М. П. Русаков атындағы жбб №2 санаторлық мектеп-интернатында 06. 02. – 18. 02 аралығында өткен «Тілдер фестивалінің» өтуі туралы ақпарат



бет3/7
Дата24.05.2017
өлшемі0,99 Mb.
#16990
1   2   3   4   5   6   7

11 ақпан күні 3 «Ә» сыныбында «Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы" тақырыбында дүниетану пәніен ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Тау жынысы жайлы алғашқы ұғым қалыптастыру және оларды қорғаудың маңызды екенін түсіндіру. Бос тау жыныстары қайда қолданатынын және шаруашылықтағы маңызын әңгімелеу. «Мұнай, көмір, газ» сөздерінің ағылшынша аудармасын біліп, сабақ барысында сол сөздерді тәжірибеде қолдана білді.

  13 ақпан күні «Тілдер фестивалі» аясында 2 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен, қазақ тілі пәнімен кіріктіріліп ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: А. П. Платонов «Неизвестный цветок» «Белгісіз гүл».

Сабақ «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын орындау мақсатында өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға А. П. Платонов шығармасынының рухани-адамгершілік негізін түсінуге көмек көрсету. Сөздік қорды дамытып, көптілділікті меңгеру.

Оқушылар өткен тақырыптар бойынша қазақ тіліндегі сөздерді қайталады, жаңа мәтіндегі сөздермен танысып, сөздіктеріне жазды, атап айтсақ: цветы-гүлдер, весна – көктем, природа – табиғат. Сергіту сәтіндегі сөздерді қайталап, ағылшын тілінде орындады. 

 Сонымен қатар, әдебиеттік оқу пәнінде бірқатар технологиялар қолданылды: ойын технологиясы, Л.В. Занковтың дамыта оқытуы, кіріктіру, өзін-өзі тану, сын тұрғысынан ойлау бойынша синквейн әдісі. Сабақ барысындағы шығармашылық жұмыс – гүлдерді түрлі түстерге бояу, оқушыларға көңіл-күйін көрсетуге мүмкіндік берді. Сабақ  «Что ты сделал хорошего» тақпағымен аяқталды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет