М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет170/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы

Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
165 
адамгершілікті дамуын жаңа деңгейге көтермеді, іс жүзінде оны па-
рамен, өтірікпен, екіжүзділікпен және «жабайы ырымшылдықпен» 
бұзды [6, 100–103 бб]. 
Ш.Ш. Уәлиханов Даладағы ислам дінбасыларының әлеуметтік 
рөлін сынаған жалғыз адам емес. «Бұл заманның молдалары хакім 
атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлки, бұзық пиғыл, 
әл-инсан ғәдду ләма жәһилгә хисап. Олардың шәкірттерінің көбі 
біраз ғарап-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас 
үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, 
жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады 
«һай-һой!» менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді» [10, 
124 б.], – деп жазған ұлы Абай да осы ойды айтқан.
Бірақ, шығармашылығында халыққа білім беру мен халықты 
ағарту ісінде исламды діни институт ретінде енгізудің рөлдік және 
функционалдық қырлары басым Ш.Ш. Уәлихановқа қарағанда, 
Абайдың әлеуметтік философиясында ислам діні сынға ұшырайтын 
мұндай сыртқы көрінісінен ғана қарастырылмайды, ол басқа – терең 
метафизикалық тұрғыда қарастырылады. Ол адами болмысты 
құдіреттің биігіне көтеріп, адамды адамгершілікке жат айыптардан 
арылтып, әділ, шын және ізгі өмір сүруге мәжбүрлейді. 
Ш.Ш. Уәлихановтың татар молдалары мен орта азиялық мис-
сионерлерін, олардың уағыздарын қатаң сынағанына қарап, оның 
қасаң қағидалы, адамды топас қылатын исламға қарсы шыққанын 
байқаймыз, өйткені ислам діні қоғамның жаңа рухани күшіне айна-
луы тиіс еді. Демек, қазақ қоғамының қоғамдық санасына енгізіліп 
жатқан исламның дәл осындай түрін ол құптамайды, өйткені ол діни 
қызметкерлердің білімді «алтыншы ғасырдағы көшпелі арабтардың 
ырымы»[6, 102 б.] деңгейінде қасаң қағидалар түрінде қалай 
уағыздағанын көрген еді. Сондықтан да болар Даланың реформато-
ры қызбаланған сезіміне ерік беріп, табандылықпен былай деп жа-
зады: «Бірақ біз, кез келген білімге жаны қас дінге үкіметтің қамқор 
болмауын, үрей мен ұрып-соғуға негізделген теологиялық заңдарды 
далаға зорлықпен енгізбеуін өтініп, талап етеміз» [11, 74 б.].
Жоғарыдағы пікірлерге қарап, Ш.Ш. Уәлиханов діни мәдениет 
пен діндарлықтың кез келген түріне қарсы болған немесе ол ате-
ист болған деп айта аламыз ба? Немесе ол пұтқа табынушылықтың 
өзгеше жаңа түрін жақтаған ба? Ш.Ш. Уәлиханов өзінің ой стихия-
сында еркін еді, ол – еркіндікті жақтаушы және догмалық ойлаудың 
кез келген түрі мен көрінісіне қарсы. Өз халқының мәдениетінің 
нағыз өкілі ретінде тәңірілікті – «нәрестелік күй» кешкен адамға 
өмірлік, рухани қуат беретін күш деп білген және ондай күш белгілі 


166


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет