды ұзыннан, не көлденең алған дұрыс па, соны шешкен жөн. Кейін суреттің құрылымын қағазға түсіреміз. Аталмыш натюрморттағы материалдар әр түрлі сипатқа ие. Барлығы да күңгірт түсті. Тек құмыраның жоғарғы беті ғана жылтырақтау. Беткейдің жылтыр бөлігі ақ дақ аталады. Суреттің реңдік шешімінде жылтыр дақ пен ақ матадан тігілген дорбаның қайсысы ашықтау екенін анықтап алу қажет. Әдетте ақ дақтар жарық көзінің неғұрлым көп түсетіңдігінен натюрморттағы ең жарық жер болады. Дегенмен ол заттың жылтыр бетінің сипатына қатысты. Заттар күңгірт, жартылай күңгірт, әлсіз жылтыр, аса күшті жылтырақ боп келеді. Сондықтан да ақ дақты натюрморттағы ақшыл түстерден ажыратып алған жөн. Жалпы алғанда суреттегі реңдік шешім аса күрделі. Аса бір елеусіз реңдік қателіктің өзі де сурет үшін күтпеген жағдайдай. Кейде жылтырақ ақ дақтың анадайдан көзге ұрып тұруы немесе қою бояудың баттасып кеткені соншалық зат бетінің жылтыры мүлдем әлсіздеу болуы әбден мүмкін. Сондықтан да суреттегі реңдік шешімді шебер жүзеге асыру үшін әлі де жаттығу керек. Тек ұсынылған мысалмен шектелмеген жөн.
Осы тақырыптағы тағы бір натюрмортты қарастырайық. Мұнда тағы да ас үй үстелі алынған.
Ал алынған заттар әр тектігімен көңіл аударады. Мұнда ағаш та, саздан жасалғанда, металл мен шыны ыдыстар, мата, алма мен қызанақ та, стақанға құйылған мөлдір сұйық та бар. Бұл натюрморттағы шешімнің қиындығы заттардың реңдері бойынша бір-бірімен жақындығы, аса жарық заттың жоқтығында. Сондай-ақ аса қою түсті де заттар жоқ. Сондықтан да неғұрлым кіші диапазонда реңдік сәнділікті көптеп табуға тура келеді.
Ірі заттардан құрылған натюрморт суреті
Жоғарыда айтылғандай интерьер суретіне көшелік. Интерьерде салынатын натюрморттың өзіне тән қиындығы бар. Ірі заттардан құрылатын натюрморт кішкентай натюрмортқа қарағанда кеңістікте көп орын алады. Осыған байланысты әр түрлі биіктікте орналасқан заттарды салу қиындық келтіреді.
Бұндай суретті сәтті орындау үшін жұмысты кезең бойынша жүзеге асырған жөн. Әрине, жұмыс шағындау нобайлық долбардан басталады. Ал композициялық нобайда суретті жалпылау мен жарықтандыру басты роль атқарады.
Қарапайым ғана тұрмыстық заттар: жәшік, шелек, бидон, сыпырғыш пен пердені нысанға алайық. Бұл заттарды аса ірі деп те айтуға болмас. Олар біз жоғарыда қарастырған пердемен бүркемеленген орындықтан әлдеқайда кіші. Бірақ олардың үстел үстіндегі натюрморт заттарынан үлкен екендігі сөзсіз. Натюрмортқа үлгі ретінде алынған шелек әдеттегідей қалыпты жағдайда тұрмағанын, жантайтып қойылғанын байқаймыз. Конус немесе цилиндр тәрізді заттарды былайша орналастыру шынайы өмірде көп кездеседі. Сондықтан бұғанда жаттыққан абзал. Суретті салуда симметрия мен айналу осьтерін пайдалану қажет.
Натюрморт суретін салуда заттар тобының бүтін көрінісін сақтаған жөн. Бұл туралы цилиндр мен текшеден тұратын заттар тобының суретін талдағанда кеңірек тоқталған болатынбыз. Мұнда топтың барлық заттарының конструктивтік құрылымын көре білу қажет. Суретке жекелеген заттарды кезек бойынша салуға болмайды. Натюрморттағы барлық заттар тобының сыртқы өлшемін тұтас бейнелеген жөн. Сурет салу барысында жекелеген заттардың өзара қатысын анықтап, әлсін-әлсін тексеріп отырған дұрыс. Мысалы, жәшік бұрышының шелекпен бидон аузының, шелек түбімен аралығын қатаң қадағалаған жағдайда өлшем заңдылығы сақталады. Осындай салыстырмалылықпен қарым- қатынасты мыңдап табуға болады. Бұл мыңдаған байланыстың бәріне тоқталып тексеріп отыр деген сөз емес, суреттің дұрыс құрылуы үшін ең қажеттісін ғана алуға болады. «Шелектің суретін салсаң –жәшікке қара» деген мысал көп айтылатыны осыдан болар. Яғни, бөлшектерді бейнелей отырып, бүтінді назардан тыс қалдырмау керек.
Натюрморт суретін салуда заттардың орналасу орнына басты көңіл бөлінеді. «Қарапайым гипс құмыра суреті» тарауында суретті салуда заттардың орналасу алаңының дұрыс алыну қажеттілігі айтылған болатын. Осы ережені одан әрі тарқата айтсақ натюрморттағы орналасу алаңының дұрыс есептелуі заттардың орналасқан жерін, жақын не алас, оң немесе сол жақта орналасуын қатаң сақтауға мүмкіндік береді. Бұл кеңістікті және заттардың өзара орналасу тәртібін дұрыс бейнелеу үшін қажетті. Қате салынды делінген натюрморттардың басты кемшілігі де осыдан келіп шығады. Бірде заттар бір-біріне міңгесіп жатса, енді бірінде аралары ат шаптырымдай боп, бір-біріне мүлдем жуыспай жатады.
Реңдік өңдеуде де заттар бояуын бір-бірімен салыстыра қараған дұрыс. Сурет салуда шелектің алдыңғы шеті түбіне қарағанда көрермен көзіне жақындау екенін ескеру керек. Бұл реңдік айырмашылық арқылы ғана іске асырылады.
Суретті аяқтау бәзбіреулердің түсінігіндей ұсынылған үлгінің фотографиялық көшірмесін дайындау емес. Жақсы аяқталған сурет суретшінің бұған дейінгі еңбегін жауып тұруы қажет. Көрермен суретті салуға кеткен суретші еңбегіне емес, суреттің шынайылығына таң қалу керек. Суретте заттардың материалдық негізі, жарық, кеңістік әдемі берілуі тиіс. Бастысы адамның осы натюрмортқа деген , көрерменнің көңілінде осы натюрмортқа байланысты туындайтын сезімі берілуі керек.
Натюрморт суретіне әр түрлі материалдарды қолдану
Натюрмортта, басқа да суреттерде графит қарындашы, көмір, сангина, соус, қаламұш, тушь, бор, реңді қағаздармен т.с.с. алмастырылады. Натюрморт суретін көмірмен де салған пайдалы. Ол ақшыл сұр сияқты жеңіл түстен бастап, қара барқыт түсті ауыр реңк түс диапазонына ие . Сонымен қатар бөлшектерді оп-оңай өңдеуге де үлкен мүмкіндік береді. Көмірмен сурет салу жекелеген жерлерді асқан дәлдікпен өңдеуде аса тиімді. Бұл туралы орыс ғалымы А.М. Соловьевтің «Рисование с натуры» вып-І деген мақаласында кеңінен айтылған.
Тушь, соус, акварельмен жұмыстанудың да өзіндік пайдасы бар. Бұл ретте графит қарындашпен суреттің негізгі сұлбасын салып алу қажет болады. Дегенмен бұл техниканы алдын ала қарындашпен сызып көрсетпей –ақ жедел нобайлауды бірден қолдануға да болады. Мұндай жұмыс реңк сезімі, жалпылап көру, тұтастай қабылдау қабілетін дамытады. Натюрморт суретін салуда жоғарыда айтылған техникаларды кезектестіріп отырған жөн. Салыну үдерісі ұзақ суреттерді жедел нобайлаумен, графит қарындашты көмір немесе ”жуып бояу” (отмывка) техникасымен алмастырған дұрыс. Бұл қолдың ептілігімен жылдамдығын, көздің көру қасиетін, суретшілік талғамды дамытады.
Әдебиеттер.
Негізгілері:
Рисунок, живопись, композиция.
Хрестоматия. (уч. Пособие для студентов)
Сост. Н.Н.Ростовцев. М., просвещение, 1989г.
Н.В.Одноралов «Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве»
М., «Просвещение» 1988г.
Н.П.Костерин «Учебное рисование» М., «Просвещение» 1980г.
Школа изобразительного искусства.
Рисунок / под.ред. А.М.Смирнова.
Ростовцев.Н.Н. Академический рисунок курс лекция, учеб. для студентов художеств. СССР, 1953ж
Беда.Г.В. Бейнелеу сауаты негіздері. сурет, кескіндеме, композиция 2-ші бас. М.; Просвещение. 1981г.
Радлов. Н.Э. рисование с натуры – 3 – изд. – Л. Художник РСФСР; 1978.
Қосымша әдебиеттер:
Барчай. Е.Анатомия для художников. Будапешт. 1982ж.
Барщ. А.О. Рисунок в средней художеств школе – М. Академиф художеств. СССР, 1963ж.
Бернштейн.М.Д. пробема учебного рисунка. – М, искусство, 1940ж.
Савицкий Г.К. Молодым художникам о мастерстве.
Волков. Н.Н. восприятие предмета и рисунка. – М, АПН,
РСФСР, 1950ж.
Н.В.Кузин «Нобайлар және суреттемелер»
М., «Просвещение» 1981ж.
С.В.Шорохов. « Композиция негіздері»
М., «Просвещение» 1979ж
8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар. -
Қарастырылмаған
9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар:
«Академиялық сурет» курсының жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)
Сызықтық және кеңістік перспективасының негізгі заңдылықтары
Күрделі пішінді затың сараптау (анализ) ерекшеліктері. Мысалы: Құмыра бейнесі
«Жылт», «жарық», «жартылай көлеңке», «көлеңке», «рефлекс» ұғымдары
Нұсқадан қарап сурет салу спецификасы
Бір және екі нүктеде түйісу арқылы интерьер суретін тұрғызу заңдылықтары
Көлеңке теориясының негізгі қағидалары
Жарық көлеңке және өңдік қатынас негізі заңдылықтары
Оқу суретінің қойылымдарын құрастырудағы әдістемелік талаптар
Қарындаш, көмір, сангина, соустың қасиеттері мен қолдану техникасының тәсілдері
Академиялық суреттің ғылыми негізі.
Суреттегі қосалқы сызықтарды пайдаланудың ролі мен маңызы.
Заттарды және суретті қабылдау психологиясы.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
1. Бейнелеу өнерінін түрлерін айтып шығыныз.
2. Бейнелеу өнері жанрдарын атап шығыныз
3. Сурет салғанда ќандай материалдар ќолданады?
4. Сурет салѓанда ќандай техникалармен бейнелейді?
5. Живопись жазғанда ќандай техникалармен бейнелейді?
6. Графиканыњ түрлерін айтып шығыњыз
7. Живопись түрлерін айтып шығыњыз
8. Мүсіннін түрлерін айтып шыѓыњыз
9. Ќол µнерініњ түрлерін айтып шыѓыњыз
10. Жылдам салынатын суретті ќалай атайды?
11. Эскиз дегеніміз не?
12. Эскиз жєне аяќталмаѓан сурет т‰сініктеме беріњіз
13. Композиция дегеніміз не?
14. Композицияныњ зањдары мен ережелері
15. Сызыќтыќ перспектива зањдарын айтыњыз
16. Сызыќтыњ перспективалыќ зањдылыќтарымен ережелері
17. Ауалыќ перспектива дегеніміз не?
18. Суретті ќаѓаз бетіне ќалай орналастырады?
19. Суретті саларда сызыќтыќ – конструктивтік дегенімізді ќалай
т‰сіндіресіз
20. Сурет салудыњ этаптарын айтыњыз
21.Сурет салѓанда жарыќты ќалай ќолданады?
22. «Рефлекс» дегенімізді суретте ќалай кµрсетеді?
23. «Тон» , «Жартылай тон» суретте ќалай кµрсетеді?
24.Заттардыњ кµленкесін суретте ќалай кµрсетеді?
25. Кескінді жасаѓандаѓы этаптарлы айтыњыз
26. Кескінді жазарда т‰стерді ќалай ќолданады?
27. Т‰стер туралы мінездеме
28. Салќын жєне жылы т‰стер дегеніміз не?
29. Салќын т‰стерге ќандай бояулар жатады?
30.Жылы т‰стерге ќандай бояулар жатады?
10.Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса).
Қарастырылмаған
11.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
суреттеме
|
Тақырып бойынша
|
.Как писать акварелью. Москва. АСТ. Астрель. 2002.
|
аптасайын
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Бақылау
|
2
|
нобай
|
Қолдарын жатықтырушын
|
.Как построить композицию и перспективу. Москва. АСТ. Астрель. 2002.
|
аптасайын
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
бақылау
|
3
|
ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау
(барлығы 12 тапсырма)
|
Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру
|
|
ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде
|
Тақырып бойынша
1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)
|
Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
4
|
Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау
|
Ойлау қабылетін тексеру
|
Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты
Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты
|
№4 семинар
№10 семинар
|
Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады
|
Жазба жұмысын тексеру
|
5
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексер
|
|
|
Тест
|
|
Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Сурет дегеніміз не?
Оқу мен шығармашылық суреттің айырмашылығы неде?
Академиялық суреттің мақсаты мен міндеттері?
Пішіннің конструктивті пішіні дегеніміз не? Мысал көрсетіңіз
Қарапайым және күрделі пішіндерді біз қалай түсінеміз? Мысал көрсетіңіз
Суреттегі пішін құрылысының қосалқы сызықтарын қалай түсінеміз? Мысал көрсетіңіз
Осьтік сызық деген не?
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Көкжиек сызығы деп нені атаймыз?
Түйісу нүктесін қалай түсінеміз?
Шеңбердің перспективасын қалай тұрғызыды? Мысал келтіріп көрсетіңіз.
Натюрморт суреттің әдістемелік кезеңдері қандай болуы керек?
Пішін бойынша штрих «қою» деген не? Дөңгелек және қырлы пішінді заттар суретінен мысал келтіріңіз
Долбардың ұзақ мерзімді суреттен айырмашылығы неде? Олардың мақсат, міндеті қандай?
Суреттегі «конструкция» терминін қалай түсінеміз?
12. Программное и мультимедийное сопровождение учебных занятий --
13. Перечень специализированных аудиторий, кабинетов и лабораторий.
Корпус № 7 , аудитория № 302-313.
Достарыңызбен бөлісу: |