М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет167/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы
Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
әкімшіліктің қазақ даласына әкелген исламның формасы,
Ш.Ш. Уәлихановтың пікірінше, қазақ халқы үшін жат еді. Ол ха-
лық арасына тамырын тереңге жібере алмады, өйткені біріншіден, 
«мұсылман заңдарын қырғыздар ешқашан қабылдамаған және олар 
сахараға сыртқы бұйрықтардың бюрократиялық кереметтерімен 
қоса үкіметтің бастамасымен келді» [6, 99 б.]. Екіншіден – қазақ 
ағартушысы жазғандай, қазақ халқының көпшілігі қараңғы, сау-
атсыз және діндарлардың біразы да зиятты білімінің деңгейімен 
ерекшеленбейді, сондықтан, Кітаптың дінін де, мәдениетін де олар 
мазмұнына емес, сыртына қарап, жеңіл қабылдады. Сондықтан, 
Ш.Ш. Уәлихановтың пікірінше, Құранның Сөзі далалықтар үшін ой 
ретінде емес, тәңіріліктің көне ұғымдарын жасырып тұрған әуезді 
дыбыс, түсініксіз сөздер тізбегі ретінде қабылданды [7, 49 б.]. 
Ол, сенім негіздері «мұсылмандық жалғыз құдайшылықтан 
соққы алған» қазақтардың исламды үстірт, формалды, сырт-
тай қабылдағанын және олардың сенім негіздері шынайы мәнді 
түрде қабылданатын дінге айналмағанын мойындады. Ұлтының ең 
көрнекті өкілінің анықтамасы бойынша, қазақ халқы «екі сенімді 
ұстану» жағдайында өмір сүрді және тарихи таңдаудың алдында 
тұрды, ол туралы ол былай деп жазады: «Қазіргі кезде ескілік пен 
жаңашылдықтың көзге көрінбейтін күшті күресі жүріп жатыр: 
шығысқа еліктеуші мұсылмандықтың және орыстың» [8, 303 б.].
Көне Даланы мекендеп, көшпелі өмір сүру салтымен «кәміл тұ-
тастығында» және «байланысында» шамандық идеяны сақтап келе 
жатқан қазақтардың «бақсылық» дүниетанымын қалайша сипат-
тауға болар еді?
Т. Карлейльді қайталай келе Ш.Ш. Уәлиханов та шамандықтың 
идеясы – адамның табиғат күштерін көріп таңдануының аса биік 
түрі – табынуы және ол жалпы да, жеке де алып қарағанда табиғатты 
«құрметтеуі», «аялауы» болып шығады деген пікір айтады. Мұндай 
дүниетанымда табиғат өзінің сезімдік әсерін ғана көрсетпейді, со-
нымен қатар ол – адамның сарқылмас және тұрақты таңдануын 
шақыратын рухтандырушы өмірлік бастау. Ол – өмір мен өлімнің 
жұмбағын жасырған құпия, әмбебап ғарыштық болмыстың ғажабы, 
адамның өмірлік күш-қуатының қайнар көзі. Бұл контексте, «қазір де, 
бұрын да таңдану адамдарды философиямен айналысуға шақырады» 
дегенді айтқан, соған сүйеніп, ары қарай, ол – танымның бастауы 
және адамға әлемді ашатын ақиқатты тануға деген ұмтылысының 
қажырлы күш-қуаты деген Аристотель еске оралады [9, 69 б.]. 
Бұл дүниетанымның ішіндегі адамның өзі – тағы бір ғажап. 
Біріншіден, бұл өмірде ол – өзі «уақыт сияқты мәңгі, ол өзі көк аспан, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет