Тақырыбы: Бастауышмектепжасындағыбалаларпсихологиясы. Дəрістің мазмұны:
Бастауыш мектеп жасында денелік даму жəне морфо-функционалдық өзгеріс
Орта балалық шақтағы психологиялық жаңа құрылымдар.
3 Орта балалық шағындағы когнитивтік даму (танымдық əрекеттер)
Бастауыш мектеп шағындағы тұлғалық дамуы.
Бастауыш сынып оқушысының оқу іс-əрекеті.
Бастауыш мектеп оқушысының ата-анасымен,құрдастарымен,үлкендермен қарым –қатынасы
Мақсаты:Мектепке дейінгі жастық психологиялық физиологиялық даму үрдісімен жəне осы кезеңдегі негізгі əрекет түрі оқу еңбегінің баланың өзін-өзі бағалауындағы маңызын түсіндіру.
Бастауыш мектеп жасы –қимыл –қозғалыс қабілетінің қалыптасатын жəне тəуелсіз əрекет ететін кезең. Орта балалық шақ қазіргі кезеңде 6-дан 12 жаска дейінгі балалар өмірінің кезеңі өте маңызды,осы уақытта олар көптеген нəрселерді үйренеді оқу мен арифметикадан бастап доп ойнаумен биге дейін.Бұл өзімен-өзі күресу нəтижесінде қоршаған ортамен байланысуддан пайда болған қиын мəселелерді шешетін жəне нəресте өз күшін сынайтын уақыт.Осы қиындықтарды женгендер өмірде өзіне-өзі сенімді жəне бейімді болып келеді; ал осы сынақтардан сəтсіз өткендерде толымсыздық комплексі пайда болады жəне ол көп кезеңге дейін сақталып қалады .
Э.Эриксон бұл шақты жасампаздық кезең деп атады.Ерте балалық шақпен салыстырғанда бұл кезеңде бойының өсуі баяу, бірқалыпты жүреді. 6 жастағы бала шамаман 20,5 кг салмақ жəне 106 см бойы болады. Мектепке келгеннен бастап бастап қыз балаларда 9 жасқа дейін , ал ер балаларда 11жасқа дейін созылады.Бала бойының өсуіне өскен ортасының, тамақтану, жыныстық жəне генетикалық факторлардың əсері болады. Блшалық кезеңде бойының өсуімен қатар сүйектері өседі. Сүйек өсуі кезінде көбінесе түңгілік уақыттарда ару туғызады.
немесе 7 жастан бастап балалар «сүтті»тістерін жоғалтады.Тұрақты тістер шықан кезде,олар кейде баланың аузында өте үлкен болып көрінеді. Май ұлпаларының дамуы 6 жасқа дейін созылады. Содан кейін теріастындағы май қабаттарының кішірейуі қалыптасады. Бұлшықеттің дамуы осы кезеңде қыз бала мен ер балаларда бірдей болады, да жасөспірімдік кезеңде ер балаларда артығырақ қалыптасады. 8 жаста баланың бас миы үлкендердің миының көлемінің 90 % құрайды. Соның ішінде мидың сана мен ойлауға жауап беретін бөлігі үлкейеді. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда ми жасушаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері күрделі қызмет атқарады. Əсіресе теріс индукцияның негізінде пайда болатын тежелу үстем алып, осының нəтижесінде бала өзін-өзі меңгере алуын өзін-өзі тежей алуына мүмкіндігі бар.
Орта балалық шақ-балалар өзінің қозғалыстық əрекеттерінің игеруі жəне тəуелсіз болу уақыты.Жақсы мумкіндіктер мен арнайы оқуды пайдалануы арқылы олар велосипед тебу,скакалка секіру,билеуді,жазуды жəне музыкалық аспаптарды уйренуді алғашқыда бейсбол,баскетбол жəне футбол секілді командалық спорт турлері қозғалыс кординацияның жақсаруы арқылы өзінің негізгі мағынасына ие болады.
Ата-аналар осы кездегі балаларда қаңқасы мен байламдары əлі қатаймаған екенін білуі керек,сол себептен жаттығуларда улкен жуктемелер көптеген жарақаттарға əкеліп соқтырады.
Бастауыш мектеп жасындағы бала бақылаулы мақсатқа бағытталған қозғалыстар жасай алады.5 жасқа келгенде бала əдетте балабақшадағы дайындық топқа түседі.Ол жеткілікті локомотрлық дағдылар бар,жүгіру,бір аяқпен секіру дағдыларын біледі. Пайда болған денелік ептілік түрлі спортқа жəне белсенді қимылға қызығушылыққа ұрындырады. 7 жастағы бала допты 10,5м қашықтыққа лақтыра алады. Ал 10жаста екі есеге ,12 жаста үш есеге артады. Қол қимылдарының дамуы осы кезеңде нақты, қиын қимылдар жасауға дағдыланады. Дайындық сыныбындағы мұғалімдер балаларға қарандашпен, бояулармен сурет салуға, қағаз қиуға пластелин мен Балшықтан əртүрлі бейнелер жасауға үйретеді. Осы əрекеттер барысында дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш салуға қиындықпен бейімделсе болашақта жазу дағдысын игеру де қиын болады.
Осы кезеңде өз денесін басқара алады.«Мен жасай аламын» деп өздік бағалауын дамытады. Балалық шақ- адам өміріндегі денсаулығы жақсы болатын кезең. Тек тұмау , құлақ , ішекқұрылыс аурулары ғана кездеседі.Кейбір зерттеушілер осы аурулар баланың психологиялық дамуына жағмды əсер етеді деп анықтаған.Осы ауруларды басынан өткергеннің негізінде балаларда стресті жеңе білуге үйренеді. Сонымен қатар ауру адамға деген эмпатиялық қабілеті пайда болады.
Ж. Пиаженің айтуы бойынша бастауыш мектеп жасындағы балалар нақты ой- операциаларына сəйкес келетін интелектілік даму кезеңі. Баланың мектепке баруы өмірінде үлкен өзгеріске алып келеді жəне мектеп интелектуаллды дамуының негізін құрайды. Пиаже анықтағандай 5 жас 7 жас кезеңі операцияға дейінгі периодтан нақты операциялық ойлау деңгейіне ауысады. Ойлау интуитивті эгоцентрикалық деңгейге көтеріледі. Эгоцентризм дегеніміз- тұлғаның өз мақсатына байланысты əрекетін шоғырландыру. Балалар обьектінің өзгеретінінің əртүрлі жағдайларға түсетінін біледі. Нақты ойлауы қалыптасқан балалар өмір туралы жəне болашақтан не күтетіні, қандай өзгерістер болатыны туралы ой қорытындыларын жасай алады.Пиаже кері ойлау
əрекетін операция деп анықтай келе бастауыш мектеп жасында бала нақты обьекті бойынша,абстракция арқылы тұжырым жасайды.Пиаженің негізгі ұғымдары математика саласында педагокикада қолдануға тиімді.Мысалы (5+8*13 немесе 13-5*8). Бұл матеметика ғылымындағы қосындының орны ауысса да ---
5 жастан кейін есінде қалған заттарды қайта жаңғырту саны артады. Бұл кезеңде белгілі бір материалды есте қалдыру үшін алдарына мақсат қойады.Бала обьектіге қарап тұрып есінде нақты қалғанын сенімді болғанша іштей қайталайды.осы кезеңдегі есте қалдыру жаттығулары: 1.Қайталау.2.Ұйымдастыру. 3.Семантикалық өңдеу,4. Саналы бейнелер құрастыру. 5.Есте сақтауға хабар іздеу.6.Сценария құрастыру. Семантика дегеніміз-сөздердің, сөйлемнің мағынасы.
Бастауыш мектеп жасы –ол ауызша сөйлеу қабілетінің қалыптасу кезеңі. Тілдің дамуының бұл кезеңдегі жетістігіне оқу жəне жазуға байланысты дағдыны меңгеруі жатады. Оқу- бұл ауызша текстінің мазмұнын түсіну ал жазу мазмұнын жазу түрінде беру.Оқу жəне жазу символикалық қарым-қатынастың түрі. Осы оқу, жазу арқылы қарым-қатынасын дамытып сыртқы ортамен байланыс орнатады жəне ішкі əлемі мен сезіміне əсер етеді.
Осы кезеңдегі сауаттылықтың негізгі компоненттеріне; 1.Қоршаған ортаның жазу дағдысына əсері.
2.Қоршаған ортаның ықпалынан ауызша сөйлеудің дамуы. 3.Қызықты тəжірибелерді үйрену.
Жазуға өздігінен дағдылану
Өздігінен ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының əр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Жеке пəндермен сабақтарды ойдағыдай үлегеру үшін алдымен баланың оған ықыласы болуы шарт. Осы жас кезеңінде тапсырма екі түрлі жолмен беріледі. 1) берілген тапсырманы орындау үшін жауап іздестіру ретінде берілмейді.2) берілген тапсырманы орындау үшін жауап іздестіру ретінде беріледі. Кост жəне оның жақтаушылары 6 түрлі ойлау əрекетінің даму сатыларын көрсетті;1) Есте ұстау 2)қайта жаңғырту 3) негіз салу 4) Реорганизация; жаңа ситуацияларды бұрыннан пайда болған міндеттердің негізінде шешім қабылдау.5)Бұрынғы біліммен жаңа білімнің байланысы: 6) Рефлексия. Ой толғаныс.
Бастауыш сыныпта баланың психикасының даму ерекшелігі – танып білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған əлемді тануға жəне осы əлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тəжірибеден өтеді., себеп – салдарлық байланыстар мен тəуелсіздіктің себебін ашуға тырысады. Бала ой қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды. Баланы бəрі қызықтырады. Мысалы: Мұхиттың тереңдігі қандай? Су астындағы жəндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше километр т.б. білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі «Неге?», «Қалай?», «Неліктен?», деген сұрақтар арқылы игеріледі. Сұрағына жауап табудың жолын іздейді., бар біліміне сүйеніп шамалайда немесе кейбір жағдайларда өзі шешуге тырысады., əрине ол оны ойша ғана шеше алады, сондай жағдайда шешу үшін образдармен іштей əрекеттесуден туындаған ой – көрнекі образды деп аталады. Образды ойлау – бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі белгілі бір мəселелерді шешуге қажет білімі болмағанмен ойлау процесі жақсы дамуда жəне қабылдау нысаны басым болады. Төменгі сыныптардың өзінде – ақ кейбір деректерді салыстыра алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейінде тікелей көруден алыс жатқан абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететін дəрежеде болады.
Бұл жаста қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен өзі зерттей бастаған обьектісінен ұзақ уақыт бойы зейінін алмайды, бұл əрекетін қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді.
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын өзіде жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін, нені орындау керек екендігін, неден кейін нені орындау қажеттігін жоспарлау кезінде бала зейінін жүйелеп ұйымдастырады.
Төменгі сыныпта оқитын балалар интелектуалды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, бұл ерекшелік ерекше ерік – жігерді жəне үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала əртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстінде бір затты екінші затпен алмастырып көру арқылы баланың қиялы іс - əрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-əрекеті барысында бала қиялында арнайы талаптар қойылады, олар өз бетімен əрекет етуге ұмтылдырады. Оқу талаптары оқушы қиялының дамуына мүмкіндік береді, арнайы құралдармен пысықтап отыруға бағыттайды. Ол құралдар заттар, схемалар, кестелер, графикалық бейнелер, макеттер т.б. көрнекі құралдар, əртүрлі оқиғалар, өлеңдер ұйқастыру, ертегілер, ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өз ойынан айта бастайды. Ұнамды кейіпкерінің сапалық жақтары арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Өз əңгімесінің мазмұнына қанағаттанса, ойлап табушы қабілетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып, жаңасын ойлап тауып, əңгімелеп бере алады. Окушы өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларда да тудыра алады. Ең бастысы тапсырманы орындаудағы қиындықтарды жеңу, дос табу, қуанышты сəтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау жəне оны дамыту кезінде саналы əрекеті, мазмұнды басқару, кейіпкерлердің əрекетін тоқтату жəне оған қайтып оралу əрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызыметте жаттықтырады.
Қиялға берілу үлкен адамға қарағанда баланың өмірінде үлкен рол атқарады. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны тануға жəне игеруге мүмкіндік беретін өзінің өмірлік тəжірибесінің шеңберінен шыгып кетуге жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты жəне əлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тəсілі.
Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-əрекеті ерекше əсер етеді, сөйлеу қабілетін меңгерудің жəне дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың жəне дамытудың мынандай түрлері болады;біріншіден, нормаға сəйкес əдеби тілді меңгеру, екіншіден,оқи жəне жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де-тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбаларына, лексикасына, граматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден , оқушылардың сөйлеу мəдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сəйкес келуі.
Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық жəне дəл қабылдайды, өз бетінше оқып , тыңдай біледі, сөз мағынасын түсінеді , немесе əңгіме мағынасын ұғынып , соған сəйкес сұрақтар қоюға, диалог құруға шамасы жетеді. Бала өзінің сөздік қорын ықталы түрде кеңейтеді. Мүның бəрі баланың сөйлеу қабілетінің жəне ақыл- ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.
Тіл меңгеру базасында жаңа əлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін дамытып жəне өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қалыптастырады.
Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың игерілуге тиісті үғымдардың белгілері мен жаңа типті есептерді шығарудың тəсілдерін өздігінен іздестірген жағдайларда оқытуда неғұрлым жоғары дамытушы нəтиже пайда болады. Ұғыну, егер оқыту процесінде интериоризациядан экстриоризацияға көшу үшін жалпылама сипаттағы ойлау əрекеті тəсілдерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасағанда ерекше тиімді болып шығады.
Танымдық мəселелерді дербес шеше білу, проблемалық ситуациядан өздігінен жол табу жайын сөз еткенде, оқыту процесінде оқушылардың ойы қалыптасама деген сүрақ туындайды. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов проблеманы осылай қойған болатын. Тиісті дəрежеде дербес ойлай алмаушылық оқыту процесінде білім берудің жеміссіз тəсілдерін , мысалы бастауыш сынып оқушыларына көп жағдайда жалпылаудың формалды- логикалық тəсілдерін қолданудан болады деген жорамал үсынылды. Бастауыш мектептің үзақ жылдар бойы негізгі жолы-нақтылы жекеден формалды жалпыға, үқсасқа, біртектестікке көшу жолымен жалпылауды қалыптастыру болды. Осының нəтижесінде баланың абстракциялық ойлау қабілеті қалыптасады немесе бұл қабілеттің қалыптасуы стихиялы түрде, мектептің оқыту тəсілдерінің арқасында емес, оларға қарамастан жүзеге асады. Бүл көзқарас тұрғысынан алғанда, көптеген зерттеулерге сүйеніп айтылатын, бастауыш сынып оқушыларына нақтылы ойлау, жекеден жалпыға көшу, яғни индукциялық жол деген қарсы пікір дəлелді бола алмады. Оқытуды басқаша құрып , жалқыдан жалпыға емес, жалпыдан жалқыға көшу негізінде нақтылы ұғымдарды қалыптастыру мүмкін екенін көрсететін басқаша нəтижелер алуға болады.
Осы ой-пікірлерді негізге ала отырып, оқу пəндерін оқушылардың абстракцияны толығынан игеру жəне кейін нақтылы құбылыстарды талдау кезінде ғылыми ұғымдарға сүйене білуге əрекет жасалды.
Бастауыш сынып оқушыларын дəстүр бойынша , ең алдымен , математиканың жалпылау объектісі- шаманың ерекше түрі болып есептелетін сандардың натуралды қатарымен таныстырып келді. Психологтар баланы алдымен жалпы ұғыммен ( “шама”) таныстырып, содан кейін барып оның жеке көріністеріне ауыстыруға болады деген болжам үсынды. Мүндай үғымның қалыптасуын мүмкін ету үшін зерттелінетін объектілердің ішкі мазмұнын ашу , ягни заттың ішкі қасиеттерін бейне бір сыртқа шығару жəне қайсыбір үлгілерге белгілеу, заттың сандық параметрін көрсету; мысалы оқушылармен заттың ұзындығы деген не, салмақ деген не, заттардың теңдігі деген не, оларды анықтап айтқанда шамалар арасындағы өзара қатынасты көрсету қажет. Сонымен, “сан” деген ұғымды қолданғанға дейін балалар нақты заттармен жұмыс жасап, олардың шамалық параметрін (салмағын, көлемін, ұзындығын, ауданын т.б.) бөліп шығарып, бұл заттарды жекелеген параметрлерімен салыстырып көріп, теңдік немесе теңсіздік қатынастарды таңбаларымен жауып, зат аралық қарым-қатынастармен танысып шығады. Əріптік символиканы пайдалану заттардан дерексіздене отырып шаманы ойша қарастыруға көшуге мүмкіндік берді. Осылайша төменгі сынып оқушылары натуралдық сандар қатарымен танысқанға дейін теңдеуді білуге көмектесетін математикалық құбылыстарды игереді.
Шамалардың негізгі қасиеттерін білдіретін əріптік символика, формулаларды бірінші сынып оқушыларының сандармен танысқанға дейінгі-ақ түсіне алатынын зерттеулер көрсеткен. Оқытуды осылай ұйымдастыру нəтижесінде əдеттегідей əлде қайда ертерек балалардың абстрактылы ойын, таным қабілеттерін, оқу материалын əрі қарай саналы игеруін қалыптастырудың алғы шарттары жасалынып, білімге деген қызығушылығы дами түседі.