Операцияға дейінгі ойлау кезінде балалар əлем туралы өз танымын сөйлеу дағдысын пайдалана отырып ұлғайтады Бірақ Пиаже бойынша, мектепке дейінгі кезеңдегі балалар логикалық операцияларды түсінуге қажетті когнитивті қабілетке ие болмайды. Мұндай операциялардың ішінде - себеп жəне салдар заңы, шынайылықты қабылдау, кеңістік жəне уақыт, сондай-ақ, сан туралы ұғым. Мұның бəрін игеру келесі стадия: нақты операциялар кезеңінде жүзеге асады. Пиаженің айтуынша балар операцияға дейінгі кезеңге сөйлеу дағдыларымен жəне ойлау қабілетімен енеді де, бұл стадиядан айысқан уақытта : «Егер əжем қайтыс болған болса, ол қайда?» деген себепті сұрақтар қоя бастайды.
Операцияғадейінгікезеңніңэтаптары. Операцияға дейінгі кезең балад шамамен 2 жастан 7 жасқа дейін созылады жəне ол екіге бөлінеді: ұғынуға дейінгі (шамамен 2-4 жас аралығы) жəне интуитивті немесе ауыспалы (шамамен 5-7 жас аралығында). Ұғынуға дейінгі кезеңде бала бұрынғыдай негізгі категорияларды шатастыра береді. Олар ментальды, денелік, əлеуметтік шындықты шектеуге қабілетсіз болып келеді. Мысалы, олардың ойлауына анимизм, материализация, эгоцентризм сияқты құбылыстар тəн болып келеді. Анимизм:бала барлық қозғалатын объектілерді жаны бар деп түсінуі мүмкін. Материализация:қиял əлеміндегі объектілер мен адамдар олар үшін ақиқат болып көрінеді. Эгоцентризм:Балалардық заттарды көріп, түсінуінің тек өз көзқарасы тұрғысынан болып, ешкіммен санаспауы.
Интуитивті немесе ауыспалы стадия. Аталған стадия шамамен 5 жас шамасында басталады. Бұл этапта бала ментальды шындықты денеліктен айыра бастайды. Енді олар басқа да күштің бар екенін сезе бастайды. Мектепке дейінгі балалардың ойлауы рационалды болады бірақ, жеке құбылыстарды түсіндіру кезінде олар магиялық ұғымдарға сүйену байқалады. Осылайша 4-6 жастағы бала үлкен адамның нəрестеге айналмайтынын жəне қатты объектіден өтіп кетуге болмайтынын түсінеді.
Операцияға дейінгі ойлаудың шектеулілігі.
Бұл кезеңде баланың ойлауы мына ерекшеліктерімен көрінеді: нақтылық, қайтымсыздығы, эгоцентризм, центрация жəне кеңістікті, уақытты, бірізділікті ұғыммен операциялаудағы қиыншылықтар.