01.11-30.11 аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған “25 Игі іс” атты республикалық акциясына колледжден топ жетекшілер мен топтар қатысты. Байқау ұйымдастырушысы«Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мен Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Жастар патриоттық клубы қоғамдық бірлестігі».Студенттер акция аясында мүгедек, науқас, жалғыз басты жандарға, қарттар үйі мен «Үміт» сәбилер үйіне көмек қолын берді. Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері қайырымдылық концертін ұйымдастырды.