Лонгитюдтіəдіс. Бұл əдіс арқылы бір ғана индивидті өмірінің алуан сəтінде зерттеуге бағытталған. Балаларды ересектік жасқа жеткенге дейін бақылап, ересектік жасқа жеткенде қандай қасиеттер сақталатынын, қайсысы жоғалатынын анықтауға болады.
Зерттеушілер индивидті əрбір апта, ай сайын зерттей отырып, дамудың кейбір процесстерін дəл қарай алады. Сонымен қатар лонгитюд ұзақ өмір бойы болатын өзгерістерді де зерттейді. Мысал ретінде Льюис Терманның жүргізген 20 ж.ж. «дарынды» балаларды зерттеудің класикалық əдісі əлі күнге дейін қолданылуда. Сонымен қатар зерттеушінің практикасында лонгитюдті зерттеуді қанша рет жүргізе алатындығы да əсер етеді. Лонгитюдті əдіспен байланысты тағы бір мəселе бұзылыстың болу мүмкіндігі. Бастапқыда зерттеуші өзіне керек репрезентативті таңдау жасайды, жеке тұлғалық дамудағы өзгерістер туралы ақпараттар алуға болады. Бұл əдіс əсіресе, «қолайсыз» жанұядағы балаларды зерттеуде, жанұялық динамиканың бала қалыптасуына əсерін зерттеуде, əлеуметтік жүйе реформасымен қамтуда кеңінен қолданылып келеді.
Көлденең кесінді əдісі. Бұл əдісті қолдану барысында əр түрлі жастағы топтар бір уақытты салыстырылады. Бұл əдіс арқылы индивидуалды дамуды анықтау мүмкін болмағанымен, лонгитюдті əдіске қарағанда бұл қысқа уақытты қамтиды. Көлденең кесінді əдісін қолдану кезінде зерттелушілерді таңдауға қатаң талап қойылады. Мұның себебі, алынған нəтижелер табиғатының бөтен болғандығынан емес, даму деңгейінің алуандылығымен байланыстылығын қамту.
Когортты-бірізді(комбинированный)əдіс. Қазіргі кезде бұл екі əдістің комбинациясын кеңінен пайдалану байқалады. Осылайша, зерттеуші 4-жасты, 8-жасты, 12-жасты жасөспірімдерді бір уақытты зерттей отырып, əр 8 жыл сайын əрбір кагортты 2 жылда бір рет зерртей алады. Осыдан кейін алынған нəтижелер лонгитюдті немесе көлденең кесінді əдістері арқылы салыстырылады.
Экспериментальдызерттеу. Қарапайым тесттер эксперименттің алғашқылары болып табылады. Даму аймағындағы зерттеу эксперименттерінің екі бағыты бар. Біріншісінде зейін жеке тұлғаға шоғырланады. Екіншісінде зейін адамдар тобына бағытталған.