15 ақпан күні дүниежүзі тарихынан «Ақылдылар және тапқырлар» ойыны өтті. Ойын әйгілі ресейлік "Умники и умницы" телебағдарлама түрінде өткізілді. Үштілділік саясатты келешекте қазақ мектептерінде дүниежүзі тарихы орыс тілінде, Қазақстан тарихы орыс тілді мектептерде қазақ тілінде оқытылады деген идеяны қолдау мақсатында өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты: дүниежүзі тарих пәнінен білгір, үш тілде сөйлей алатын тұлғаны анықтау. Пән бойынша қосымша ақпарат алуда қызығушылықтарын арттыру.
16 ақпан күні «Тілдер фестивалі» аясында орыс тілі мұғалімдері Абеуова З.У. және Ильина Г.А. 5 «А» сыныбында «Орыс тілінің білгірлері» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.