М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет166/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы

Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
161 
Ш.Ш. Уәлихановтан бұрын ресейлік ғылыми қауымда да, 
батысевропалық шығыстануды айтпағанда, орыстың шығыстану-
ында да ешбір адам мұндай мәселелерді көтермеген еді. Олар 
«қырғыздар шаманизммен араласқан Мұхаммед дінін ұстанады» 
деген қарапайым дерекпен шектелетін. Мұндай деректі білетіндер 
қалыптасқан пікірдің тар шеңберінен шықпайтын, ал бұл қазақ 
қоғамы қаншалықты ислам дініне берік және қандай исламды 
ұстанады деген сұрақтарға жауап іздеуге мүмкіндік те бермейтін. 
Ш.Ш. Уәлихановтың пікірінше, мұндай сұрақтарға жауап ал-
май, әлеуметтік прогреске қарай жылжу үшін қоғам мен жеке 
адамның қоғамдық санасы мен дүниетанымын қалай өзгертуге бо-
латынын түсіну де мүмкін емес. Өзгеретін нәрсенің мәнісін ұғынбай 
өзгерістерге қалай, қандай құралдар арқылы жетуге болады де-
ген сауалдарға жауап алу мүмкін емес, яғни өзгерістің үдерісін де, 
оның тәсілдерін де, түрлері мен мақсатқа жету жолдарын да зерттеу 
мүмкін болмайды. 
Ш.Ш. Уәлиханов қазақ қоғамы үшін қандай дүниетаным тән 
болған және оның когнитивтік, құндылықтық-мәндік маңызы неде 
деген сауалдарды қойғанда, мұндай анықтаманы берген кезде оның 
мазмұнын да таратып ашып беру керек деген өзіне тән пікірін 
айтады. Дегенмен де, қазақтар мұсылман деп айтатындардың 
ешқайсысы қазақтардың дүниетанымында бақсылықтың араласу 
қандай сипатта болғанына мән бермеген. Ал бұл, оның пікірінше, 
өте маңызды мәселе, өйткені аталған құбылыс ол кезде ашық 
жатқан және зерттелуі кем кеңістік болатын, онда белгісіз нәрселер, 
қара дақтар, жабық жерлер көп еді, бір таңқаларлығы олар қазірге 
дейін сақталып отыр.
Қазақтардағы шамандықтың (бақсылықтың) бір ерекшелігі 
оның қазақ дүниетанымына етене сіңіп кетуінде және ол 
монғолдарда сияқты буддизмнің әсерімен теріске шығарылып, 
сырттап қалған жоқ. Керісінше, ол «исламдық» деп анықталатын 
дүниетанымның өзегіне, дүниетанымдық негізіне айналды. 
Ш.Ш. Уәлихановтың пікірінше, қазақтарда шамандық салт-сана 
«мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ – мұсылман атты 
дінді құрайды. Қазақтар әуелде Мұхаммедті білмей тұрғанда да 
Алла мен аруаққа бірдей табынды, мұсылман әулиелерінің басы-
на құрбандық шалып, бақсылардың құдіретіне де сенді, пайғамбар 
ұрпақтары қожаларды да құрмет тұтты. Халық отқа табынды, ал ша-
мандар болса онгондармен қатар, мұсылмандардың періштелерін 
де шақырып, Алланы да мадақтады» [7, 49 б.].
Татар және орта-азиялық дінбасылардың миссионерлік 
қызметінің арқасында Сперанский басшылық еткен ресейлік 


162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет