М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Жеке тұлғалық эксперименттер



бет27/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

Жеке тұлғалық эксперименттер. Бір зерттеушіге жүргізілетін эксперимент Б.Ф. Скиннердің эксперименті. Зерттелуші белгілі бір уақыт аралығында оның мінез-құлқы, жүріс тұрысына ықпалын тигізетін ойламаған жағдайларға кірістіріледі. Əуелі жағдайға бейімделі жүреді, кейін ол жағдайларды манипуляциялауға айналады. Мінез-құлықты модификациялау проблемалы мінез- құлықтан айырып, қажеттісін қалыптастырудың ең тиімді əдістерінің бірі болып табылады. Бұл жағдайды мыналар сақталады: біріншіден, мінез-құлықтың үлгісі жазылады, оның көрсетілген базалық жағдайы анықталады; содан кейін, мадақтау немесе жазалау арқылы мінез-құлық өзгерді ме, жоқ па сол бақыланады.
Топтық эксперимент.Экспериментатор психологтар топтық эксперимент жүргізу арқылы адамдарға тəн ортақ принципті анықтауға тырысты. Бұндай зерттеу барысында жеке тұлғалық ерекшеліктер қате түсініледі. Мысалы, ес барлық адамдарда бірдей қызмет атқарады деп болжайды. Бұл жағдайда зерттеушілер ортақтау арқылы шешеді. Яғни адамдар тобына еске байланысты зерттеу жүргізеді де, алынған нəтиженің ортасын тауып, оны тест жауаптарынан алынатын ортақ балмен сəйкестендіреді. Топтық экперимент жүргізу даму жəне мінез-құлық мəселесі бойынша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Топтық эксперименттің элементтері. Балалардың агресивті мінез- құлыққа үйренуін бақылау жəне имитация арқылы А. Бандураның, қуыршақпен үш топтағы балалардың қарым-қатынасын зерттеді. Фильм көрсету арқылы қуыршақпен үш түрлі қарым-
қатынаста болғанын балаларға көрсетеді. Мұнда эффекттің балалар мінез құлқына əсер ететін- тəуелсіз айнымалыларды байқауға болады. Қуыршақпен ойнау барысында балалардың көрсеткен агрессивті мінез-құлықтары-тəуелді айнымалылар.
Эксперименттің келесі үйренуді тексеру этапында балаларға фильмде көрсетілген мінез- құлықты қайталағандары үшін мадақтайтындарын ескерткенде нəтиже өзгергені байқалады. Балалар фильмде көрсетілген агрессивті мінез-құлықты қайталауға тырысты, ер балалар мен қыз балалар арасындағы айырмашылық шамалы болды. Эксперимент келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Себепті-іздік байланыс құрылымына қатысты гипотеза құру жəне мəселені анықтау.

  2. Тəуелсіз жəне тəуелді айнымалыларды анықтау.

  3. Экспериментті жүзеге асыру жəне мəліметтер жинау.

  4. Алынған мəліметтерді талдау жəне интерпретациялау, қорытынды шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет