М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет187/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
181 
танылған таным нәтижелері олардың қоршаған ортада бағдар ала 
білуіне жағдай жасауы тиіс деп санады. Бұл көзқарасты ол былай 
тұжырымдайды: «Қай кезде болмасын, бір істі бастар алдында ой-
мен жұмыс бастауға ұмтылыңыз. Ал ойыңыз бір шешімге тоқтаған 
кезде, оған көз жеткізіңіз; тек ақылмен шешіп, бұл істің орындала-
тынына көзіңіз жеткеннен кейін ғана тіліңіз бен қолдарыңызға ерік 
беріңіз» 
[5, 52–54 бб.]. Білімнің өзін Алтынсарин табиғаттың затта-
ры мен құбылыстары туралы ілімдер ретінде қарастырды, білімнің 
объектісі табиғи дүние деп есептеді.
 Ол 
адамның тану қабілеті мен 
халықтардың шығармашылық мүмкіндіктеріне терең сеніммен қа-
рады. Алтынсарин көпшілік үшін «шынайы білімдер мен пайдалы 
ғылыми ақпараттар бере алатын» 
[6]
 
прогрессивті әдебиеттермен 
жарақтандырылған алғашқы кітапханаларды да ұйымдастырды.
Қазақтарды «беймәлім құпияларды
біліп, өмірді тануға» мүмкіндік 
беретін білімдерді меңгеруге шақыра отырып, ол жастар бойында 
ғылымға деген қызығушылықты, еңбексүйгіштікті
қалыптастыруға 
ерекше көңіл 
бөлді. Сөйтіп, оларға білімнің әлеуметтік әділетсіздік-
пен күресте күш беретіндігін талмай түсіндіріп, алдыңғы қатарлы 
идеяларды сіңіре білді. 
Өзінің «Залым төреге», «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен», 
«Таза бұлақ» және басқа да шығармаларында ол әлеуметтік әді-
летсіздіктің себебін ашып, оларды ең алдымен надандықпен байла-
ныстырады. Ол «Залым төреге» өлеңінде:
Ай, тақсыр, бұл дүние өтер, кетер,
Мал иесі де артыңнан қуып жетер.
Жарлылар да бір табар әділ қазы,
Таразылар күн болса, арыз етер!..
– дейді.
Оның танымдық көзқарасы барлық уақытта да білімге деген 
түсінігінен туындап жатты. Ол 1883 жылы Торғайдағы қолөнер мек-
тебін ашу кезіндегі сөйлеген сөзінде: «Бізді табиғатынан ақылды, 
іскер халық деп санайды, біз болсақ бұл пікірдің рас екенін іс жүзінде 
көрсете білуіміз қажет. Табиғи ақыл тек оны қоршағанды ғана қамти 
алады, ал оны дамыту мен көрмегенді білуге қабілетті ететін тек зия-
лы білім ғана» 
[2, 80–82 бб.] – деп тұжырымдайды өз ойын.
Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзақастары ерек-
ше құндылыққа ие. Мәселен, оның «Жаз» және «Өзен» өлеңдерінде 
жазушы табиғат сұлулығын ерекше бояулармен, күмістей таза аққан 
суды, көк орман мен көк аспанның қанық бояуын шебер суреттейді. 
Ағартушылық мәселесіне қатысты еңбектері мен хаттарында жазу-
шы қазақ балаларына музыка, сурет сабақтарын оқыту проблемала-


182


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет