М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет155/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
тағдырын ту қып ұстап, ерлікті асқақтата мадақтаған биік пафос-
ты үні сабасына түсіп, жаңа ақындық өнер арқылы күнделікті 
тіршілік-тің сан-саласына, жека адам өміріне, оның ісі мен қылығына 
қоғамдағы орны мен қызметіне үңілу»
[22, 35 б.] басымдық алды.
Тарихқа үңіле көз салғанда бұл дәуірде хандық дәуірдің азып-
тозғанын, бір кездегі асаудай еркін қазақ деген халықтың бодандық 
қамытына бойұсынып, біржола ресей отарына айналғанын көреміз. 
Сол хандық дәуірмен бірге жыраулардың да дәурені озып, ендігі 
жерде Шал, Көтеш, Арыстанбай, Орынбай, Шөже, Жанақ сынды 
жаңа кезең ақындары бой көрсетеді. Әрине олардың да өлеңдерінде 
өздері өмір сүрген уақыт пен қазақ қоғамының басынан өткен 
сан-қилы тарихи өзгерістер мен оқиғалардың шындығы айқын 
суреттелді. Заман сұлбасы, адам тағдыры, айтулы тұлғалардың 
асқақ образдары ақындардың шығармаларынан да мол көрініс 
тапты. Осының бәрін саралай келгенде қазақ әдебиетінде, оның 
ішінде ХV–ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясында ұлттық 
тарихымыздың бірқатар бел-белестері шынайы бейнеленгеніне куә 
боламыз. Ал қазақ әдебиеті тарихын зерделеу арқылы қазақ елі 
төл тарихын тануға дереккөз ретінде пайдалануға болады. Себебі, 
мәңгілікке бет алған елдің әдебиеті мен мәдениеті де, тарихы да 
мәңгілік боларына кәміл сенемін! Өйткені қазақтың ауызша тарихы 
академик А. Сейдімбек айтқандай, ұлт рухын тануға жол ашады. 
Қазақ әдебиеті тарихы сөз болғанда атақты Сүйінбайды аттап 
өту мүмкін емес. Ердің ерлігін, елдің елдігін жырлауда одан асқан 
ақынды табу да қиын. Сүйінбайдың 1847 жылғы жазда қырғыздың 
қырғи тілді шоң ақыны Қатағанды тізе бүктіріп, ойсырата жеңуі ел 
мерейін көтерген зор мәдени оқиға болды. Ақиық ақынның жырын-
да қазақ халқының барлық ру-тайпалары, елдің бүтіндігі мен бірлігі, 
азаматтардың ірілігі асқақтай сипатталады. Сүйінбайдың Қарасай, 
Наурызбай, Өтеген сынды сайыпқыран ерлерді жырлай отырып, ел 
рухын көтеріп, қазақ тарихына тағы тәу еткізер шағы қандай ғанибет!
Бөрілі байрақ астында –
Бөгеліп көрген жан емен!
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен!
Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым,
[34, 125 б.] 
– дейтін Сүйінбайдың сөздері де ақындық, батырлық ұранға ай-
налып кетті. Бөрілі байрақтың астарында қазақтың ғана емес, барша 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет