М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет175/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы
Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
заңдар мен актілерді енгізгенде, шалғай өңірлерді басқару үдерісіне 
түсіністік пен жанашырлықпен емес, көбінесе, елемей, жақтырмай 
қарады.
Ресейлік империя, өз территориясына кіретін және славяндар-
дан қатты ерекшеленетін әртүрлі «бұратана» қауымдастықтарының 
конгломераты болғандықтан, Уәлиханов, ең әуелі, өлкенің ерек-
шелігін, әсіресе қазақтардың менталитетін, ұлттық сана-сезімін
шаруашылық құрылысы пен тұрмысын ескеру туралы мәселені 
көтерді. Егер ондай білім болмаса өлкені әкімшілік басқару 
жөніндегі шаралардың бәрі мәнсіз болмаса да, сәтсіз аяқталар еді, 
өйткені ресейлік топырақтан қазақ жеріне тікелей әкелінгендіктен 
және оның ерекшеліктерін ескермегендіктен олар зиянды болатын.
«Зорлықпен танылған, құрғақ теорияларға негізделген неме-
се басқа халықтың өмірінен алынған реформалар, – деп жазады
Ш.Ш. Уәлиханов, – осыған дейін адамзатқа ең үлкен апат әкелген
[6, 
79 б.].
Ш.Ш. Уәлихановтың қазақтардың дәстүрлі билер сотын әйгілі 
қорғауында, оның Даладағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі 
тарихи орындылығы мен өзекті пайдалануын негіздеуінде бұл 
ұстаным-ның ерекше өткірлігі мен пайымдылығы анық байқалады. 
Билер соты және оны қолдану туралы мәселені жан-жақты 
қарастырғанда ол, Қазақстандағы модернизациялық үдерістерге 
сай келетін са-модержавиелік үкіметтің прогресивті форма ретінде 
ұсынған бітістіруші соты бірқатар өлшем бойынша билер сотымен 
салыстырғанда регрессивті болатынын дәлелдеп береді. Жалпы, 
дәстүрлі заңдар Ресейдегі, Қытайдағы, ислам Шығысындағы елдер-
ден әлдеқайда адалдыққа жақын болып шығады. «Қазақ заңдарында, 
– деп жазады Ш.Ш. Уәлиханов, – ең жаңа европалық кодексте сіресіп 
тұрған ескертетін, қорқытатын шаралар жоқ. Қырғыздарда тән жаза-
сы ешқашан болған емес. Ру заңы бойынша, туыстардың бірінің ісін 
бірі жауап беретін руластық жағдай ру қатынасында іс жүзінде көп 
пайда келтіріп отыр»
[6, 94 б.]. 
Оның Қазақстанда «халықтық реформаларды» жүргізудің 
өзіндік түсінігін баяндауының, зерттеу мүддесінің әдіснамасының 
кілті – абстрактілі емес, бүтін, мазмұны нақты ұстанымында 
еді. Мұндай ұстанымда зерттелетін заттың мәнін, оның пайда 
болу жолын, оның пайда болуына әсер еткен алғышарттар мен 
жағдайларды, оның даму мақсатын, оның қалыпты қызметі үшін 
қажетті нәрсені түсініп, зерттеу қажет еді. Бұл әдіснама ұзақ уақыт 
бойы философияның ішінде жасалып, ақыры германдық трансцен-
дентализм философиясында шарықтау шегіне жетеді. Қоғамдық-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет