М. П. Русаков атындағы жбб №2 санаторлық мектеп-интернатында 06. 02. – 18. 02 аралығында өткен «Тілдер фестивалінің» өтуі туралы ақпарат



бет7/7
Дата24.05.2017
өлшемі0,99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
Ақпанның 18 күні бастауыш сынып мұғалімі Елеубекова А. Б. «Тілдер фестивалі» төңірегінде 2 "Ә" сыныбында политілдік дүниетану сабағын өткізді. Ашық сабақтың тақырыбы: «Мәдени өсімдіктер».

Сабақтың басты мақсаты: Оқушыларды жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасау арқылы  жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету. Мәдени өсімдіктер және олардың түрлері туралы түсінік қалыптастыру; өсімдіктің қоршаған ортаға пайдасы, адам өміріне маңызы және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Ағылшын тілінде сергіту сәтін жасап, түстерді қайталап, сөздік қорларын мәдени өсімдіктер ағылшынша атауларымен толтырды.
Жалпы айтқанда «Тілдер фестивалі» табысты өтті деп айтуға болады: 

Фестивальге барлық белсенді қатысқан мұғалімдер мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз.

Барлық ашық іс-шаралар, білім беру саласындағы заманауи технологиялардың қолдану көмегімен, жақсы әдістемелік деңгейде өтті. Ағылшын тілін оқыту мен оқудағы табыстар тілейміз!

Қазіргі таңда біздің алға қойған мақсатымыз  егеменді еліміздің болашағы үшін, тәуелсіздігіміздің баянды болуына, қазақ халқын, яғни мемлекетіміздің дамушы мемлекеттер қатарына қосу үшін аянбай еңбек ету.

«Тәрбие басы бесіктен» демекші, егер біз мектептегі тәрбие мен білім беру үрдісін дұрыс және тиімді, ұтымды ұйымдастырсақ, тәуелсіз, егемен еліміздің болашағының жарқын әрі жарық болғаны.

Көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.



Директордың ақпараттандыру ісінің орынбасары, ағылшын тілінің мұғалімі Рахимберлина Назгуль Сагындыковна
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу