М. В. Ломоносов 1748 жылы ашқан, ал француз



бет2/6
Дата16.01.2022
өлшемі79,88 Kb.
#112283
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
стехиометрия

Масса Тұрақтылық Заңы

Масса сақталу заңы, реакцияға қатысқан заттар (реагенттер) массаларының қосындысы реакция нәтижесінде түзілген заттар (өнімдер) массаларының қосындысына тең. Химиялык реакция кезінде реакцияға түскен заттардың молекулалары бұзылып, оны кұраушы атомдар басқаша топтасып жаңа молекулаларды түзеді. Реакция барысында атомдардың сандары өзгермейді, сондықтан олардың массалары да өзгермеуге тиісті.
Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Бұл тұжырым зат массасының сақталу заңы деп аталады.
Оны тәжірибе жүзінде орыс ғалымы М.В. Ломоносов 1748 жылы ашқан, ал француз ғалымы А. Лавузье де 1789 жылы осындай қорытындыға келген. Бұл заңның жаратылыстану ғылымдары үшін маңызы өте зор, химия ғылымында сандық катынастарды пайдаланудың өзі осы заңға негізделеді.
1. Барлық химиялық теңдеулер осы заңның негізінде кұрылады.
2. Бүл заң жаратылыстың жалпы заңының бір көрінісі: жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе із-түзсіз жоғалып кетпейді.
3. Осы заңды пайдаланып, сандық есептер шығаруға болады.

Зат құрамының тұрақтылық заңы.

Атомдар бір-бірімен белгілі қатынаста қосылады.Әр атомның валенттігі оның екінші атомның қаншасын қосып алатындығын көрсетеді.Егер А және В атомдары I валеннті болса,олардың биэлементті қосылыстарындағы арақатынасы 1:1.Оған АВ типті мынадай заттар мысал бола алады:HCl,KBr,NaCl.Ал А элементі II валентті,В элементі I валентті болса,онда олардың өзара қосылыстарынан АВ2 типті молекула түзіледі,мысалы:H2O, H2S,MgCl2.Сондай-ақ ІІІ валентті А элементі мен І валентті В элементтерінің түзетін қосылысы АВ3 типтес болып шығады, мысалы:NH3,PI3,AlCl3.Ал А элементі ІІІ валентті,В элементі ІІ валентті болған кезде олардың өзара қосылысы А2В3 типтес болады,мысалы:Al2O3,B2O3,Al2S3.Осылайша биэлементті қосылыстардағы атомдардың әрқайсысының валенттігін біле отырып,түзілетін қосылыстардың формулаларын өрнектей беруге болар еді.Сонымен қатар,бастапқы әрекеттесетін заттардың салыстырмалы мөлшері қандай болғанына қарамастан,қосылысатын атомдар саны өзгермейді.Ендеше химиялық реакцияның нәтижесінде алынған жаңа заттың құрамы да әрдайым бірдей болып келеді.ХІХ ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Пруст ашқан құрам тұрақтылық заңының тұжырымдамасы да осыны көрсетеді:Әрбір күрделі заттың алыну тәсіліне қарамастан құрамы тұрақты болады.

Дальтон элементтер бірмен-бірі қосылысқанда қандай салмақ мөлшеріне қосылысады деген мәселені зерттеу үстінде 1803 жылы химияға эквивалент (ол кезде қосылғыштың салмақ) деген ұғым енгізді.

Элементтің химиялық эквиваленті немесе эквиваленттік факторы дегеніміз 1 моль атом сутекпен қосылыса алатын немесе химиялық реакция кезінде соның орнын баса алатын салмақ мөлшері.

Эквиваленттік масса дегеніміз заттың бір ғана эквивалентінің массасы, өлшемі г/моль.

Химияға эквивалент түсінігінен кейін эквивалент заңы енді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет