М. Р. Балтымова ілияс есенберлиннің тарихи романдары: шеберлік пен көркемдік монография



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата24.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#193335
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
treatise214183

 
Сыншы ғалымның бұл пікірін әдебиеттегі тарихи проза 
дәстүрінің даму динамикасына оң баға бергені деуге болады. 
Сонымен қатар тарихи романдардың қазіргі өмірмен байланысы 
күннен күнге күшейіп келеді. Тарихи романдар жас ұрпақ тәрбиесінде, 
олардың отансүйгіштік санасын, отаншылдық сезімін қалыптастыруда зор 
қызмет атқарады. Зерттеуші Г.Ш.Елеукенова 60-80 жылдардағы тарихи 
шығарма авторларының тарихты зерттеу арқылы, соны әдебиетте көркемдеп 
жеткізу арқылы қазақ тарихының шынайы парақтарын ашуды мақсат 
тұтқандығын көрсетеді және «осы жылдардағы тарихи прозаның шарықтап 
дамуы авторлардың өткен күннің оқиғаларын бейнелеп, қағазда қалдыру 
арқылы тоқырау жылдарының қоғамдық және жеке тұлғалық сана-сезімді 
деформациялауға 
ұмтылған 
кезінде 
халықты 
санасыздықтан, 
«мәңгүрттіктен» сақтауға тырысқандығын» көрсетеді [39, 24-б.].
Мұндай пікірді ғалым Қ.Қ.Алпысбаев Ілияс Есенберлиннің тарихи 
трилогияларының қазақ халқының сана-сезімінде төңкеріс жасағандығы 
туралы нақты мысалымен толықтырады: «70-80 жылдардағы қазақ 
жастарының ұлттық рухының ерекше көтерілуіне Ілияс Есенберлиннің 
«Көшпенділер», «Алтын Орда» тарихи эпопеясы бастаған қазақ тарихи 
романдарының ықпал еткені – нақты мысал бола алады. Бұл ықпал – әсердің, 
ұлттық рухани оянудың бір дәлелі 1986 жылы желтоқсанда қазақ 
жастарының алаңға шыққан бейбіт шеруі еді. Бұл шеру коммунистік 
империяның құлауындағы алғашқы баспалдақ болғаны белгілі» [40, 20-б.]. 


27 
Заманының заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин қазақ тарихи 
әдебиетінде қозғалмаған тақырыпта қалам тартып, тыңнан түрен салды. 
Тоталитарлық жүйе мен кеңестік идеологияның құрсаулы цензурасынан 
тайсалмай, ұлтшылдық жаласына ілігуден қорықпай қазақ тарихындағы ел 
билеушілердің, билер мен ақын-жыраулардың, халық батырларының 
тұлғасын сомдауды өзінің Азаматтық міндеті деп санады. Қазақ халқының 
ұлағатты салт-дәстүрі, терең мағыналы ғұрыптары, атадан балаға жалғасып 
келе жатқан этнографиялық биік мәдениеті Азамат жазушы қаламымен 
сәнді, нақышты өрнекті тұскиіздей өрілді. Дана халқының бай фольклорлық 
мұрасы мен ауыз әдебиеті үлгілерін, шұрайлы тілін дәріптеу арқылы 
талайлы тарихын бедерлеу жазушының Азаматтық парызының биігі 
саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет