М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет184/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы
Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
деген сұраққа ол Ш. Уәлихановтың «Сот реформалары жазбалары» 
шығармасында айтылған ойларға барынша жақын тұрғыда жауап 
береді. Тарих пен қоғамдық құбылыстың өзара байланысы пробле-
маларын шешуде, дамыған қоғам құрудың дұрыс жолын таңдауда 
Алтынсарин бірінші кезекте ғылым мен ағартудың күшіне үлкен 
үміт артты.
Қазақтарға қажетті озық іс-әрекеттердің бірі деп ол оты-
рықшылыққа көшу мен жер өңдеумен айналысу керектігін тани-
ды. «Қырғыз даласындағы аштық мәселесі» деген мақаласында 
ол қоғамдық прогресті объективті, заңдылықты құбылыс ретінде 
түсіндіреді. Алтынсариннің пікірінше, қазақ қоғамы табиғи 
түрде дамып, шаруашылықтың ескі сатысынан, қоғам дамуының 
жаңа басқышына көтеріледі, ал бұл өз кезегінде еш күштеу мен 
мәжбүрлеусіз жүретін болады, себебі, «табиғат заңдарында жас ба-
ланы бірден ересек адамға айналдыру тәжірибесі жоқ» [2, 100 б.]. 
Алтынсариннің осы ойлары Добролюбовтің «өмірдің де табиғат 
секілді өзіндік логикасы бар» [3, 25 б.] деген пікірімен үндес, оның 
өз заңдары бар. Адам өмір ағымына өзінің субъективті қажеттілікте-
рін күштеп таңа алмайды. «Прогрессивті даму» идеясын, немесе, 
Алтынсариннің сөзімен айтқанда көшпелілердің отырықшылық 
пен егіншілікке өтуінің «табиғи жолын» ол қоғамның бір сатыдан 
екіншісіне қарай дамуы кезектестікте жүретіндігімен және әрбір 
саты өз бетінше прогрессивті құбылысты білдіретіндігімен байла-
нысты деп санайды. Қоғам өмірі заңдылықты даму процесін көрсе-
теді. «Адамға жақсылыққа ұмтылу тән», бұл «жаңа, табиғи жолмен 
жүретін қатынастардың құрылымына қарай бет алу, ұмтылу – біз 
прогресс деп атап жүрген нәрсенің баршасының мәнін қамтиды...» 
[2, 100 б.]
.
Алтынсариннің шығармашылық мұрасымен танысу оның 
қоғамның экономикалық және рухани өмірі мәселелеріне деген 
көзқарастарының дұрыс екендігін көрсетеді. Ол өз заманына сай озық
дүниетанымды меңгерген ғалым болды. Егер оның өмір сүрген қазақ 
қоғамының экономикалық және мәдени деңгейін еске алар болсақ, 
оның саяси терминологияның мәнін ұғынып, меңгеруінің өзі 
(социа-
лист, капиталист, саясат, экономика, рухани қажеттіліктер, прогресс, 
өркениет және т.б.)
ойшылды өз ортасынан бөлектеп тұрғандай. 
Алтынсарин патша өкіметінің өзге халықтарға қатысты зия-
нын көре білді. Осыдан келіп, ол қазақтарды отырықшыландыруға 
мәжбүрлеу шаралары қарастырылатын патша шенеуніктері 
құрастырған жобаға қарсы тұрды. Тұтас халықтың тұрмысын 
олардың өмір сүруінің табиғи жағдайларымен санаспай мәжбүрлі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет