М. П. Русаков атындағы жбб №2 санаторлық мектеп-интернатында 06. 02. – 18. 02 аралығында өткен «Тілдер фестивалінің» өтуі туралы ақпарат



бет1/7
Дата24.05.2017
өлшемі0,99 Mb.
#16990
  1   2   3   4   5   6   7
М. П. Русаков атындағы ЖББ № 2 санаторлық мектеп-интернатында 06.02. – 18.02 аралығында өткен «Тілдер фестивалінің» өтуі туралы ақпарат

  Дәстүр бойынша ақпан айында біздің мектебімізде «Тілдер фестивалі» өтеді. Биылғы жылы «Полиглот» жобасы қайта қарастырылып, әзірленді. Жобаға жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер мен дүниежүзі тарихы пәндері енгізілді.

Биылғы оқу жылында ақпан айының 6 мен 18 аралығында өткізілу жоспарланды. 

Тілдер фестивалінің мақcаты – тілге қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың зияткерлік және тілдік белсенділіктерін жоғарылатуға ынталандыру, ой-өрістерін кеңейту және мәдени деңгейлерін көтеру.

Тілдер фестивалі аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Бастауыш мектепте еңбек, дүниетану ағылшын сабағымен кіріктірілген сабақтар, орта буынның 5-7 сынып оқушылары арасында сынаптан тыс іс-шаралардың өткізілуі жоспарланды.



06.02. – 18.02 аралығында өткен «Тілдер фестивалінің» жоспары



Іс-шара

жауапты

мерзімі



География пәнінен «Қызықты география» сыныптан тыс іс-шарасы, 6 сынып

Абзалбекова А. А.

Әбдірбай А. Д.



08.02



«Білім аукционы» /физика/ 7 сынып

Бекышова Ш.Ж.

09.02



2 «Б» еңбек пәні - ашық сабақ. Тақырыбы:

«Праздник Наурыз . Где можно и где нельзя играть»


Сыздыкова А.Х.



10.02



2 «А» еңбек пәні - ашық сабақ. Тақырыбы:

«Ою-өрнекті матаға түсіру тәсілі, кестелеу, материал таңдау. Кестеленген бұйымдар түрлері»



Ахметжанова А.С.

11.02



3 «Ә» сыныбында дүниетану пәні - ашық сабақ

Тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері



Дауылбаева Ж.К.

11.02



4 «А» дүниетану пәні - ашық сабақ. Тақырыбы: «Орман- тоғай өсімдіктері мен жануарлары»

Жексембаева П.Ж.


11.02



3 «Б» сыныбында литературное чтение мен қазақ тілінен кіріктірілген ашық сабақ

А. Платонов «Неизвестный цветок»



Александрова Н.Н.

13.02



«Информатикалық КВН», 5 сынып

Алиева Ш.А.

13.02



1 «А» сыныбында еңбек пәні - ашық сабақ . Тақырыбы «Қазақ халқының дәстүрлері»

Мағауина Г.Е.

14.02



1 «Ә» сыныбында еңбек пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы:

«Қазақ халқының дәстүрлері»


Аманбекова Г.М.




14.02.



« The Town for Professionals » /Город мастеров /сұрақ-жауап сайысы. 5-7 сыныптар

Ынтықбекова Г.Қ.

14.02.



4 «Ә» дүниетану пәні - ашық сабақ

Тақырыбы: «Ауаны тазарту және қорғау»



Тулеуова А.М.

15.02



Орыс тілі білгірлерінің сайысы "Знатоки русского языка"

Абеуова З.У.

Ильина Г.А.



16.02



Дүниежүзі тарихынан сыныптан тыс іс-шара «Ақылдылар және тапқырлар» /Умники и умницы/, 6 сынып

Жанат А., Нөкербекова Қ.И.

17.02.



2 «Ә» сыныбында дүниетану пәнінен кіріктірілген ашық сабақ

Тақырыбы: «Мәдени өсімдіктер»



Елеубекова А.Б.

18.02


8 ақпан күні «Тілдер фестивалін» бірінші болып ашқан географиядан «Қызықты география» сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырып, өткізген география пәнінің мұғалімдері Әбдірбай А.Д. мен Абзалбекова А. А. Қатысушылар: 6 «А» және 6 «Ә» сынып оқушылары.

Іс-шараның негізгі мақсаты: 6 сынып оқушыларының география пәнінен алған білімдерін нығайтып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. География пәнінде қажетті географиялық терминдердің білуін сайыс түрінде пысықтау.

Оқушылар ойынға «Меридиан», «Параллель» екі топ болып қатысты. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды, оның ішінде «Полиглот», «Тіл өнері» кезеңдері ағылшын тілін білуге байланысты болды. «Полиглот» кезеңінде оқушылардан жасырылған сөзді тауып, оның орысша, ағылшынша баламасын айтуы талап етілді. «Тіл өнері» сайысында топ басшысы мәтінді оқып, топтық жұмыс ретінде сол мәтіннің мазмұнын ашып беру тапсырмасы берілді. Мәтіндер де кез келген мәтін емес. 6-7 сыныпта ағылшын тілінде өтетін тақырыптардың бір бөлігі «Біз және қоршаған орта» тақырыптарына арналған, пәнаралық байланыс толығымен орнатылды.

Ойын өте қызықты өтті. Іс-шара мазмұны да құрылымы жағынан да жақсы әзірленген. Әрине, ағылшын тілінде оқылуы мен айтылуына аса назар бөлу керек. Ойын барысында ағылшын тілінде айтылуы мен оқылуында қателер кездесті. Ол үшін пән мұғалімдері ағылшын тілі мұғалімдерінен көбірек кеңес-консультациялар алып, оқушыларды да соған бағыттауы тиісті.

Ойын нәтижесінде ұпайлар санымен алға шыққан «Меридиан» тобы. 
9 ақпан күні 7 сыныпта физика пәнінен «Білім аукционы» өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: физика пәні «Астрономия» тарауындағы планеталар тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтап, ағылшын тілінде осы тарау бойынша тапсырмаларды орындау. Айта кететіні, «Күн жүйесінің планеталары» тақырыбы ағылшын тілі пәнінде 5-ші сынып бағдарламасында кездеседі. Сайыс оқушыларға өте ұнады, келешекте жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуды ағылшын тілінде жүргізілетінін қолдаймыз деген ойларын білдірді.





10 ақпан күні 2 «Б» сыныбында «Наурыз мейрамы – Праздник Наурыз» тақырыбында үштілділікті негізге ала отырып, еңбек пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысыныда, дәстүрге айналған еңбек пәнінде қажетті құралдардың ағылшын тілінде атауларын қайталап, аңылшын тілді сергіту сәті орындалды. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сандар қайталанып, «Наурыз көже» ұлттық тағамға қажетті компонентерінің саны жеті екенін біліп, «жеті» саны қазақ халқының киелі саны туралы ақпаратқа ие болды. Ағылшын тілінде «мереке, халық, наурыз айы» сөздерін қайталап, сөздіктеріне жазып алды.
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет