13 ақпан күні информатика пәнінен «Информатикалық КВН» тақырыбымен сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: ағылшын тілімен информатика пәнін кіріктіру. Ойын мақсаты: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тіл де айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)
VI. “Жорға” Қалған 2 оқушыға 10 - 10 – нан сұрақтар оқылады, көп ұпай жинаған оқушы «үздік информатиг» атанады.
14 ақпан күні 1 «А» және 1 «Ә» сыныптарында «Салт-дәстүр және фольклор» ортақ тақырып бойынша «Қазақ халқының салт дәстүрлері. Қатырма қағаздан тұрмыстық бұйымдар құру» тақырыбында еңбек пәнінен ашық сабақ өтті. Мақсаты: оқушыларға қатырма қағаздан қорап жасауды үйрету, білімін, ой-өрісін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әр кезеңі үштілділікті көздеді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1 сыныпта әр пән ортақ бір тақырыппен жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда ағылшын тілін 1 сыныптан бастап оқитын бүлдіршіндер шет тілін қолдану аясын жақсы менгерген.
Достарыңызбен бөлісу: |