М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет173/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы
Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
идеологиялық дамуындағы атеистік кезең мұндай пікірді одан әрі 
асқындырып жіберді. 
Егер XIX ғасырда Ш.Ш. Уәлиханов қазақтың ақылы мен жүре-
гіне терең бойлаған исламды көрмесе, онда XIX ғасырдың екінші 
жартысындағы, толығымен ХХ ғасырда, ХХІ ғасырдың жиырма-
сыншы жылдарында оның тарихында, мәдениетінде, әлеуметтік-
экономикалық жағдайында болған революциялық өзгерістердің 
ықпалымен оның тіпті болуы да мүмкін емес қой. Жалпы қазақ 
халқы исламға төзімділікпен, дұрыс қарайды. Ол жоғарыда айтылған 
ислам формасына енген дәстүрлерді жалғастыруда, бұл оның діни 
тәжірибесінен, салт-жоралғыны орындауынан, мысалы сүндетке 
отырғызу, жерлеу т. б. діншілдігінен көрініс табады.
Ш.Ш. Уәлиханов бүгінде әлі өзекті, дүниетанымымыз үшін 
қажет, өйткені ол алғашқы болып қазақтардың дүниетанымының 
мәнісі туралы, оның діншілдігінің сипаты туралы мәселе көтеріп, 
бұл құбылыстарды терең ұғынуға шақырды. Ал кеңестік әдебиет жар 
салғандай ол атеист болды ма? Оның исламды сынауы жаугершілік 
материализм сипатында ма? Сондай-ақ, оның ағартушылық қызметі 
дінге қарсы сипатта болды ма? Біз бұл сауалдар төңірегінде қайта ой-
ланамыз, бірақ оларға жауапты Қазақстанның ең жаңа тарихы, оның 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы контекстінде іздейміз.
Қазақ ағартушысының бүкіл шығармашылығы мен қызметі – 
«пәк сәби күйіндегі» аңғал халық арасында дін қызметкерлері та-
ратып жүрген надандықпен аяусыз күресі, халқына ғылыми білім 
беріп, адам ойының алып жаңалықтарын көрсетіп, мешеуліктен 
қалай да алып шығам деген қажырлы ой-арманы. Оның «өткенді 
ойлап, болашақтың қамын жеу» деген өмірлік ұстанымына қарап, 
оның дүниетанымы – болашақтың үні, Қазақстанның қазіргі 
әлеуметтік-гуманитарлық дамуының мақсатына, яғни жоғары зият-
ты ұлтты қалыптастырып, білімді қоғам құрамын деген ұмтылыс. 
Демократиялық даму жолындағы Қазақстанның алдында тұрған 
бұл міндеттерді Ш.Ш. Уәлихановтың ағартушылық дәстүрін жалғас-
тыру және ары қарай дамыту ретінде қарастыруға болады.
Ш.Ш. Уәлихановтың осылай ұғынылған ағартушылық мақсаты 
мен ұстанымдар бағдарының қазақ Даласын лайықты дәулет пен 
білімге жеткізу үшін жасалатын өзгерістердің тетіктері жөніндегі 
мәселе көтеруі заңды еді. Бұл, ең әуелі, Далада исламды бюрократтық 
түрде енгізу мәселесіне тікелей тірелетін халыққа білім беру жүйесін 
құру шаралары, сондай-ақ, дала өлкесін ұтымды, жүйелі басқаруға 
мүмкіндік беретін өзін-өзі басқарудың бастауларына негізделген 
әкімшілік басқару шаралары. Бұл мәселелер Ш.Ш. Уәлихановтың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет