М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет178/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы

Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
173 
сай келгені жөн және ол өз пайдасын келтіретін қоғамның ұлттық 
мінезіне де бейімделгені дұрыс. Бұл шартқа келмейтін кез келген 
жаңалық зиян келтіреді және нормадан ауытқыған құбылыс ретінде 
тек емі жоқ қоғамдық аурулар мен ауытқуларды туғыза алады» [6, 
96–97 бб.].
Бұл жерде басқа дамыған елдермен салыстырғанда, дамудың 
төмен сатысында тұрған халық, сәби-халық жасалып жатқан 
реформалардың пайдасын дұрыс түсіне алмайды және олардың 
жүзеге асырылуына орынды көзқарас танытпайды. Әлеуметтік 
өзгерістерді жүзеге асырған кезде бұл оның пікірін өзіндік мәнінен 
айырып, басым ете алмайды, дәл солай артықшылыққа ие таптардың 
да пікірі ондай бола алмайды, өйткені олар – «шынайы халық 
мұқтаждықтарының теріс көрінісі» [6, 78 б.].
Ш.Ш. Уәлиханов өзінің әлеуметтік философиясының басты пос-
тулатын негізге алады: партикулярлық мүдделер, оларды кім айтса 
да – билер, хандар, шаруалар немесе қайсыбір сословие – бүтіндіктің 
мүддесінен, бүкіл қазақ қоғамының мүддесінен биік бола алмайды. 
Бүкіл ұлттың мүдделері кез келген сословиенің мүддесінен жоғары 
тұруы тиіс.
Мұндай ұстанымның болмауы қазақ даласында реформалар-
ды жүргізген ресейлік әкімшілігін қателіктер мен кемшіліктерге 
ұрындырды. Ш.Ш. Уәлиханов Даланы басқарған ресейлік әкімшілік 
жергілікті тұрғындардың мүддесі мен мұқтаждығын елемейтіні 
туралы батыл айтты. Қазақ халқына қамқор болмауды дағдыға 
айналдырған әкімшілік сұлтандарды, билерді, атақты адамдар-
ды, оларды ел қалай бағалайтынына қарамай, өзінің күнделікті 
қызметінде тіреу етіп алып, «үстем табы «қара бұқара» қаламайтын, 
олардың мүддесіне қажет емес» өзгерістерді енгізумен болды [6, 81–
82 бб.].
Әңгіме қазақ халқының прогресивті дамуына қатысты болғанда, 
Ш.Ш. Уәлиханов ресейлік империяның құрамына кірген басқа 
халықтар мен ұлыстардың арасында қазақ халқының әлеуметтік 
прогреске жету үшін ең қолайлы алғышарттары мен жағдайлары 
бар екенін жақсы білген. Сан жағынан да, әл-ауқаты жағынан да, 
прогресивті дамуынан үміт күттіретіндер де қазақтар, олардың бо-
лашағы бар. Олар бейбітшіл және төзімді, Уәлихановтың айтуынша, 
бүкіл орта азиялық сауданы қазақ халқы жүзеге асырып отыр. Өзінің 
менталитеті мен дүниетанымы бойынша олар – жаңалыққа ашық 
халық және Алтын Ордадан шығатын тарихымен, орыс халқымен 
тығыз байланыста. Сондықтан да қазақ ағартушысы Ресеймен одақта 
болса өз халқының болашағы жарқын болатынына сенді.


174


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет