Сабақтың мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыра отырып, дыбыстарынан ажырата білу дағдыларын дамыту. Әнді әуезді орындауға баулу



Дата25.12.2022
өлшемі197,03 Kb.
#164378
түріСабақ
Байланысты:
Сабаққа өзіндік талдау


Байсакалова өзіндік талдау.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: ән-күй
Тақырыбы: «Көліктер»
18 ақпанда «Балауса» екінші кіші тобының тәрбиеленушілерімен музыкалық қабілеттерін арттыру мақсатында кіріктірілген ашық сабақ өткіздім.Тізім бойынша топта 25 бала. Ұйымдастырылған ашық сабақ іс-әрекетіне қатысқаны 20 бала.Соның ішінде 13 бала жақсы, 7 бала орташа.
Сабақтың мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыра отырып, дыбыстарынан ажырата білу дағдыларын дамыту. Әнді әуезді орындауға баулу.
Білімділік: Көлік түрлерімен таныстырып танымдарын кеңейту,Әнді қосылып айтуға дағдыландыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:
1.Шаттық шеңбері амандасу мақсатында орындалды.
2.Сұрақ жауап арқылы балалардың тақырып туралы түсініктерін айқындау.
3.Жұмбақ жасыра отырып сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
4.Көліктер туралы сурет көрсету арқылы көлік түрлерін ажырату.
5.Ойын арқылы сергіту сәті жасалды.
6.Көліктер туралы видео ролик көрсетіп балалардың қызығушылықтарын арттыру.
7.Ән айта отырып әннің сөзін жаттау, әуенге сай би қимылдарын жасау.
8.Көрнекіліктер арқылы балаларға түсінік беру.
9.Балаларды мадақтау.
Қорытынды:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы балалар көліктер туралы жалпы мағлұмат алып,көліктің түрлерімен танысып білді.
Сұрақ-жауап арқылы сабақ аяқталды.
Өзімнің алдыма қойылған мақсатым орындалды деп ойлаймын.

Жана жылдық мерекеге талдау.
Мерекелік шараға үш топтын балалары түгелдей қатысты.
Мереке әдемі безендірілді.Тәрбиеленушілер ән айтып ,би билеп көптен күткен Аяз атамен қуана қауышты.
Барлық балабақша ұжымы ертегі кейіпкерлері болып киініп балалар мен ата –аналардын көнілдерін көтерді
Мереке балалардын жас ерекшеліктеріне сай жоспарлы түрде өтті.Ата-аналарға сөз сөйлеп алғыстарын білдірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет