М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет164/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы

Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
159 
Ресейдің әлеуметтік прогреске қатысты ең маңызды сауалдар-
ға рухани-адамгершілік және гносеологиялық жауаптар іздеу 
шеңбері, Ш.Ш. Уәлихановтың патриархалдық-феодалдық қазақ 
қоғамында әлеуметтік прогреске жетудің жолдары мен тәсіл-
дерін іздеуінен қайта көрініс табады. Қазақ халқын ғасырлар 
бойы созылған мешеуліктен құтқарып, озық ғылым деңгейінде 
білім беріп, тұрмысын жақсартып, қоғамдық-экономикалық 
қатынастардың прогресивті түрін орнатамын деген өз ұмтылысында 
ол озық ресейлік қоғамдық-саяси ойдың реформациялық сары-
нына еліктейді, өзінің айналасындағы ресейлік достарының ең ізгі 
деген ниеттерінен үлгі алады. Көшбасшы ретінде әрі әлеуметтік 
дәрежесіне, білімі мен мәдениетіне сай Ш.Ш. Уәлиханов дәстүрлі 
қазақ қоғамын реформалаудың өзекті мәселелерін шешуге тиіс бо-
латын.
Дала өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуының, қоғамдық 
қатынастарының, дүниетанымының, қазақтардың дәстүрлері мен 
әдет-ғұрыптарының ерекшеліктері мен қыр-сырлары бар екенін 
дәлелдей отырып, ол Ф.М. Достоевскийдің «топырақшылдық» және 
Г.И. Потаниннің «облысшылдық» идеяларына жақын еді. Қазақ 
халқының мүдделерін қорғай отырып, ол алпысыншы жылдардың 
озық идеялар рухына жақын болды, өз отандастарын батыстық 
өркениет пен европалық мәдениетке бейімдеу үшін барын салуға 
дайын тұрды. Десек те, европалық мәдениетті қанша құрмет тұтса да 
ол өз халқының адал ұлы болып қалды, оны жан-тәнімен сүйді және 
оған қызмет етуді өмірлік мақсатына айналдырды.
Батыстың қоғамдық-саяси тарихы көрсеткендей, ондағы мәдени 
және әлеуметтік-саяси дамудағы маңызды өзгерістер идеялардың 
дамуы мен ауысуы негізінде жүзеге асып отырды – Қайта өрлеу 
дәуірі (Ренессанс), Реформация, Ағарту (Просвещение) және т. б. 
Шын мәнісінде олардың тарихы зияткерлік тәрбие беру, терең 
ой қызметімен айналысудың тұрақты машықтарына үйрету, 
мәдениетті, білім беру және ағарту дәстүрлерін дамыту мектебі бо-
латын, бұлардың бәрі сақталған жағдайда идеялар елді де, қоғам мен 
мемлекетті де өзгертер еді. Бұрын П.Я. Чаадаев Батыста идеялардың 
қуаты қоғамды алға сүйрегенін, ал сол идеяларды ұстанатындар сол 
идеялардың жалауына айналатынын ресейлік қоғамға көрсетіп бер-
ген еді. Оның айтуынша, ол жақта сенімдер мүддеден туындамайды, 
керісінше, сенімдер мүдделерді негіздеп, туғызады, сондықтан да ол 
жақта болып жатқан революциялардың бәрі рухани революциялар 
еді. Ақиқатты іздеген ақыл иелері еркіндікке де, қоғамның дәулеті-
не де қол жеткізген. Дәл осыған байланысты П.Я. Чаадаев өзінің 


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет