М. Ю. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінің директоры Искакова Сәулен Адырбекқызы



бет5/6
Дата26.06.2018
өлшемі139,44 Kb.
#44687
1   2   3   4   5   6

Мазмұны: Оқу және жазу механизмдері. Дыбыстық аналитикалық-синтетикалық әдісі. Әдістердің сипаттамасы. сауат ашу барысында жүргізілетін оқу сабақтарының түрлері; сауат

ашу сабақтарына қойылатын талаптар. Дыбыстық-әріптік сөз құрамы. Буын және тасымал. Екпінмен жұмыс. Сауат ашу кезінде оқушылардың тілін дамыту. Оқушылардың мектепке тілдік дайындығын үйрену. Сауат ашу сабақтарына қойылатын талаптар. Сауат ашу әдістемесін дамыту және жетілдіру (Д.Б. Эльконин және В.В. Давыдов, Н.А. Зайцев, Л.В. Занков, А. Кушнир және т.б. оқу).



Білімі мен түсінігі: сауат ашу әдістемесінің психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық негіздері; оқу және жазу механизмдері; сауат ашу әдістерінің классификациясы, дыбыстық аналитикалық-синтетикалық әдісі; сауат ашу барысында жүргізілетін оқу сабақтарының түрлері; сауат ашу сабақтарына қойылатын талаптар. Білімі мен түсінігін қолдана

білу: дыбыстық-әріптік сөз құрамын талдау және синтездеу тәсілдерін ажырата білу; сауат ашу сабақтарын қойылатын талаптарға сәйкес ұйымдастыру. Пайымдаулар: сауат ашу әдістемесінен жаңа мәліметтерді жинақтау және интерпретациялау. Коммуникативтілік: сауат ашу әдістемесіне тиісті ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдерді хабарлай алады. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: сауат ашу әдістемесі бойынша білімін жетілдіру мақсатында өздігінен дайындала алады.

1) сауат ашу әдістемесінің психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық негіздеріне сәйкес сабақтарды ұйымдастыра алуы; 2) оқу және жазу механизмдерін оқыту әдістерімен өздігінен жұмыс істеуге қабілетті болуы; 3) сауат ашу кезінде оқу сабақтарының әрқилы түрлерін ұйымдастыра алуы; 4) сауат ашу кезінде оқушылардың тілін дамыту тәсілдерін пайдалана алуы; 5) сауат ашу әдістемесін дамытуға және жетілдеруге қабілетті болуы.

40

BMTDA/MRRNSh 3224


б) Бастауыш мектепте тіл дамыту әдістемесі










Пререквизиттері: Қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі

Постреквизиттері:Педагогикалық шеберлік.

Мақсаты: Студенттерге тіл дамыту әдістемесінің психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық негіздерін, оқу дағдысын қалыптастыру жолдарын меңгерту.

Мазмұны: Оқушылардың тілін дамыту әдістемесі. Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі. Оқушылардың тілін дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесіндегі логикалық жаттығулар. Оқушылардың тілін жүйесіндегі синтаксистік жұмыс. Байланыстырып сөйлеу бойынша жұмыс жасау. Мәтіннің мазмұнын түсіну бойынша жүргізілетін жұмыс әдістемесі. Мазмұндама жазу әдістемесі. Бастауыш сынып оқушыларын шығарма жазуға үйрету жүйесі.

Білімі мен түсінігі: тіл дамыту әдістемесінің психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық негіздері; оқушылардың тілін дамыту әдістемесі; сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі; оқушылардың тілін дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесіндегі логикалық жаттығулар; оқушылардың тілін жүйесіндегі синтаксистік жұмыс. Білімі мен түсінігін қолдана білу: байланыстырып сөйлеу бойынша жұмыс жасау; мәтіннің мазмұнын түсіну бойынша жүргізілетін жұмыс әдістемесі; мазмұндама жазу әдістемесі; бастауыш сынып оқушыларын шығарма жазуға үйрету жүйесі; тіл дамыту сабақтарын қойылатын талаптарға сәйкес ұйымдастыру. Пайымдаулар: тіл дамыту әдістемесінен жаңа мәліметтерді жинақтау және интерпретациялау. Коммуникативтілік: тіл дамыту әдістемесіне тиісті ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдерді хабарлай алады. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: тіл дамыту әдістемесі бойынша білімін жетілдіру мақсатында өздігінен дайындала алады.

1) Тіл дамыту әдістемесінің даму тенденциясы мен қазіргі жағдайын, Қазақстандағы тарихи‑мәдени және тарихи‑әдеби үдерісті меңгеруге қабілетті болуы;

2) ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырғанда берілген коммуникативті жағдаяттарға байланысты іргелі білімдерді қолдануға қабілетті болуы;

3) Тіл дамыту кезінде оқу сабақтарының әрқилы түрлерін ұйымдастыра алуы; 4) Оқушылардың тілін дамыту тәсілдерін пайдалана алуы;. 5) Тіл дамыту әдістемесіне тілдік әдіс-тәсілдерді қолдану, филологиялық ақпараттарды жинауға, сақтауға және өңдеуге арналған ақпараттық технологияларды жүзеге асыруға қабілетті болуы.


41

BBZh/OS 3225


а) 12 жылдық білім беру жүйесі

3

5

6

Пререквизиттері: Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі

Постреквизиттері: Педагогикалық шеберлік

Мақсаты: 12 жылдық білім беруді педагогикалық ұйымдастыру; білім мазмұнында тиімді жаңа әдістерді іздестіру және оларды жүзеге асыру

Мазмұны:

12 жылдық білім беру туралы жалпы түсінік. Оқу пәні ретінде курстың нысаны, негізгі ұғымдары. Курсты оқытудың әдістері. Жалпы педагогикалық, білімдік, жеке пәндік жаңа технологиялар және олардың ерекшеліктері. Бастауыш мектепте қолданылып жүрген қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды топтастыру. Бастауыш білім берудің қазіргі заманғы жалпы педагогикалық технологиялары, оларға сипаттама және талдау жасау..



Білімі мен түсінігі: 12 жылдық білім беру жүйесі пәні бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу;

Пайымдаулар: педагогикалық тұрғыда ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинау

Коммуникативтік қабілеттілік: 12 жылдық білім беруге қатысты ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын қамтамасыз ету


1) оқу-тәрбие процесін жаңа талаптарға сай жетілдіруге қабілетті болуы; 2) білім беру жүйесінде жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыра білуі;

3) жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Балон процесінің параметрлерімен сәйкестендіріп, пайдалана алуы;

4) бастауыш сыныптарда педагогикалық технолоияны жаңа бағыттарда көрсете білуі.


42

BBMB/UShO 3225


б) 12 жылдық білім беруде мектеп басқару










Пререквизиттері: Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі

Постреквизиттері: Педагогикалық шеберлік

Мақсаты: Білім сапасын арттыру, жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру, білім беру жүйесіне жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.

Мазмұны:

12 жылдық білім беру туралы жалпы түсінік. Оқу пәні ретінде курстың нысаны, негізгі ұғымдары. Курсты оқытудың әдістері. Жалпы педагогикалық, білімдік, жеке пәндік жаңа технологиялар және олардың ерекшеліктері. Қазіргі кезде оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдеріне педагогикалық технологияны игеру қажеттілігі.



Білімі мен түсінігі: 12 жылдық білім беруде мектеп басқару пәні бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру:

Пайымдаулар: педагогикалық тұрғыда ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинау

Коммуникативтік қабілеттілік: 12 жылдық білім беруде мектеп басқару саласындағы проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын қамтамасыз ету

1) оқу-тәрбие процесін жаңа талаптарға сай жетілдіре білуі; 2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр пайдалана білуі;

3) жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын пайдалана алуы;

4) білім берудің сапа менеджмент жүйесіне көшуге қабілетті болуы; 5) бастауыш сыныптарда педагогикалық технолоияны жаңа бағыттарда көрсете білуі.


43

BMMTTT/TTMVNSh 3305

а) Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбие теориясы мен технологиясы

3

5

6

Пререквизиттері:

Постреквизиттері: Педагогикалық шеберлік.


Мақсаты: Студенттерге мектептегі музыка мұғалімнің күнделікті тәжірбиелік жұмысында кездесетін және өте қажет нақты да жүйелі музыка тарихынан, музыка-теориясынан білім белем беру, осы алған білімдерін музыкалық оқу-үрдісіне кеңінен дұрыс пайдалана білуге үйрету. Мазмұны: «Отандық және шетел тәжірибелерінде музыкалық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы» жайлы тақырыпта музыкалық теорияның негіздері мен қалыптасуының қайнар көзі, оның дамуы, қазақ халқының дәстүрлі және музыкалық педалогикадағы проблеманың зерттелу жайынан мағлұмат береді.«Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай музыкалық тәрбие» бастауыш және орта сынып оқушыларының психологиялық, педагогикалық сипаттамалары.

Білімі мен түсінігі: Музыкалық білім мен тәрбиенің атқаратын міндеттерін білу; Музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттердің түрлері мен олардың өзара байланысын білу;

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие берудегі Ш.Уалиханов,Ы.Алтынсарин,А.ҚұнанбаевА.Жұбанов сияқты прогресшіл қайраткерлердің еңбектерін қолдана білу;

Пайымдаулар: ТМД елдерінде музыкалық тәрбие берудің озат тәжірбиелерінің қолдану үрдісіне пайымдаулар жасау. Ресей, Украина, Белоруссия, Прибалтика, Өзбекстан, Қырғызстан және т. б.елдердегі музыкалық тәрбие беру жолдарына пайымдаулар жасау. Коммуникативтік қабілеттілік: Музыка мәдениетіне деген ынтасын, қызығушылығын қалыптастыру қабілеттілігінің болуы; Өздігінен білім алу қабілеттілігі: ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесінің айырмашылығын көрсету қабілеттілігінің болуы.

1) Музыка сабақтарында жаңа заманауи техниканы қолдана отырып музыкалық білім берудің тарихы мен теориясын түрлі әдістер арқылы өткізе білуі;

2) Музыка саласындағы ақпараттық технологияларды музыка сабақтарында дұрыс қолдана білуі; 3) Музыка ғылымына үлес қосқан озық ойлы ұлы музыканттардың тәжірибелерін өз сабақтарында қолдана білуі; 4) Бүкіл дүниежүзілік педагогика тарихы үрдісінің дамуына талдау жасап оны отандық және шетел музыкалық білімдерінің өзара байланыстарын салыстыра отырып, музыка сабақтарында пайдалана алуы; 5) Қазақстан мектептеріндегі музыкалық білім және әдістемелік бағдарламаларын қолдана білуі.




44

BHZhZhA/MRDH 3305


б) Балалар хормен жұмыс жасау әдістемесі










Пререквизиттері:

Постреквизиттері: Педагогикалық шеберлік.

Мақсаты: вокалды хор дағдылары: ән айту қалпы, тыныс алу, дыбыс шығару тәсілдері, дыбыстың шығу түрлерімен (қатаң және ұяң атака) танысу; оқу-үрдісіне кеңінен дұрыс пайдалана білуге үйрету. Білім алушылардың балалар хорының және қазіргі замандағы мектеп қабырғасындағы хор ұжымы туралы білімін жүйелендіру және тереңдету;

Мазмұны: Қазіргі қазақ балалар хорының даму процесі. ХХ ғасырдағы шетелдік, кеңестік және қазақстандық балалар әдебиетінің ерекшеліктері, даму тарихы. Студенттерде шығармаларды жоғары кәсіби деңгейде көркем орындау дағдыларын және хор ұжымымен жұмыс істеуге қажетті есту қабілеттерін, вокалдық-хор дағдылырын дамыту;

Білімі мен түсінігі: Музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттердің түрлері мен олардың өзара байланысын білу; Білімі мен түсінігін қолдана білу: Балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие берудегі Ш.Уалиханов,Ы.Алтынсарин,А.ҚұнанбаевА.Жұбанов сияқты прогресшіл қайраткерлердің еңбектерін қолдана білу;

Пайымдаулар: ТМД елдерінде музыкалық тәрбие берудің озат тәжірбиелерінің қолдану үрдісіне пайымдаулар жасау. Ресей, Украина, Белоруссия, Прибалтика, Өзбекстан, Қырғызстан және т. б.елдердегі музыкалық тәрбие беру жолдарына пайымдаулар жасау. Коммуникативтік қабілеттілік: Музыка мәдениетіне деген ынтасын, қызығушылығын қалыптастыру қабілеттілігінің болуы; Өздігінен білім алу қабілеттілігі: ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесінің айырмашылығын көрсету қабілеттілігінің болуы;

1) студенттерді шетел және қазақ сазгерлерінің хор шығармашылығының озық үлгілерімен, сондай-ақ халық әндері мен халық сазгерлерінің шығармашылығымен таныстыра білуі;

2) музыка саласындағы ақпараттық технологияларды музыка сабақтарында дұрыс қолдана білуі; 3) хормен ойдағыдай іс-тәжірибелік жұмыс жасау үшін студенттер жаттауға арналған шығарманы жан-жақты талдау жасауға машықтандыра білуі;

4) музыкалық – теориялық жағынан сараптай білу дағдысы, оның барысында форма ладотынальдік жоспар әуенінің сипаты мен метроырғақты құрылым, гармония, айтылу фактурасы, интервалика сияқты музыкалық мәнерлік құралдарын аша білуі;


45

PSh/PM 4306


а) Педагогикалық шеберлік

3

5

7

Пререквизиттері: Педагогика

Постреквизиттері:



Мақсаты: Болашақ педагог студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп, отырудың қажеттілігін қалыптастыру. Мазмұны: Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен мазмұны. Мұғалімнің кәсіби білімі - шеберлік негізі. Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі. Педагог сөзі ақпарат тарату және педагогикалық әсер ету құралы ретінде. Педагогикалық өзара қызметтестіктегі психологиялық кедергілер және оны жеңу жолдары. Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы ретінде. Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары. Сендіре білу тіл табысудың негізгі әдісі ретінде.

Білімі мен түсінігі: Тұлға дамуының психологиясы, тұлға дамуын зерттеу тарихы, тұлға дамуының қазіргі теориялары, адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеу әдісі.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Қарым-қатынас жасау ерекшеліктері бойынша дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу.

Пайымдаулар: Қазіргі кездегі қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар туралы пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;

Коммуникативтік қабілеттілік: Жеке тұлға психологиясы жөніндегі ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді

1) кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынастың қалыптасуы;

2) Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуін қалыптастыруы;

3) Бастауыш сынып мұғалімдерініңкәсіби шеберлігін қалыптастыруы;

4) Педагогика ғылымдары бойынша заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана алуы;

5) Педагогикалық шеберлік пәнінде меңгерген білімін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формаларында икемді де білікті қолдана білуі.



46

PP / PP 4306

б) Педагогикалық психология










Пререквизиттері: Педагогика

Постреквизиттері:



Мақсаты – педагогикалық психологияның тарихын, міндеттері, құрылымы және әдістерін жан-жақты меңгеру.

  • Мазмұны: педагогикалық психологиясының пәні мен міндеттері туралы; педагогикалық психологиясының тарихы мен кезеңдерін анықтау;

  • оқытуға деген тұлғалық–іс-әрекеттік тұрғыдан келудің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.




Білімі мен түсінігі: Білім берудің, оның субъекттері ретіндегі педагог пен шәкірттердің, оқу және педагогикалық іс-әрекеттің, оқу-педагогикалық еңбектестік пен қарым-қатынастың негізін ұйғарушы проблемалары ретінде қарастырылады.

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

педагогикалық психологиясының орындайтын функцияларын меңгеру болып табылады.



Пайымдаулар:

«Педагогикалық психология» пәні бойынша педагогикалық психологияның тарихын, құрылымы және әдістерін жан-жақты меңгеру.



Коммуникативтік қабілеттілік:

Педагогикалық психологияға қатысты идеяларды, өзекті мәселелерді және шешімдерді мамандарға да, басқа маман иелеріне жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.



Өздігінен білім алу қабілеттілігі:

Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді. Бастауыш сынып мұғалімдерін оқытуға деген тұлғалық–іс-әрекеттік тұрғыдан шығармашылық мүмкіндіктерін мен міндеттерін меңгерудің ролі мен маңызы.



1) педагогикалық психологиясының пәні мен міндеттеріне жан-жақты сипаттама беруге қабілетті болуы;

2) педагогикалық психологиясының тарихы мен кезеңдерін анықтай алуы;

3) оқу-педагогикалық еңбектестік пен қарым-қатынастың негізін аша білуі;

4) пәнді меңгертуде заманауи техниканы қолдана алуы.




47

BMDTTT/TTFVNSh 4307


а) Бастауыш мектептегі дене тәрбие теориясы мен технологиясы

3

5

7

Пререквизиттері: Дене шынықтыру. Постреквизиттері:

Мақсаты: Болашақ мамандық ерекшеліктерін ескере отырып, қолданбалы дене мәдениетін ұйымдастыру. Мазмұны: Дене тәрбиесінің ұлттық жүйесінің қалыптасуы. Қазақстанда дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің даму болашағы. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың дене мәдениеьтінің ғылыми-теориялық негіздері. Дене тәрбиесі жүйесі. Дене тәрбиесі құралдары: халық және қозғалыс ойындары, спорттық жаттығулар және ойындар, гимнастика, жүзу, қыстық және жаздықспорт түрлері. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жұмыстары. Дене жаттығуларының өзіндік сабақтары әдістемесінің негіздері.

Білімі мен түсінігі: Дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалысты дамытуда арналған бағдарламалық материалды шамамен бөлуді білу. Білімі мен түсінігін қолдана білу: Дене шынықтыру сабақтарында қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын пайдалану. Коммуникативтік қабілеттілік: Сабақ - дене тәрбиесінің мектептегі негізгі формасы Пайымдаулар: Дене тәрбиесінің жүргізу әдістері. Шағын кешенді ауыл мектептерінде жарыстар өткізу. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) Бастауыш сыныпта дене шынықтыру әдістемесін және оқыту жүйесін тиімді қолдануы; 2) Бастауыш сыныпта ұлттық ойындармен байланыстыра сабақ өткізуі. техниканы қолдануы; 3) Дене мәдениетін мектеп тәрбие жүйесінде қолдануы. 4) Педагогика бойынша заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануы.


48

BMUSKOOT/TONSPINSh 4307


б) Бастауыш мектепте ұлттық спорт қозғалыс ойындарын оқыту технологиясы










Пререквизиттері: Дене шынықтыру. Постреквизиттері:

Мақсаты: Студенттерге бастауыш сынып оқушыларының ұлттық спорт қозғалыс ойын әрекетінің ерекшелігін, оның түрлері, маңызы туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны: Бастауыш сыныпта ұлттық спорт қозғалыс ойындардың бала өміріндегі маңызы. Ұлттық спорт қозғалыс ойындарының түрлері мен негізгі ерекшеліктері. Бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздері. Ұлттық спорт тәрбие жүйесі. Дене тәрбиесі құралдары: ұлттық спорт және қозғалыс ойындары, спорттық жаттығулар және ойындар, гимнастика, жүзу, қыстық және жаздық спорт түрлері.

Білімі мен түсінігі: Бастауыш сыныпта ұлттық спорт қозғалыс ойындардың бала өміріндегі маңызы туралы білу.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Болашақ мұғалiмдер ұлттық спорт қозғалыс ойындар технологиясының түрлері мен негізгі ерекшеліктерін өз бетінше талдай бiлу.

Пайымдаулар: Балалардың қимыл-қозғалыс ойындарының ерекшеліктері, оның түрлері туралы білім беру, ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.

Коммуникативтік қабілеттілік: Ұтық спорт қозғалыс ойындары бойынша алған білімін дамыту .

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Студент ұлттық спорт бойынша қосымша білімдерін жетілдіруі үшін қосымша ақпарат көздерін пайдалануы керек. Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

  1. Бастауыш сыныпта ұлттық спорт қозғалыс ойындар технологиясын оқыту жүйесінде тиімді қолдануы;

  2. Бастауыш сыныпта ұлттық ойындармен байланыстыра сабақ өткізуі техниканы қолдануы;

  3. Ұлттық спорт қозғалыс ойындарды мектеп тәрбие жүйесінде қолдануы.

  4. Ұлттық спорт қозғалыс ойындарды бойынша заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана алуы;

  5. Дене тәрбиесі құралдары: халық және қозғалыс ойындары, спорттық жаттығулар және ойындарды ұйымдастыра және икемді де білікті қолдана білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет